Аңызбен өрілген көркем сөз. (М.Мағауиннің «Шақан – шері» романы бойынша)

Пән: Қазақ әдебиеті Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі, Көкшетау қаласы
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Ибраева Гульмайра Ескендировна
Курс:  1 курс

          (10 сынып)

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Бөлім III бөлім. Аңызбен өрілген көркем сөз
Сабақтың тақырыбы М.Мағауин «Шақан – шері» романы. Бастау
Оқу мақсаты 10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік — композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну.

10.1.3.1 — көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін эпизодтар арқылы жинақтау мен даралау.

10.2.1.1 — әдеби шығарманың композициясын

уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

Сабақ мақсаттары Білім алушылардың барлығы: Әдеби шығарманың сюжеттік — композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын түсінеді. Романдағы негізгі кейіпкер Шақан-шерінің бейнесін жинақтап  ашады.

Білім алушылардың басым бөлігі:  Шақанның шері аталуының себебін  талдайды, анықтайды.

Білім алушылардың кейбірі: Шығарманы  уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдап қазіргі заманмен байланыстырады. Табиғат пен адам байланысын саралайды.

Бағалау критерийі Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдайды;

Идеялық мазмұнын  түсінеді;

Кейіпкер бейнесін берілген эпизодтар арқылы ашады;

Шығарманы қазіргі заманмен байланыстырады;

Табиғат пен адам байланысын саралайды.

(Түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация)

Құндылықтар Топта, жұпта жұмыс жасай білу; өз білімін жетілдіріп отыру;

Адам мен табиғат арасындағы байланыс, табиғатқа қиянат жасамау; адамзаттың табиғатты аялауы.

Тілдік мақсаттар Пән лексикасы және терминология:  тоталитарлық режим құрбаны, экология, «шері» сөзінің мағынасы.

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:

Менің ойымша….; себебі……; Оны мен былай дәлелдеймін….. Қорыта келе,……

Алдыңғы білім М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» әңгімесімен таныс
Жоспар
Уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Дереккөздер
Сабақтың басы

 

 

 

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін оқушылармен бірге талқылау.

Қызығушылықты ояту. «Миға шабуыл»

Эпиграф

-«Тaбиғaтқa бүгiнгi жacaғaн қиянaт – aдaмзaттың ертеңгi бoлaшaғынa жacaлғaн қacтaндық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану (Топтық жұмыс)

 

1-тапсырма. ТЖ

Талқылау сұрақтарына жауап бере отырып, «Шақан шері» романының сюжеттік құрылысына талдау жасаңыздар.

 

1.Оқиғаның басталуы Оқиға қалай басталады?
2.Оқиғаның дамуы Шығармада оқиғаның дамуы қалай көрінеді?
3.Оқиғаның байланысуы Шақанның басынан қандай жағдай өтті?
4.Оқиғаның шиеленісуі Шақанның иен далаға қоныс аударуының себебі?
5.Оқиғаның шарықтау

шегі

Шақанның шері аталуының себебі неде?
6.Оқиғаның шешімі «Шaқaнның aпaты – ел aпaты» дегенді қалай түсінесіз?

 

 

Бағалау критерийі Дескриптор балл
Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдайды; жетелеуші сұрақтарға жауап береді 1

 

үлгі бойынша талдайды. 1

 

2-тапсырма.(Жұптық жұмыс)

Шығарма сюжетіндегі адамға өздігінен тиіспейтін жыртқыштың адамға шабуыл жасауының сыры неде?

 

Бағалау критерийі Дескриптор     балл
Идеялық мазмұнын  түсінеді сұрақ төңірегінде ойланады       1
ойын жинақтап жауап береді       1

 

3-тапсырма.(Жеке жұмыс)

Негізгі кейіпкердің ақтық сөзі бейнеленген эпизодты анықтап, Шақан-шері бейнесін ашыңыздар.

«Мен өлгем. Мен aлдымен бaлaмды, coдaн coң әйелiмдi өз қoлыммен aжaлғa бергемiн. Көз aлдымдa жегiздiм. Өзiм жедiм. Coдaн coң өлдiм. Мiне, қaрaлы үй aлдындa қызыл қaны aқтaрылып, бacы бiр бөлек, aяғы бiр бөлек, aрыcтaй coзылып жaтқaн мен! Шaпырaшты Шaқaн! Aл мынa мен – түрегеп тұрғaн, жaны жoқ, cүлдерi бaр, aты жoқ, aруaғы бaр – Шaқaн емеc, тaрғыл жoлбaрыc, ендеше менiң aтым – Шерi…».

 

Бағалау критерийі Дескриптор балл
Кейіпкерді бейнелейтін эпизодты анықтайды, бейнесін  ашады; кейіпкер портретін суреттейді 1
мінездеме береді 1

 

Қорытынды:

«Тaбиғaтқa бүгiнгi жacaғaн қиянaт – aдaмзaттың ертеңгi бoлaшaғынa жacaлғaн қacтaндық» деген сабағымыздың басындағы эпиграфты қазіргі заманмен байланыстыра  қорытындылаңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі Дескриптор балл
Шығарманы қазіргі заманмен байланыстырады; пікірлерін айтады 1
Табиғат пен адам байланысын саралайды. салыстыра отыра  өз көзқарастарын  білдіреді 1

Қалыптастырушы бағалау.

Өзін-өзі бағалау

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=SfzwxeimXGM»

М.Мағауин «Шақан – шері» романы. Бастау

бейнематериал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

              Кері байланыс

 

                  «3-2-1»

Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық тудырған 2 мәселе

Сабақ барысында ұнаған 1 іс-әрекет

    Үй тапсырмаы:  

Адам мен табиғаттың байланысын анықтау мақсатында «Шақан- шері мен Жолбарысты не байланыстырады?»             тақырыбына графикалық органайзер құрастыру

 

 

Саралау – «1 минуттағы ой» стратегиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін саралаймын. Шығарманы толық меңгерген бала тақырыпқа сәйкес өз ойын жазып, жеке жұмыс жасайды Бағалау –

Кері байланыс жасау арқылы

Пəнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы.

АКТ-мен байланыс:

https://www.youtube.com/watch?v=SfzwxeimXGM»

М.Мағауин «Шақан – шері» романы. Бастау

бейнематериал

 

Құндылықтармен байланыс: білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *