Мазмұнға өту

«Тәрбие – тал бесіктен»

Жетписова Гульнуз 3 мин оқу 89 оқылым

Алматы қаласы

«Тұран» университетінің курс 2 студенті

Жетписова Гульнуз

Тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімінен құрышын қандырып, ана сүтінен нәр алып, «Әке ұлағаты» мен «Ана тағылымын» көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін, елінің болашағын, халқының қамын ойлайтын, жоғын жоқтайтын, парасатты, ой—өрісі кең, дүниетанымы жоғары, жан—жақты, білімді де білікті, ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.

Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, яғни, қоғамға, өзі—өсетін тіршілік ортасының мүшесі болады. Адам дүниеге келісімен өзі көріп отырған адамдардың іс—әрекетіне, қимылына, ас ішуіне, жүріс—тұрысына, сөйлеуіне, ойнауына, әңгімелесуіне таңдана қарап, өзі де сол көргендерді есту мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» — дейді халық. Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасы, отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек. Баланың көп уақыты отбасымен бірге өтеді. Сондықтан да, ата—ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап және қадағалап отыруы керек. Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса, өскенде сол тәрбиенің ізімен баруы сөзсіз. Отбасындағы барлық адамдардың іс—әрекетіне, бала тәрбиесіне бірінші әсер ететін орта. Бала сол ортаға қарап өседі. Сол үшін балаға отбасындағы тәрбиені қоғамдық ортаға байланыстыра отырып берген адам ұтады. Отбасылық құндылықтар – ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың негізі. Ал психологиялық—педагогикалық тұрғыдан алғанда құндылықтар адамның жеке тұлға ретінде өз өміріне деген жауапкершілігін қалыптастыру, рухани әлемін байыту, әрбір адамның ерекшелігін түсіндіру, адамдар арасындағы жағымды қарым—қатынастардың маңыздылығын көрсету үшін қолданылады. Сондықтан әр ата—ана баланың отбасылық құндылықтарды толық меңгеруіне мүмкіндік жасағаны абзал. Отбасындағы құндылықтарды бағалай алмаса, адам ұлттық құндылықтарды да құрметтемей өтуі мүмкін. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөз де осы ойдың дұрыстығын меңзейді.

Тәрбиенің қиындықтары көп, сол қиындықтан қашпаған ата—ана ғана саналы тәрбие бере алады. Отбасындағы өзара қарым—қатынастың дұрыс болуы, бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінің өте маңызды екені белгілі. «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара» дегеннің терең мәні бар. Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл—кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі—өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат—міндеттерімен байланысты болуы керек. Баланың жақсылығын да, жамандығын да, жемісі мен жеңісін де көретін ата-анасы! Қай заманда болсын, ата—ананың басты арманы – баласының инабатты, ізетті, еңбексүйгіш, ержүрек, адал, қайырымды болуы. Тәрбиенің түп тамыры – ұлтты қадірлеу, ұлттық әдет—ғұрыпты дамыту, ұлттық дәстүрді жандандыру, ұлтаралық достық қарым—қатынасты нығайтуға үйрету. Сабақ та, тәрбие де осы бағытта болса ғана баланы ортаға қарап тәрбиелеген боламыз, сонда ғана оның адамгершілігі қалыптасады. Адамды құрметтеуге тәрбиелеуіміз қажет.

Қазіргі мақсатымыз «Мәңгілік Елдің» ертеңгі болашағын ойлайтын азаматтарды тәрбиелеу. Халқымыздың ұлы ақыны Абай баланың өмірді танып—білуіне, оның бойында қалыптасар барлық қасиеттеріне бір жауапты адам ата—ана дей келе: «Балаға, көбінесе, үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Осылардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе сонысынан жұғады» деуінде үлкен тәрбиелік мән жатыр.

Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі – бала тәрбиесі – егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс—тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс—тәжірибесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:08

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Жетписова Гульнуз

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Іскерлік журналистика: Экономикалық ақпараттың күшті құралы

Іскерлік журналистика – бұл экономикалық, қаржылық, корпоративтік және кәсіпкерлік тақырыптарға арналған журналистиканың арнайы бағыты. Қазіргі ақпараттық қоғамда экономикалық процестерді түсіндіру, бизнес саласындағы…

Жетписова Гульнуз 22 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Мамандық таңдау – болашақты талдау

Мамандық… «Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» -дегенді білдіреді екен. Бірақ болашағымызбен тікелей байланысты бұл сөздің бұлай аударылатынын қазіргі жастардың көбісі біле…

Жетписова Гульнуз 44 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Абай қара сөзіндегі адамгершілік тәрбиесі

Ұлы дала туғызған бірегей тұлға – Абай Құнанбайұлы. Дана Абайдың мол мұраларының ішінде шоқтығы биік, ерек мұрасы – қара сөздері. Белгілі ғалым Құлмат Өмірәлиев: «Абай қарасөздерінде адамгершілік тақырыбы жан-жақты,…

Жетписова Гульнуз 230 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 798 оқылым 4 мин