Студенттердің ЖОО бейімделу өзектілігі

Біз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттеріміз. ҚазҰУ студенті атану – бұл мақтаныш және жауапты іс. Біздің университеттің дипломы – халықаралық стандарттарға сай заманауи технологиялар негізінде білім беретін, жоғары оқу орындары арасындағы көшбасшы, еліміздің ең мықты университетінің «бет-бейнесі». ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді. Осындай ЖОО студенті атанып алғаш универ табалдырығын аттаған сәтте ортаға қалай үйренемін, өзімді жоғалтып алмаймын ба, танымайтын жандармен бірден тіл табысу т.б. көп деген сұрақтар мен қорқыныш мазалайтыны сөзсіз… Бірақ бұл бекер екен. Ортаға тез бейімделу адаптациядан тез шығу,универ жүйесіне еніп бір мүшесіне айналуға псилогиялық көмектердің сауатты әрі орынды көрсетілуі үлкен көмек.
Бейімделу – бұл белсенді іс-әрекеттің алғышарты және оның тиімділігінің қажетті шарты. Басқаша айтсақ «Бейімделу қабілет-ешқандай ішкі дискомфортты сезінбей және қоршаған орта мен қарама-қайшылықсыз адамның қоршаған ортаның әлеуметтік, физикалық, әртүрлі талаптарына бейімделе алу қабілеті» Осыдан индивидтің қандай да бір әлеуметтік рөлінің жақсы қызмет ету үшін бейімделудің жағымды маңызы көрінеді. Осыған орай жүргізілген тренинг сабақ барысында студенттердің өзіндік сенімін оятатын, өмірге, елімізге сүйіспеншіліктерін және оқу мен жаңа ортаға бейімделу мотивацияларын оятатын психологиялық жаттығулар мен тренингтер өткізілді. Өткізіліген тренинг барысында студенттер өз-өзіне деген сенімділіктерін, өз ойын білдіре алуға деген ұмтылысын ашық әрі еркін жеткізе білді және біздің тарапымыздан студенттердің ортаға бейімделіп кетуіне жағдай жасалып, көмек көрсетілді. Нәтижесінде жаңа ортаға енді ғана келген студенттер тобы бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды.
Оқу орнындағы оқудың басталуының өзінде ақ, көптеген студенттердің тез шаршайтындығы, үрейліліктің жоғары деңгейі байқалады. Бұған себептер жоқ емес. Бірініші курс студенттеріне оқу-тәрбие процесі барысында «Мамандығың өзіңе ұнайма?», «Мамандықты таңдауға кім ықпал етті?» деген секілді сұрақтар қойылады. Көптеген студенттер «Грант болғасын түстім» немесе «Ата-анамның ықпалымен» деп жауап беріп жатады. Осы тұрғыда студенттер өзі қаламаған мамандықта оқуы әлеуметтік статусына сай ортасына бейімделу кезінде кедергі келтіретіні анық. Ал бейімделе алмау эмоционалдық дағдарысқа әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Cтуденттің оқу процесіне икемделе алмауы. Маман даярлайтын оқу орындарының оқу бағдарламасы мектеп бағдарламасынан өзгеше және күрделірек. Ақпараттың күрлелігі, көптігі студенттің танымдық үрдісіне өз ықпалын тигізбей қоймайды. Сол себепті, бірінші курс студенттері болашақ мамандығына ғана байланысты пәндерді оқығысы келеді. Оқу формаларының тиімділігін арттыру мақсатында интербелсенді әдістерді оқу процессінде қолдануға болады.Сонымен қатар бір айта кететін мәселе студенттердің оқытушылар мен оқу орынының әкімшілігімен қарым-қатынасы бейімделу процессіне өз ықпалын тигізеді. Адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара қарым-қатынастың бірлігі-трансакция деп аталады. Америкалық психиатр Э. Берн адамның өмірлік позицияларға қатысты трансактілі анализ теориясын жасаған. Трансактілі анализ — тұлғалық және топтық өсудің психотерапиялық әдісі. Берннің теориясы тұлға құрылымын талдап, тұлғалық өзерістерге бағытталған. Бірақ жеке адамды түсіну мәселесін қарастырмайды. Қорыта айтқанда, студенттерді әлеуметтік топ ретінде қарастырып, танымдық үдерісінің ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие үдерісіне бейімдеу білім сапасын арттыруда үлкен маңызға ие.
Қорытындылай келе , Университет ұжымының әрбір мүшесі сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып және оның тиімділігін үнемі қолдай отырып, жүргізілген жұмыстың сапасы үшін өз құзыреті шегінде дербес жауапты болады. Сондай-ақ, университеттің психологиялық және педагогикалық қолдау көрсеру қызметкерлерінің әл-ауқаты олардың әрқайсысының жұмысының сапасына, тұтынушылардың қанағаттану деңгейіне байланысты екенін әркім түсінуі керек. Уақытында сауатты көрсетілген көмек ауамен бірдей!

Тленчиева Н.С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Cтасюк А.А.
Психология мамандығының 1 курс магистранты
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Тілектесов А.М., 1 курс студенті
Құқық қорғау қызметі мамандығы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *