Не? Қайда? Қашан?

Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан?
Мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін , шығармашылық ізденісін байқау. Оқушылардың жалпы білім беру пәндерінен алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.

Түзету – дамытушылық: Логикалық ой-өрісін, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, таным белсенділіктерін арттыру. 

Тәрбиелілік: Өмірде өз  мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу

Түрі: сайыс

Әдіс – тәсілдері: ойын, сұрақ — жауап, ой қозғау,

Көрнекілігі: Ойын үстелі,суреттер ,зырылдауық 

                                    Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі :
 Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер!  Бүгінгі көңіл – күйімізді көтеру үшін тренинг өтеміз. «Менің атым» яғни балалар өз атымыздың бас әріпінен басталатын жеке қасиетімізді айтамыз.
Ғылымның сырын ұғына 
Шығыңдар білім шыңына, 
Ұқыптылық пен зеректік 
Жеткізер сіздердей өренді, 
Жеңістің мынау шыңына- 
деп бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» деп аталатын интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер! Өз білімдерін паш етіп, бақ сынасар  ойыншыларымызды қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырайық. 

Жиналған ылғи дарындар, 
Жүректе от, көздерінде жалын бар. 
Білімді топты халайық, 
Қол соғып қарсы алайық. 
Ойын алаңына сайысқа қатысушы үміткерлерді шақырамыз.

І топ: «Әке»

Тек алға деген ұранмен жүретін – Жұмаділ Мадина

Ешкімнен қалыс қалмайтын-  Джазықбай Нұрлан

Біздің топ жеңіске жетеді – Мақсатова Ақмарал

Біз алғыр балалар  — Жұмаділ Баубек

Команда капитаны Асенов Мерей – біріміз бәріміз үшін ,бәріміз біріміз үшін деген ұранды бетке ұстап келіп отыр

 

ІІ топ «ана»

Дауталинова Аяулым – өнерлі ,ақылды,бойынан барлық қасиет табылады

Хамзина Аия –Ізденген жетер мұратқа

Мұсаұлы Әмет  — Бірлік бар жерде тірлік бар

Батқалғазы Шыңғыс – Біз білімді баламыз

Команда капитаны   Төкен Диана — Білімдінің күні жарық,білімсіздің күні қаріп

Бүгінгі ойынымыздың ұраны: 
Білекті бірді жығады, 
Білімді мыңды жығады. 
Құрметті ұстаздар, ойынға қатысушы үміткерлер «Не? Қайда? Қашан?» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер 

Жүргізуші: Сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз, 
Ойын ережесімен таныстыру: 

1-  Кезең: «Сұрақ — жауап»

Сендердің алдарыңда айналдыру құралы сол арқылы сұрақ таңдалып алынады. Әр тапсырманы ойлануға 2 минут уақыт беріледі.Егер тапсырманың жауабы толық болмаса есепке алынбайды. 

1.Ұлттық валютамыз  қай жылы күні енгізілді: «1993 жылы 15 қараша»

2. Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)
3.  Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
4. Қазақстан ғарышкерлерінін ата? (Т. Аубакиров, Т. Мұсабаев)
5. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
6. Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесі? (географиялық карта)
7. Қазақстан туының авторы кім? (Шакен Ниязбеков)
8. Шоқанның шын аты? (Мұхаммедқанапия)
9. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін қай жылы жариялады?  (1991ж 16 желтоқсан)
10. Жерінің үлкендігі бойынша нешінші орында? (9 орында)

2 – кезең:  «Ширату» кезеңі: 
1.
Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды? 
Жауап: Екеу, өйткені қалғаны ұшып кетті 
2. Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта қара мысық отыр. Әрбір қара мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық? 
Жауап: Төртеу 
3.Бұтақта жеті торғай қонып отыр .Үшеуінен басқасы ұшып кетті .Бұтақта неше торғай отыр ?

Жауап :Үш торғай

4.Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)

5) Он екі айды бір сөзбен айт. (жыл)

6) Менің қолымда тұрған кесе, ішінде су бар,егер ішіндегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады? 
Жауап: Судың бәрін ішіп қойсақ ішінде ауа қалады. 

3– кезең:  «Суреттер сөйлейді». Ережесі: көрсетілген суреттер бойынша ертегі құрастыру.

1 –топ: ата, бала, құмырсқа, шелек, ине.

2– топ: ана, айна, қасқыр, немере, үй.

4 – кезең: «Ән әлемі» .Ережесі: берілген сөзге байланысты ән айту.

         Туған жер, ана, жұлдыз, әке.

5 – кезең: Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелді мимика, пантомимика арқылы келесі топқа жасыру.: 
1) Ит жеті қазынаның бірі.
2) Кітап – алтан қазына.
3) Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

5) Ананың көңілі балада, баланың көңілі балада.

6) Өзге елде ұлтан болғанша,

    Өз еліңде сұлтан бол.

Қорытынды:

Марапаттау: Топ басшысына және топ мүшелеріне сыйлық үлестіру 



 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *