Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·7 орын қалды 7 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 40 оқылым

Қанат Аружан Ерболқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1 курс студенті
Жетекші: Сайлан Б.С

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі:
Қазақстан тарихындағы маңызды бетбұрыс
1986 жылғы Желтоқсан көтерелісі – Қазақстан тарихында ұлттың өз болмысын сақтап қалуға бағытталған күрестің бір айқын тарихи көрінісі. Кеңес Одағы тұсында жүргізілген саяси және мәдени саясаттың әсерінен қазақ халқы өз мүдделерінің ескерілмеуіне, ұлттық намыс пен ерекшеліктерінің жойылуына наразылығын білдірді. Бұл оқиға, ел бойынша таралған ұлттық наразылық толқыны ретінде, әділеттілікке қол жеткізу қадамы және тәуелсіздікке жол ашушы маңызды кезең ретінде бағаланады.

Көтеріліс себептері мен тарихи контекст
1980-жылдың екінші жартысында Кеңес Одағында ішкі саяси өзгерістер белең алған болатын. Қазақстанда ұлттық мәдениет пен тіл мәселері өзекті бола бастаған кезеңде, орыс шенеуніктердің ел басқаруына араласуы қазақ халқының наразылығын тудырды. Сол жылы Кеңес Одағының жоғарғы басшылығының Қазақстанның жетекшілігін қамтамасыз ету мақсатында, кеңестік жүйеге сай келмейтін шешімдер қабылданды. Олардың ішінде ең маңыздысы - Алматы қаласында жаңа басшы ретінде Геннадий Колбиннің тағайындалуы болды, ол қазақ қоғамында «басқа халықтың басшысы» деген ұғымды күшейтіп, ұлттық болмысқа нұқсан келтірді. Бұл шешімнің нәтижесінде студенттер, жастар және жұмысшылар арасындағы наразылық кең көлемді әлеуметтік қозғалысқа айналған еді. Өйткені бұл іс-қимыл ұлттық болмысты таптайтын және әділетсіздікті айқын көрсететін қадам ретінде түсіндірілді.

Оқиғалардың барысы
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі Алматы қаласында басталды. Қала көшелерінде ұйымдастырылған көтеріліс пен митингтерде жастар, студенттер, азаматтар әділетсіздіктің орын алғаны мен теңдіктің жойылуына өз наразылықтарын білдірген болатын. Бұл оқиға бір емес, бірнеше күнге созылған күрес болды. Көтеріліс барысында халық өз даусын көтеріп, ғасырлар бойғы жиналған ұлт мұрасын қорғауға және болашақ ұрпаққа әділетті ел қалдыруға деген ұмтылысын білдірді. Алайда, мемлекеттік билік осы наразылықтарға жауап ретінде қатаң шараларды қолданғанымен, көтеріліс халықтың бірлігі мен тұтастығын айқындады

Көтерілістің тарихи маңызы мен терең мағынасы
1986 жылы Қазақстандағы Желтоқсан көтерілісі бүкіл әлемдік өзгерістерге жол ашты десек, артық айтпаймыз. Кеңес Одағының ыдырауы, социалистік лагердің құлдырауы, коммунистік идеологияның құлдырауы – қысқасы, бүгінгі бүкіл жаңару, демократиялану, тәуелсіздік және оны нығайту жолындағы жұмыстардың бастауы дәл 1986 жылы Желтоқсан көтерілісінен басталғанына дәләл бола алады. Осы оқиға арқылы мемлекет
және оның азаматтары бір-біріне деген сенімділік пен құрметті қайта қалыптастыруға ұмтылды. Әрбір азамат өз дауысын көтеріп, әділеттілік үшін күресуге дайын болуы керек деген ұстаным, сол кездегі көтерілістен кейінгі қоғамның негізгі құндылықтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, оқиғаға қатысушылардың естеліктері мен суреттері де архив материалдары ретінде жинақталып, оқиғалар тарихын сақтап қалуға үлкен үлес қосты.

Қорытынды
Қорытындылай келе, Желтоқсан көтерілісі – тек саяси наразылық қана емес, қазақ халқының ұлттық санасының қайта жаңғыруы ретінде бағаланды. Оқиға барысында халық өз тамырына, мәдениетіне және дәстүріне деген сүйіспеншілікті қайта еске түсіріп, Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресіне әсер етіп, ұлттық бірегейлікті нығайтуға себеп болды.

Соңғы жаңарту: 10 қараша 2025, 17:19

Авторы
Қанат Аружан Ерболқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Университет

Әдебиеттер тізімін ГОСТ бойынша рәсімдеу: 20 дайын үлгі

Әдебиеттер тізіміндегі қате бірден көзге түседі: қиғаш сызық жоқ, бет аралығы түсіп қалған, сайттың қаралған күні жазылмаған. ГОСТ 7.1–2003 мен ГОСТ 7.0.5–2008 талаптарын, мәтіндегі сілтемені, тізімді реттеу тәсілдерін және 20 дайын үлгіні бір жерге жинадық.

Bilimger Media 13 мин
Университет

ӘОЖ коды (УДК): не үшін керек және мақалаға қалай анықталады

ӘОЖ коды мақаланың ең бірінші жолында тұрады, бірақ студенттер оны жиі қате таңдайды. Жүйенің құрылымын, көмекші белгілерді, жиі пәндерге үлгі кодтарды, МРНТИ-ден айырмасын және кодты өз мақалаңызға анықтаудың 6 қадамын түсіндіреміз.

Bilimger Media 10 мин
Университет

Магистрант жарияланым талаптары: қанша мақала, қайда және қашан

Магистрантқа қанша мақала керек, қай басылым есептеледі, қашан жариялау керек? Талапты ЖОО ережесі, кафедра және ғылыми жетекші анықтайды. Нұсқаулықта жарияланым түрлері, екі жылдық жоспар, ресми тізім үлгісі және кафедраға қоятын сұрақтар бар.

Bilimger Media 10 мин
Университет

Аннотация үлгісі: қазақ, орыс, ағылшын тілінде қалай жазылады

Ғылыми мақала мен дипломдық жұмысқа аннотация жазудың толық нұсқаулығы: бес бөліктен тұратын құрылым, көлемі, кілт сөздер, бір мақалаға қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі дайын үлгі, сөйлем клишелері және машиналық аударманың жиі қателері.

Bilimger Media 12 мин