Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

11-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары

Акипова Сания Казезтаевна
6 мин оқу 758 оқылым

Қазақ тілі тест сұрақтары 11-сынып оқушыларына лексика, грамматика және оқылым бойынша білімін қайталап, тексеруге көмектеседі.

11-сынып

11-сынып қазақ тілі тест сұрақтары: лексика және грамматика

Лексикалық–грамматикалық

  1. Синонимдік жұпты көрсетіңіз.

А) Сабырлы, шыдамсыз

В) Жуас, момын

С) Бет, көз

Д) Аласа, кең

Е) бай, кедей

  1. Мақалды аяқтаңыз: Ер қанаты - ... .

А) шапан

В)ерлік

С)жолдас

Д) мал

Е) ат

  1. 60 - 70-тей адам жиналды деген сөйлемдегі сан есім түрін белгілеңіз.

А) реттік

В)жинақтық

С)болжалдық

Д) топтау

Е) есептік

  1. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.

А) сандықша

В)кітаптар

С)жерлерге

Д) дәстүрмен

Е) адамда

  1. Жай сөйлемді табыңыз.

А) Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді.

В)Ауыл тауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді.

С)Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді.

Д) Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді.

Е) Жаз шыққанда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады.

  1. «Невада-Семей» қозғалысының президентін табыңыз.

А) С.Әбдильдин

В)Амантай қажы

С)О.Сүлейменов

Д) М.Шаханов

Е) Р.Сейсембаев

  1. Меңгеруді көрсетіңіз.
    А) Жолаушылар келді
    В)Мектеп үйі 
    С)Сыныпта отыр 
    Д) Таулы өлке 
    Е) Үнді шайы
  1. Қай сөйлемде есімше кездеседі?
    А) Мен сабақ оқыдым
    В)Мен сабақ оқып отырмын. 
    С)Сабақ оқу керек. 
    Д) Мен сабақ оқыған жоқпын. 
    Е) Ол сабақ оқыды.
  2. Атақты «Менің Қазақстаным» әнін жазған композиторды көрсетіңіз.

А) Ш.Қалдаяқов

В)А.Жұбанов

С)Е.Брусиловский

Д) Н.Тілендиев

Е) М.Төлебаев

  1. Одағайды табыңыз.

А) мүмкін

В)сірә

С)құрау-құрау

Д) тарс

Е) әрине

11. Тек жуан буынды сөздер қатарын анықтаңыз.

А) Сабақ, қала, тақырып.

В)Тіл, сөйле, көрік, кеме.

С)Күнделік, дәптер, терезе.

Д) Мұғалім, шәкірт.

Е) Бүгін, мен, үй.

12 Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.

А) Өйткені.

В)Сонда да.

С)Біресе.

Д) Бірақ.

Е) Әйтпесе.

  1. 13. Күрделі бастауышты көрсетіңіз.

А) Күн жылынды.

В)Жаңбыр құйып кетті.

С)Оқушылар мектептен қайтты.

Д) Өтеген он төрт жаста.

Е) Астана қаласы – Қазақстанның бас қаласы.

14 Бірыңғай езулік дауыстылары бар сөздерді белгілеңіз.

А) желтоқсан

В)заңгер

С)жұмыс

Д) орман

Е) мұғалім

15 Түбір сын есімді белгілеңіз.

А) Қысқы

В)Үлгілі

С)Жақсы

Д) Ақшыл

Е) Көкшіл

16 Құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.

А) Жалаң.

В)Жайылма.

С)Толымсыз.

Д) Толымды.

Е)  Салалас.

17 Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

А) Одан жақсы сөз естісе де, артына қарамай кетіп қалды.

В)Жанында әкесі болғандықтан, шешіліп сөйлей алмады.

С)Не ексең, соны орасың.

Д) Аспанды жапқан бұл сиреп, жұлдыздар көріне бастады.

Е) Оқуды бітірген соң, мамандығымен жұмыс істеді.

18 Етістіктің рай атауын көрсетіңіз.

А) Қысаң.

В)Келер.

С)Болымды.

Д) Қалау.

Е) Өткен.

19 Ашық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Ай, ас, мал.

В)Үлкен, ұзын, қызық.

С)Аспан, жайлау, жер.

Д) Орман, тоғай, күз.

Е) Дала, жаға, сары.

20 Тәуелденіп септелген сөзді табыңыз.

А) Орманға.

В)Баласын.

С)Дәріханалар.

Д) Көбелек.

Е) Ағамдар.

Оқылым тапсырмалары: мектеп формасы

Оқылым

Мектеп формасы

Оқушының оқушы екендігін білдіретін нышан ретінде арнайы мектеп формасы болады.

Мысалы, бұрын оқушы қыздар қызыл қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағып жүрген. Үйлеріңізде әжелеріңіздің ескі суреттері сақталған болса, тағы да бір үңілулеріңізге әбден болады.

Кейінірек қыз балалар мереке күндері қызыл қоңыр түсті көйлектерімен ақ фартук тақса, қарапайым күндері қара фартук киіп, бастарына бантик байлап жүретін болды.

Көйлектердің жеңі мен жағасы қарапайым ғана безендірілген және оны тағып жүру міндетті саналды.

Кейінірек қыз балалар ақ көйлек пен қара белдемшелер, ұл балалар ақ көйлек пен қара шалбар киетін болды. Мойындарына көк галстук, көк пилотка киген мыңдаған бөбектер мектеп табалдырығын аттап жатты.

2006 жылдан бастап, бірыңғай мектеп формасына көшу туралы заң қабылданғаннан кейін, мектеп формасы бір жүйеге келтірілді.

Қазіргі күндері қазақстандық мектеп оқушылары бірыңғай мектеп формасын киеді. Ол міндетті болып саналады. Киімнің бірыңғай формасы, біріншіден, мектеп оқушысы деген нышанды білдіреді; екіншіден, тәртіптілікті көрсетеді. Оның ықшамды, қолайлы, сәнді болуы ескерілген.

21. Мәтінде қай заманның мектеп формасы жайлы айтылып отыр?

А) тәуелсіз Қазақстанның

В)кеңес дәуіріндегі

С)ХХ ғасыр басындағы

  1. Мереке күндері мектеп формасын ауыстырудың қандай қажеттілігі бар?

А) қажет емес

В)қуанышты, салтанатты білдіреді

С)күнделікті киімді кию керек

  1. Сол кезеңде тағып жүру міндетті болып саналды

А) қызыл қоңыр көйлек пен ақ фартук

В)ақ көйлек пен қара белдемше

С)қарапайым безендірілген жаға мен жең

  1. Бірыңғай мектеп формасына көшу туралы Заң қабылданды

А) 1991 жылы

В)2006 жылы

С)2016 жылы

  1. Мәтінде айтылған «біріншіден, екіншіден» сөздерінені білдіреді?

А)  ойдың кімнен шыққанын

В)күмәнді, сенімсіздікті

С)ойды санамалап айтуды

Мәтін бойынша тапсырмалар: «Жақсылық пен жамандық»

Жақсылық пен Жамандық

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты.

Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында арпалысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.

Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен - үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше - неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп сұрады атасынан.

Жасы 70-ке жеткен ата немересіне күлімдеп қарады да:

"Ол иттерім," деді, "мен үшін екі таңба, балам."

- Ненің таңбасы?

- Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттерге ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.

Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп:

"Қалай ойлайсыз, осы күресті қайсысы жеңіп шығады екен?"

Атасы балаға қүлімдеп қарап:

"Қайсысы дейсің ба, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем - сол!"

Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

  1. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

А) Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.
В) Жақсылық ұмытылмас.

С)Жақсылық пен жамандық егіз.

  1. Мәтінде қандай антоним есімшелер бар?

А) жақсылық пен жамандық

В) ақ  пен қара

С)жеңген мен жеңілген

  1. Бұл әңгіме атаның қандай қасиетін көрсетеді?

А) қулық

В)жомарттық

С)даналық

  1. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

А) Күрес болса,онда жеңген мен жеңілген де болуы керек.

В)Мен қайсысына көп тамақ берсем–сол.

С)Ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады.

  1. «Мен қайсысына көп тамақ берсем – сол» деп кім айтты?

А) Атасы

В)Немересі

С)Автор

Тест тапсырмаларын орындауға кеңес

Алдымен әр сұрақты мұқият оқып, өз жауабыңызды белгілеңіз. Оқылым бөлімінде мәтіннің негізгі ойы, деректер мен кейіпкерлердің пікіріне сүйеніңіз. Соңында жауаптарыңызды қайта қарап, қиналған тақырыптарды қайталаңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл тест кімге арналған?

Тапсырмалар 11-сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен білімін қайталап, тексеруге арналған.

Жинақта қандай тапсырмалар бар?

Лексика мен грамматикаға қатысты сұрақтар, сондай-ақ мәтінді түсініп оқуға арналған тапсырмалар берілген.

Тестті қалай пайдалануға болады?

Сұрақтарға өз бетіңізше жауап беріп, белгісіз тақырыптарды сабақ материалдарымен қосымша пысықтаңыз.

Ұқсас материал

Ұқсас материалдар

Соңғы жаңарту: 18 қазан 2026, 21:55

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Акипова Сания Казезтаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 18 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 195 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым