Үй жануарлары.

Тобы: «Айгөлек»

Тәрбиеші: Ескалиева Динара Кабдрахимовна

Білім саласы: «Коммуникация»

Кіріктірілген білім саласы: «Шығармашылық», «Таным»

Білім бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы:  Үй жануарлары.

Кіріктірілген оқу қызметі: «Аппликация», «Құрастыру», «Музыка».

Мақсаттары: Балаларға үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір- біріннен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Олардың бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақ мақал-мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ -жауап арқылы балалардың тілін дамыту.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, қайталау, көрнекілік әдістері.

Көрнекілік: Үй жануарлары қой, сиыр, түйе, ешкі, жылқы, ит, мысық суреттері. Малдан алынған өнімдер: Сүт, айран, құрт, ет, жүн. слайд, үйдің, қораның макеті, ойыншықтар үлестірмелі суреттер.

Биллингвизм: сиыр-корова-соw , Жылқы- лошадь -horse ,

қой-овца- -sheep, Түйе-верблюд- cameI

 

Оқу қызметінің түрлері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Ұйымдастыру.

Сезімін ояту.

— Балалар, бүгін біз үшін ерекеше күн, өйткені бізге қонақтар келіпті.

— Алдыменен біз келген қонақтармен амандасып алайықшы.

«Амандасу-адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»- дегендей:

Қайырлы таң-көк аспан,

Қайырлы таң- алтын күн,

Қайырлы таң – жер ана,

Қайырлы таң –апайлар,

Қайырлы таң –достарым.

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Балалар, ауа райы қандай болып тұр?

— Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

 

 

Балалар өлең жолдарын айтып қонақтармен сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

 

 

— көктем

-күн жылынады

— жер көгереді, құстар келеді, жаңбыр жауады, малдар өріске шығады

Ұйымдастыру-ізденістік    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекивтік түзетушілік

— Балалар адамдар күнделікті тіршілік етіп өмір сүретін баспанасын қалай атаймыз?

— Үй қандай бөліктерден тұрады?

 

— Үй бөліктері  қандай  геометриялық  пішіндерге        ұқсайды?

— Балалар дұрыс айтасыңдар                                               енді      алдымыздағы       тұрған  үйдың неше  терезесі  бар екенін санайық

— Балалар алдымызда тұрған үйдің бөліктерінде жұмбақтар жасырынған екен. Егер сендер жұмбақтың   шешуін  табатын болсаңдар бүгінгі оқу  қызметімізде қандай тақырып туралы әңгімелейтінімізді табасыңдар.

Жұмбақтар:

1. Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ.
Мінсең қанат
Сүті дәрі еті тамақ.

2. Екі айнасы бар
Екі найзасы бар

3. Үстінде екі тауы бар,
Қызық бір жануар

4. Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар.

5. Секең — секең етеді
Таумен — тасқа жетеді.

 

Жұмбақ шешілген терезе  ашылып ішіннен көрінген үйжануарлары  тақтаға ілінеді.              — Біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде үй жануарлары туралы   әңгімелесеміз.

— Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?

— Төлдерін қалай атаймыз?

 

Дидактикалық ойын: «Үй жануарларының даусын анықтаймыз ?»

Ойынның мақсаты: Виедо слайд арқылы .          Үй жануарлардың  дыбысын үйрету.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші  үй жануарларының  дыбысын ажыратып, қандай жануар екенін атын айтады..

— Неліктен олар үй жануарлары деп аталады?

 

 

    Виедо слайд арқылы

— Үй жануарларының  қандай   пайдасы  бар?

Жылқыға мінеді, оны арба мен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қыста соғымға сояды, терісін сатып ақша қылады. Түйеге жүк артады, жабағысы күліге жақсы болады. Сиыр мен қой адамды етімен, сүтімен асырайды.Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың,қойдың, сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.
Төрт түлік туралы көп  өлеңдер,  мақал – мәтелдер, тыйым сөздер шығарған.

—          Балалар кім үй жануарлары туралы тақпақтар айтады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

—            Балалар маған үй жануарларының аталары  туралы  айтып   береді.

 

 

 

—            Жарайсыңдар балалар кәне кім                           үй жануарлары туралы  мақал-мәтел  сөздер  айтып береді:

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың.

Томпиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың.

 

Дидактикалық ойын:  «Төлін тап» ойынын ойнайықшы.

   Мақсаты: төлдерін анасының қасына қойып,    ажырата білу.

Ойынның шарты: Мына жақта үй жануарлары тұр, ал соған қарама-қарсы жақта төлдері бар. Төлдерін алып әрқайсысын өз аналарының жанынан қою керек.

—            Жарайсыңдар балалар кәне кім                           үй жануарлары туралы  тыйым сөздер  айтып береді:

 

 

 

 

Дидактикалық  ойын:  « Өнімін тап »

Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?» ойыны

Ойын шарты: Балаларға слайдтан үй жануарлары мен жабайы аңдардың аралас қойылған суретін көрсетіп, соның ішінде қай жануар артық екенін айту.

«Үй  жануарларын  құрастыру»  ойыны.

Ойын шарты:  Ортаға  үш бала шығып қиындыдан  үй жануарын құрастырып оның атын айтады.

 

 

Сендерге бүгінгі ашық оқу қызметі ұнады ма?

— Жарайсыңдар.

Енді ашық оқу қызметін қорытындылайық.

«Кім тез ?» ойынын ойнайық.

— Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?

— Үй жануарларының  төлдерін  не деп  атаймыз?

-Бұзаудың анасы не?

— Ботаның  анасы ше?

-Жылқының  баласы   ше?

— Сиырдан  қандай  өнімдер  алынады?

— Адамдарға қандай пайдасын бар?

 

 

 

 

 

Жарайсыңдар, балалар, енді «Қошақаным» әнін хормен айтайық.

1.      Жазда апамның аулына

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап, жүгіріп.

Қ-сы

Ақ маңдайлы ай ма екен,

Шекер ме екен, бал ма екен?

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?

2.      Демалыста өзімнің

Тағы іздеп барамын.

Ай, қошақан, бәрібір

Сені тауып аламын.

— Балалар, сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар. Жануарлар бізді өзінің сүйкімділігімен, адамға деген достығымен қуантады.

Сондықтан үй жануарларына әрқашан қамқорлық жасап жүріңдер.

Мақтау, мадақтау.

— Үй

 

 

—  Шатыр, есік, терезе,             үйдің қабырғасынан тұрады?                                             — Төбесі ұшбұрышқа, есігі, терезесі және қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды екен.

 

 

 

-1, 2, 3, 4, 5.

 

 

 

 

 

 

( Жылқы)

 

(Сиыр)

 

(Түйе)

(Қой)

( Ешкі)

 

 

 

 

—          Түйе, Сиыр, Жылқы, Қой, Ешкі, Ит т.б.

—          Бота, бұзау, құлыншақ, қозы, лақ

 

 

—   Балалар ойынға қызығушылықпен қатысып, қайталады.

 

-Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй  хайуандары деп аталады.

 

— Үй хайуандары адамға көп пайда келтіреді

 

 

 

 

 

Балалар үй жануарларымен танысады.

 

 

 

 

Саян:

Ақ бұзауым ұнайды
Мө — мө деп сүт сұрайды.
Келеді өсіп күн сайын,
Тұмсығын созып қарайды

Айым::
Кіп — кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным қозым деп

Гүлнұр:
Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.

Құндыз:
Шөре — шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.

Нұрзат:
Айналайын ботам
Қандай күлте жотаң.
Табандарың жалпақ,
Теріп жейсің жантақ.

Инабат:

Қой баласы қоңырым,

Қойдан жуас момыным.

Шопан ата түлегі

Қошақаным қайдасың.

Дария:

Тарпаң — тарпаң тайлағым,

Ботақаным, маймағым.

Қара — көзің мөлдіреп,

Жібек жүнің желбіреп

Желк — желк етіп желесің

Енеңе еріп келесің.

Айана:

Құлыншақ, құлыншақ,

Шапқылайсың даламен.

Дос болсайшы құлыншақ,

Мен сияқты баламен.

 

Жылқыатасы-Қамбарата,

Сиыратасы-Зеңгі баба.

Түйеатасы-Ойсылқара,

Қойатасы-Шопаната.

Ешкініңиесі- Сексеката.

 

Әмина:

Мал өсірсеңқойөсір,

Пайдасоныңкөл-көсір.

Азиза:

Төлден мал өседі,

Шыбықтан тал өседі

Нұрәділ:

Жылқы малдың патшасы,

Түйе малдың  қасқасы.

Асылхан:

Қой баласын қоңырым  дейді,

Ұя бұзбас момыным  дейді.

 

 

Балалар қимылмен жасайды

 

 

 

— жарайсыңдар балалар,           ойынды жақсы ойнадыңдар

 

 

 

 

 

 

Мансұр:                                      Малды ұруға болмайды.
Ерсаят:                                        Ақты төкпе.                              Ақүміт:                                         Малға теріс мінбе.

 

 

 

 

 

 

 

 

— жарайсыңдар балалар,           ойынды жақсы ойнадыңдар

 

 

 

 

 

—           Иә, ұнады…

 

—           қой, сиыр, жылқы, түйе, ешкі.

 

—           Қозы, құлын, лақ, бұзау.

—          Сиыр

—          Түйе

—          Құлыншақ

—          Айран., құрт ,сүт , қаймақ т.б.

Етін жейміз, сүтін ішеміз, терісінен аяқ киім жасайды, жүннен шұлық, киімдер тоқып киеміз.

 

 

 

 

 

 

 

—          Балалар «Қошақаным» әнін хормен айтады..

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарларының төлдері;

Игереді: үй жануарлары төлдерін бір-бірінен ажырата білу дағдысы;

Меңгереді: төлдер туралы жалпы түсінік қалыптасады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *