Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның көз қарасы

Елубаева Жанерке Жамбылқызы
Тұран Университтеті
Журналистикалық факульттет
тележурналист


Мүмкіндігі шектеулі адамдар – қоғамның ажырамас бөлігі екені анық. Олар да өзге адамдар сияқты білім алуға, еңбек етуге, еркін жүріп-тұруға, қоғамдық өмірге белсенді араласуға толық құқылы. Алайда шынайы өмірде бұл құқықтардың толық жүзеге аспай отырғаны жасырын емес.

Қазақстанда ресми деректер бойынша 730 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген, бұл ел халқының шамамен 3,6%-ын құрайды. Олардың ішінде 400 мыңға жуығы еңбекке қабілетті жаста. Алайда осы топтың тек шамамен 30–35%-ы ғана тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл-әр екі адамның бірі өз әлеуетін толық пайдалана алмай отырғанын білдіреді.

Көп жағдайда кедергі адамның денсаулығында емес, қоғамның өзі қалыптастырған көзқараста жатыр. Мәселен:қолжетімсіз инфрақұрылым, қоғамдағы стереотиптер, жұмыс берушілердің сақтығы немесе білім беру жүйесінің дайын еместігі – осының бәрі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың толыққанды өмір сүруіне бөгет жасайды.

Мысалы:еліміздегі әлеуметтік нысандардың бәрі бірдей бейімделген емес. Сарапшылардың бағалауынша, кей өңірлерде ғимараттардың тек 60–70 пайызы ғана жартылай немесе толық қолжетімді. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш одан да төмен. Қарапайым мектепке, ауруханаға немесе әкімдік ғимаратына кірудің өзі үлкен мәселе болып отырғаны анық.

Жәнеде қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі мүгедект адамдардың коғамда өмір сүру.Толығырақ айтсам айналамызда мүгедек адамдарға көп жағдай жасалмағаны анық.Қоғамдық көліктерде көбіне мүмкіндігі шектеулі адамдар мен ата-аналарға қиындық туып жүргені белгілі жайт.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық база қалыптасқан. Ел БҰҰ-ның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын ратификациялаған. Мемлекет әлеуметтік төлемдер, арнайы қызметтер, оңалту шараларын қарастырады.

Алайда заң мен нақты өмір арасындағы алшақтық әлі де байқалады. Көптеген кәсіпорындар бұл квотаны формалды түрде орындайды немесе мүлде сақтамайды. Ал инклюзивті білім беру жүйесінде де проблемалар бар: бүгінгі таңда мектептердің барлығы бірдей ерекше балаларды қабылдауға дайын емес екенін көріп жүрміз.

Мысалы:Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шамамен 60 пайызы ғана инклюзивті біліммен қамтылған, қалған бөлігі арнайы мектептерде немесе үйде оқиды. Бұл олардың қоғамнан оқшаулануына,қарапайым адамдармен араласуына кедергі тудырады.

Бірақ уақыт өте келе қоғамның пікірі өзгеретіні анық.Қазіргі таңда еліміздегі ірі Астана,Алматы,Шымкент сынды қалаларында инклюзивті білім беретін мектептерсаны артып келеді.

Бүгінде елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 200 мыңнан астам бала бар, олардың 60 пайызға жуығы инклюзивті білім беру жүйесіне қарастырылған.Көптеген мектептерде арнайы жағдайлар жасалып, пандустар орнатылып, бейімделген сыныптар ашылуда.

Кейбір білім беру орталықтарында арнайы педагогтар, психологтар, логопедтер жұмыс істейді. Бұл мамандар балалардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, олардың білім алуына ғана емес, әлеуметтік бейімделуіне де ықпал етеді. Соның нәтижесінде ерекше балалар қатарластарымен бірге оқып, қарымқатынас жасау дағдыларын меңгереді, қоғамға бейімделу деңгейі артады.

Мәселен тәжірибе көрсеткендей, инклюзивті ортада оқыған балалардың әлеуметтік дағдылары 2 есе жылдам қалыптасады, ал оқшауланған ортада білім алған балаларда бейімделу процесі әлде қайда ұзаққа созылады.

Бұл-инклюзияның тек білім беру емес, тұлғаның толыққанды қалыптасуына әсер ететін маңызды фактор екенін дәлелдейді.сонымен қатар инклюзия тек мектептермен шектелмеуі керек,ол балабақшадан бастап,жоғарғы оқу орындарына дейін, одан әрі жұмыс орындарында да бұл қағидат жүйелі түрде іске асуы қажет.

Қазіргі таңда Қазақстанда бірқатар жоғары оқу орындары мүмкіндігі шектеулі студенттерге жағдай жасап, арнайы бағдарламалар енгізіп отыр. Дегенмен бұл тәжірибе әлі де кеңінен жүзеге аспай тұр.

Қорытындылай келе инклюзия-жай ғана саясат немесе бағдарлама емес. Ол қоғамның адамға деген көзқарасын айқындайтын өмір салты. Егер әрбір азамат өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінсе, онда бұл – шынайы инклюзивті қоғамның қалыптасқанының белгісі.

Оставьте комментарий

Прокрутить вверх