Қаныш Сәтбаев бұрышының ашылуы

«Жетісай ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қ. Сәтбаев атындағы N48 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 27 қараша күні Қазақ ғылымының атасы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың «Дархан даланың дара тұлғасы» атты бұрыштың ашылу салтанаты болды. 

Өз елі, оның болашағы үшін аянбай еңбек еткен, өз өмірін ғылымға арнаған адамдардың бірі — Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Қаныш Сәтбаев — аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті академик, ұлы геолог, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері.

Биыл Республика бойынша Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын атап өту үшін қызу дайындық басталып кетті. Ғалымның әрбір өткен сара жолы біз үшін үлкен тарих. Сондықтан оның толассыз еңбектерін қазақ еліне ғана емес бүкіл әлемге паш ете білу керек. Біз қазақ елі осындай ұлы тұлғаларымызбен мақтанамыз! Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметі жас ұрпаққа үлкен үлгі. Ғалымның ізбасарларын тәрбиелеуде ұстаздар қауымы бар күш-жігерімізді аямайық! Еліміздің өркендеуі үшін Қаныш сықылды азаматтарды тәрбиелеп шығару қазіргі таңдағы басты мақсаттарымыздың бірі дер едім.

 

 

Мектеп директоры Дамира Ахылбаева Саттаровна

 

Баспасөз хатшысы Көзтаева Жұлдыз Сүндетқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *