Дұрыс қарым-қатынас – жақсы өмір кепілі

Дұрыс қарым-қатынас – жақсы өмір кепілі
ҚазҰУ әлемнің ең үздік жоғары оқу орнының бірі әрі бірегейі. Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие. Университетте 16 факультет, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк және әскери кафедра жұмыс істейді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда. Біздің университетіміз әлемнің 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттер алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша ынтымақтасады. Университетте 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден аса академиктер, 40-тан астам Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері жұмыс істейді. ҚазҰУ студентті мамандығы бойынша біліммен қамти отырып, қоғамдық ортаға, адамдармен қарым-қатынас жасауға және ең бастысы өзіңді танып білуге көмектесетін психология пәніңде оқытады.
Университет қабырғасында психология пәнін оқи отыра өмірге деген көз-қарасым өзгеріп, өзімнің жаңа қырларымды ашып, адамдармен қарым-қатынасым толық реттелді. Қазіргі таңда өмірде неше түрлі адам кездеседі. Әсіресе университетке жаңа келген студент көптеген таныстықты басынан өткереді. Жаңа таныстық барысында қарым-қатынасын психологиясын білу өте маңызды деп білеміз. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес.
Тұлғааралық қатынас – әрбір халық пен ұлттың этностық қарым- қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді.
Тұлғааралық қатынастарда адамдардың өзара әрекет етуіне
1) адамдардың бірін-бірі түсінуі мен қабылдауы;
2) тұлғааралық тартымдылық;
3) өзара әрекет пен мінез-құлық жатады.
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әр
түрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Тұлға аралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:
1. конъюктивті – адамдарды жақындататын, біріктіретін, бірлескен іс- әрекетке итермелейтін сезімдер;
2. дизъюнктивті – адамдарды бір-бірінен аластататын, бірлескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер.
Тұлғааралық қарым-қатынастағы технологиялар:
1. Шартты рөлдік қарым-қатынас кезінде әңгімелесушінің
жеке тұлғасына емес оның әлеуметтік рөліне көңіл аударылады.
2. Іскер қарым-қатынаста әңгімелесуші жеке тұлғасының ерекшеліктері
мінезі, жасы, көңіл-күйі ескерілгенімен ісінің одан маңызы басым.
3. Рухани қарым-қатынас бір-бірімен достық қатынастағы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл түрінде кез-келген тақырып төңірегінде әңгіме өрбітуге болады. Сөздерді пайдалану міндетті емес, өйткені жақын қатынаста адамдар бір-бірін ым-ишарадан, бет әлпетінен,
көзқарасынан бірден түсіне алады.
4. Манипулятивтіқарым-қатынас әңгімелесуші жеке тұлғасының
ерекшеліктерімен байланысты түрлі амал-айлаларды пайдалана
отырып жарамсақтану (қорқыту, алдау, арбау, мейірімділікті таныту).
5. Зиялықарым-қатынастыңмәніадамдар ойындағысын
айтқаннан гөрі, сол жағдайға сай нәрселерді айтуға тырысады.
Қорытындылай келе, адамның өмірі қарым-қатынаспен тікелей байланысты. Жақсы өмір сүргіміз келсе адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болуымыз керек. Психология пәнің оқи отыра қарым-қатынастың түрлі функцияларын ұғынып, адамдармен байланысым күшейді. Студенттің жан-жақты білім алуына осындай жағдай жасап отырған ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің алғашқы позициясын сақтап келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етеді.

Тленчиева Н.С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Cтасюк А.А.
Психология мамандығының 1 курс магистранты
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Ділдабек Ә., 1 курс студенті
Экономика мамандығы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *