АҚЫЛДЫ ОЙЫНДАР

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің конспектісі
Білім беру салалары: Таным, Коммуникация:
Тақырыбы: «Ақылды ойындар»
Мақсаты:
1.Білімділігі:
Балалрдың жаңаша ойлау, көрнекі ойлау, яғни стратегиялық ойындар арқылы жаңаша ойлауын арттыру. Ой — өрісін кеңейту, білімге деген құштарлыққа, ізденімпаздыққа танымдық ойын арқылы жетелеу, білімдерін, қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Өз ойын тез тұжырымдай білуге, жылдам, дұрыс шешім қабылдай білуге баулу. Ұжым намысын қорғауға ізденушілікке, тапқырлыққа.
2.Коррекциялығы: Интеллектуалды ойындарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой — өрісін дамыту.
3. Тәрбиелігі: Сондай-ақ салыстырмалы түрдегі үлкен-кіші, алыс-жақын, аз-көп ұғымдарын біледі, ұқсас бөлшектерді айырады, үш өлшемді фигураларды анықтайды, пішіндерден кескін құрастырады, ортақ бөліктерді көре біледі. Ой қиялдарын шарықтата отырып, өз нұсқасын жасайды.Балалардың 4 визуалды қабылдау, яғни заттың түсін, пішінін, мөлшерін, көлемін, бағытын біліп, үйренеді
Әдіс — тәсілдер: Интерактивті тақта мен слайд к-рсету,сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, — ойын,әңгімелесу, ғажайып сәт.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта арқылы қысқ мезгілі жайлы слайд, үлестірмелі құралдар, сұрақтар, түрлі — түсті бейджиктер арқылы топқа бөлу, Интеллектуалды ойындар: «Памелла»,
«Кенди Кәмпиттері», «Мозайка» ,«Сиқырлы пішіндер», «Рондо Варио – Қөңілді жұлдыз құрттар мекені».
Билингвальдік компонент: Қыс – Зима, қар – снег, орман – лес.
Іс-әрекет кезеңі:Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Ұйымдасыру кезеңі: Тәрбиеші:
Сәлеметсіндер ме балалар!
Бүгінгі күнімізді бір бірімізге жақсы көңіл сыйлаудан бастасақ:
Балалар шеңбер бойына тұрып,төмендегі өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды. Балалардың жауабы.
Мотивациалық қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Қайырлы таң ұстазым!
Қайырлы таң достарым!
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық

Доброе утро учитель!
Доброе утро друзья!
Посмотрите друг на друга
пожелайте добра
Good morning. Good morning.
Good morning. to you!
Good morning. Good morning.
We glad to see you!
2. Сұрақ – жауап:/интерактивті тақтаны қолдана отыра/
Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар:– Бір жылда 4 жыл мезгілі бар.
Тәрбиеші: Атап айтқанда, қандай төрт жыл мезгілі?
Балалар: – Олар қыс, көктем, жаз, күз.
Тәрбиеші: — Қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: — Қазір Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: — Қыс айларын атап беріңдерші
Балалар: — желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар, міне біз ойлау қабылетімізді шыңдап алдық.
Тәрбиеші: — Балалар сендерге осы интеллектум кабинетіндегі ойындар ұнайды ма?
Балалар: -Иә
Тәрбиеші : — Ал бүгін мен сендерді тағы бір жаңа ойындармен таныстырығым келіп отыр, ойнаймыз ба ?
Балалар: -Иә.
Тәрбиеші: Ендеше әр қайсын мына үстелдін үстіндегі түрлі – түсті бейджиктерді таңдап, белгіленген үстелдерге отырсандар болад.
Тәрбиеші: — Балалар интеллектум ойындары, ол қандай ойындар кім айтады?
Балалар: — Ақылды ойындар,
Тәрбиеші: — дұрыс айтасындар ол ақылды ойындар, бұл ойындар біздің ой – ұшқырлығымызды, ойлау қабылетімізді , тілімізді дамытады, тапқырлыққа, шыдамдылыққа баулиды, және саусақ мотрикасынын дамуына да жақсы әсер етеді екен. Ал, онда іске сәт балалар ойнымызды бастайық.
Тәрбиеші. — Ойындарды таңдасандар, мен сендерді ойын ережелерімен Тәрбиеші : таныстырып өтейін.Әр үстелге жеке барып ойын ережесін түсіндіре отыра, сұрақ- жауап алып отыру балалардан. (Музыка жетелеумен)
1. Мынау «Памелла» ойыны .
Тәрбиеші: -Балалар мына суретте не бейнеленген?
Балалар: -Алма бағы
Тәрбиеші: — Иә осы алма бағындағы не өсіп тұр?
Балалар: — Алма ағашы,
Тәрбиеші — Жақсы, алманың пішіні қандай ?
Балалар: — домалақ,
Тәрбиеші — Ал түсі қандай?
Балалар: — Қызыл
Тәрбиеші: — Дұрыс, енді осы алмаларды мына жәшіктерге, шеберлікті, ептілікті, жылдадықты танытып мына жәшікке жинау керек.
Мен мына құм сағатын қоям , осы құм сағатты тоқтаған кезде сендерде ойынды аяқтайсындар.
Ал енді нәтижесін көрейік, кім канша алма жинады екен, коп жинаған бала жеңімпаз атанад.
Тәрбиеші: — келесі ойын: «Кенди Кәмпиттері» ойнын ережесі балалар, зейндерінді шоғырландыруды, жылдамдықты, қырағырлықты талап етеді, бұл ойында үш дойбы бар, әр дойбы түрлі түсті нүтелемен белгіленген, мысалы дойбыны шайқап лақтырдым қызы, қоңыр,сар түстер түсті .
Енді балалар сендер кәмпиттерден осы үш түсті тауып алуларын керек, кім көп кәмпит жинайды сол жеңімпаз болад.
Тәрбиеші: — Ендігі ойын «Сиқырлы пішіндер» ойыны әр түрлі пішіндерден берілген карточка бойынша сол сұлбалар мен бейнелерді құрастыру керек. Мысалы мен қолыма мына карточканы алдым, онда не бейнеленген балалар?
Балалар: — тасбаққа ,
Тәрбиеші: — Иә енді осы тасбақаның пішінің түстерімен сәйкестендіре отыра, жинап шығу керек.
Сергіту сәт:
Бойынды тік ұста
Емін еркін тыныста
Оң қолынды соз алға
Қол ұшына қарада үш бұрыш сыз ауада
Сол қолын босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тыңбастан
Тәрбиеші: — келесі ойын «Рондо Варио – Қөңілді жұлдыз құрттар мекені» деп аталад, осы ойын барысында балар қиялданып жұлдызды құттар мекендейтін жасыл шалқанда болғандай сезім алад.
Тәрбиеші: — Балалар мау суретте не бейнеленген?
Балалар: — Жұлдызқұрт
Тәрбиеші: — Иә, дұрыс айтасындар , ойын шарты зейін ұшқырлығын, жылдамдықты талап етеді және қол мотрикасын дамытады, бұл ойында да балалар дойбы бар, дойбыны лақтыра отыра түскен пішін арқылы жұлдыз құртты жинақтаймыз, ал енді ойн ережесі түсінікті болса ойынымызды жалғастырайық.
Рефлексиялық- түзетушілік
Тәрбиеші: -Балалар,бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?
Балалар: -Иә.
Тәрбиеші: -Көңіл-күйіміз қандай?
Балалар: — жақсы.
Тәрбиеші: — Ойындар сендерге ұнады ма? Қай ойын қызықты болды сендерге?
Балалардың жауабы.
Қорытынды:
Орындайды: Интеллектуалды ойындарды біледі, ойнайды.
Түсінеді: ойын ережелерін, заттарды кеңістікте орналастырады.
Меңгереді: Интеллектуалды ойындардың ережелерін, сұрақтарға жауап береді;

Тәрбиеші: — Балалар осымен оқу қызыметімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болайық!
Балалар: — Сау болыңыздар !

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.