«Қазақ хандығының құрылуы»

Қазақ хандығының құрылуы туралы қысқаша дерек
Қазақ хандығы қай жылы құрылды?
Оның құрылуына қандай тарихи себептер болды?
Қай жерде құрылды?
Алғашқы хандары кім?-деген сияқты сұрақтарға бүгін жауап беретін боламыз.
Қазақ хандығының құрылуы?
Қазақ хандығы XV-ғасырдың ортасында,яғни 1465 жылы құрылған болатын.
Қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәңібек.Олар 1457 жылға дейін Әбілқайыр хандығында(Көшпелі Өзбек Мемлекетінде)өмір сүрген.
Олардың құрамында 90-нан аса ру тайпалары болған.1456-1457 жылдары, Әбілқайыр хан Ойрат тайшысы Үз-Темірден Сығанақ түбінде, жеңіліп қалады.Осының салдарынан Әбілқайыр өзінің қалаларын тастап,Дешті Қыпшақ жеріне қайтуға мәжбүр болады.Ойраттардан жеңілді, өзінің хандығында көтерілістер көп орын алды,алым-салықтар көбейіп кетті,халықтың өмір сүру деңгейі нашарлап кетті.Осының салдарынан Керей мен Жәңібек және басқада ру тайпалары Әбілқайыр хандығынан бөлініп кетіп,Моғолстан мемлекетіне қоныс аударады.
Ол жылдары Моғолстан мемлекетінің ханы Есен-бұға,Керей мен Жәңібекті құшақ жая қарсы алады. Есен-бұға Керей мен Жәңібекке Жетісудың батысын, яғни Шу мен Талас өзен аңғарларынан жер береді.
Осының салдарынан Көптеген ру-тайпалары Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығады.
Керей мен Жәңібек Шайбани Ұрпақтарымен соғыса келе өздерінің дербес Тәуелсіз Мемлекетін құрайтын болады.Ал 1465 жылы Шу мен Талас өзенінің бойында,Қозыбасы деген жерде Керей мен Жәңібек Қазақ хандығын құрады.
Қазақ хандығының алғашқы хандары!
Қазақтың алғашқы ханы- Керей хан.
Керей ханның мемлекетті басқарған жылдары (1465-1474).
Керей хан тарихта қазақ хандығының негізін қалаушы тұлға ретінде қалыптасты.
Керей ханның қалай қайтыс болғаны жайлы нақты дерек болмады.
Әз-Жәңібек(1474-1480)
Жәңібек хан-Қазақ хандығының негізін қалаушыларының бірі.
Қазақ хандығында Бұрындықтан ханнан кейін Әз-Жәңібектің ұрпақтары таққа отыра бастайды.
Әз-Жәңібек ханның қайтыс болғаны туралы нақты дерек жоқ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *