Мамандықтың бәрі жақсы!

 

Джафарова Шаханым Элдаровна

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы!»

Мақсаттары:

  1. Білімділік: Балаларға күнделікті кезігетін мамандық иелері туралы мағлумат беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.

«Мен өскенде кім  боламын?» деген сұраққа жауап алу арқылы балалардың ой-қиялдарын дамыту.

  1. Дамытушылық: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
  2. Тәрбиелік: Балалардың қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, ғажайып сәт, ойын, сұрақ-жауап, саяхат.

Билингвальды сыңары: дәрігер-врач-doctor, аспазшы-повар-cook, мұғалім-учитель-teacher, құрылысшы-строитель-builder, тігінші-швея-seamstress, жүргізуші-водитель-driver, сатушы-продавец-seller, шаштараз-парикмахер-hairdresser, тәрбиеші-воспитательница- teacher, өрт сөндіруші-пожарник-fireman, полиция қызметкері-полицейский-policeman, ұшқыш-летчик-pilot.

Әлеуметтік инклюзия: Арай,Алан.

Көрнекіліктер: тақырыптың суреттері, мамандық иелерінің қүралдары,ойынға қажетті суреттер, сиқырлы қорап.

Ұйымдастырушы-қозғаушы кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бүгін бізде ерекше күн, өйткені бізге қонақтар келді! Қане, орнымыздан тұрып, шаттық шеңберін жасап, қонақтармен амандасамыз!

 

Шаттық шеңбері

Күніміз жарық болсын!

Отбасымыз аман болсын!

Бақшамыз  бақытты болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Қайырлы таң! Қайырлы таң!

Қайырлы таң, қонақтар!

Здравствуйте! Good morning!

Ұйымдастырушылық- ізденушілік кезеңі:

Логопед: — Балалар, мына тақтадағы мамандық иелерінің суреттерін атап өтейікші!

Логопед: — Бұл кім?

Балалар: — Бұл мұғалім-учитель- teacher.

Логопед: -Бұл мамандық иесі немен айналысады?

Балалар: — Бұл мамандық иесі балаларға  білім береді.

Балалар: — Бұл дәрігер-врач-doctor.

Логопед: -Бұл мамандық иесі немен айналысады?

Балалар: — Бұл мамандық иесі ауырған адамдарды емдейді.

Логопед: — Бұл кім?

Балалар: — Бұл аспазшы-повар-cook.

Логопед: -Бұл мамандық иесі немен айналысады?

Балалар: — Бұл мамандық иесі тамақ пісіреді.

Балалар: — Бұл құрылысшы-строитель-builder.

Логопед: -Бұл мамандық иесі немен айналысады?

Балалар: — Бұл мамандық иесі үйлері, ғимараттарды соғады.

Балалар: — Бұл полиция қызметкері-полицейский-policeman.

Логопед: -Бұл мамандық иесі немен айналысады?

Балалар: — Бұл мамандық иесі біздің тыныштығымызды қорғайды.

Балалар: — Бұл шаштараз-парикмахер-hairdresser.

Логопед: -Бұл мамандық иесі немен айналысады?

Балалар: — Бұл мамандық иесі шашымызды кесіп, сәндейді.

Балалар: — Бұл тігінші-швея-seamstress.

Логопед: -Бұл мамандық иесі немен айналысады?

Балалар: — Бұл мамандық иесі біздерге киім тігіп береді.

Балалар: — Бұл жүргізуші-водитель-driver.

Логопед: -Бұл мамандық иесі немен айналысады?

Балалар: — Бұл мамандық иесі көліктерді жүргізеді.

Балалар: — Бұл сатушы-продавец-seller.

Логопед: -Бұл мамандық иесі немен айналысады?

Балалар: — Бұл мамандық иесі дүкендерде заттарды сатады.

Балалар: — Бұл тәрбиеші-воспитательница- teacher.

Логопед: -Бұл мамандық иесі немен айналысады?

Балалар: — Бұл мамандық иесі балаларға тәрбие береді.

Балалар: — Бұл өрт сөндіруші-пожарник-fireman.

Логопед: -Бұл мамандық иесі немен айналысады?

Балалар: — Бұл мамандық иесі өрт сөндіреді.

Балалар: — Бұл өрт ұшқыш-летчик-pilot.

Логопед: -Бұл мамандық иесі немен айналысады?

Балалар: — Бұл мамандық иесі ұшақты,тікұшақ.

 

Логопед:- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер оның жауабын мына тақтадағы суреттерден тауып көрсетіндер!

  1. Мектептің журегі,

Білімнің тірегі. (мұғалім)

  1. Сауықтырар сырқатты,

Жылы үнмен тіл қатты. (дәрігер)

  1. Қалпағы ақ қарасан,

Дәрігер емес, бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол. (аспазшы)

  1. Алып жатқан жан-жақты,

Үйлерді кім тұрғызды? (құрылысшы)

  1. Тәртіп заңды сақтайды,

Ел сенімін ақтайды. Ол кім? (полиция қызметкері)

  1. Өскен шашты жаратпайтын

Қайшысы бар жаландайтын. (шаштараз)

  1. Тікті әсем киімді,

Дүкенге әкеп ілінді. (тігінші)

 

Логопед: — Жарайсындар, балалар! Біз бұлардын бәрін бір сөзбен қалай  атаймыз?

Балалар: — Мамандықтар –профессии-Professions.

Логопед: — Біздің бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Мамандықтар» деп аталады. Біз бүгін оқу қызметімізде мамандық иелері туралы айтатын боламыз.

Ғажайып сәт: (көңілі түскен Буратино кіріп келеді).

Буратино: — Сәлеметсіңдер ме, балалар! (балалармен көңілсіз  амандасады)

Балалар: — Сәлеметсізбе! Здравствуйте! Good morning!

Логопед: — Буратино, сен  неге көңілсізсің?

Буратино: — Жауыз Карабас Барабас менің достарым қуыршақтарды қамап қойып жібермей отыр! Менің қолымдағы қорабтың ішінде «алтын кілт» бар. Осы кілтті алу үшін мына жеті алтын құлыптарды ашу керек! Сендер маған осы құлыптарды ашуға көмектесесіңдер ме?

Балалар: — Иә!

Буратино: — Бұлар сиқырлы құлыптар! Әрқайсысының астында тапсырмалар бар!

 Соларды орындасақ, құлыптар ашылады.

Логопед:— Буратино, сенің көңілің көтерілу үшін бізбен тәтті шәй  ішуің керек! Бізбен бірге артикуляциялық жаттығулар жаса!

 

Артикуляциялық  жаттығулар

 — Бірінші шынаяққа шәй құямыз («Шынаяқ»), шәйді суытамыз(тыныс  алу жаттығуы «Шәй»), енді құймақтан дәм тат («Құймақ»).  Тәтті  бәліш де бар, біз оны қамырдан жасаймыз («Қамыр  илейміз»). Тәтті тосабымыз да бар («Тәтті тосап»).  Енді біз тістерімізді  тазалаймыз  («Тістерді тазалау»).

Буратино: — Ой мынау жақсы жаттығулар екен! Көңілім көтеріліп қалды!

Логопед:— Енді тапсырмаларды орындайық!

Бірінші тапсырма: Дидактикалық ойын: «Кімге не қажет?»

Логопед:— Балалар, мына суреттерді көрнекі заттар қай маман иесіне тиісті екенін айтыңдар!

Логопед:—  Жарайсындар, балалар! Мінекей біздің бірінші құлпымызда ашылды!

Буратино: -Алақай!

 

Логопед:- Екінші тапсырма: Дидактикалық ойын: «Кім немен айналысады?»

Әзір ас жоқ дүниеде.

Сабақ өзі оқылмайды,

Көйлек өзі тоқылмайды,

Үйлер өзі салынбайды,

Кітап өзі жазылмайды.

Барлық істің батыры-біз,

Екі қол мен ақылымыз.

Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?

Логопед:- Көйлекті кім тігеді?

Балалар: -Көйлекті  тігінші тігеді.

Логопед:- Үйлерді кім соғады?

Балалар: — Үйлерді құрылысшы соғады.

Логопед:- Ұшақты кім жүргізеді?

Балалар: — Ұшақты ұшқыш жүргізеді.

Логопед:- Тамақты кім әзірлейді?

Балалар: — Тамақты аспазшы әзірлейді.

Логопед:- Ауырған адамдарды кім емдейді?

Балалар: — Ауырған адамдарды дәрігер емдейді.

Логопед:- Өртті кім сөндіреді?

Балалар: — Өртті  өрт сөндіруші сөндіреді.

Логопед:-  Балаларды кім оқытады?

Балалар: — Балаларды мұғалім оқытады.

Логопед:- Балаларды кім оқытады?

Балалар: — Көлікті кім жүргізеді?

Логопед:-  Көлікті жүргізуші жүргізеді.

Балалар: — Азық-түліктерді кім сатады?

Логопед:- Азық-түліктерді сатушы сатады.

Балалар: — Балабақшада балаларға кім тәрбие береді?

Логопед:- Балаларға тәрбиеші тәрбие береді.

Балалар: — Елдің тыныштығын кім қорғайды?

Логопед:- Елдің тыныштығын полиция қызметкері қорғайды.

Буратино: — Алақай! Қандай ақылды балаларсыңдар!

 

Логопед: Үшінші тапсырма: Дидактикалық ойын: «Дұрыс па, бұрыс па?»

Балалар, мен қазір сөйлемдерді оқимын. Сендер сөйлемдер дұрыс болса, «дұрыс» деп айтып қол шапалақтайсыңдар. Ал егер «бұрыс» болса, «бұрыс» деп аяқтарыңды тарсылдатасыңдар.

  • Құрылысшы балаларды оқытып жүр («бұрыс»).
  • Жүргізуші көлікті жүргізеді («дұрыс»).
  • Аспазшы үй салып жүр («бұрыс»).
  • Ұшқыш ұшақты жүргізеді («дұрыс»).
  • Тігінші сабақ беріп жатыр («бұрыс»).
  • Мұғалім балаларды оқытады («дұрыс»).
  • Шаштараз әдемі киім тігеді («бұрыс»).
  • Өрт сөндіруші өртті сөндіреді («дұрыс»).
  • Сатушы түрлі шаш сәндейді («бұрыс»).
  • Дәрігер ауруларды емдейді («дұрыс»).

Логопед:- Жарайсыңдар, балалар! Мінекей, біздің үшінші құлпымыз да ашылды!

Буратино: — Алақай!Үшінші тапсырмада дайын!

 

Логопед:- Буратино, біздің балалар шаршап қалған сияқты! Кішкене тынығып алайық!

Қазір барлығымыз бірге сергіту жаттығуын жасаймыз! Буратино, сен де бізге қосыл!

Сергіту жаттығуы: « Полька» (балалар теледидарға қарап, әуенді жаттығу жасайды)

Буратино: — Жаттығу өте қызықты және пайдалы екен! Әрі қарай тапсырмаларды орындаймыз ба?

Логопед:- Әрине, орындаймыз!

 

Төртінші тапсырма: Дидактикалық ойын: «Бұл сөздер кімге тиесілі?»

  • Балалар, мен қазір сөйлемдерді оқимын, сендер олардың қай мамандық иесіне тиесілі екенің табыңдар!
  • Балалар, кітаптың он бесінші бетін ашыңдар!
  • Шашыңызды қалай кесіп берейін?
  • Кірпіш мен цемент әкеліңдер!
  • Қай жерініз аурады?
  • Қанша келі алма өлшеп берейін?
  • Көйлегіңізді қандай матадан тігіп берейін?
  • Тездетіп өрт сөндіргішті беріңдер!
  • Көлігіңіздің төл құжатын көрсетіңіз!

 

Логопед:- Буратино, біз төртінші тапсырманы да орындадық!

Буратино: — Тамаша! Ал бесінші құлыпта қандай тапсырма бар екен?

Логопед:- Қазір оны да көреміз!

Бесінші тапсырма: Тақпақтар.

Бесінші тапсырмада мамандық иелері туралы тақпақтар айту керек.Балалар, біз мамандық иелері туралы тақпақтар білеміз бе?

Балалар: — Иә.

  • Жақсы оқып сабақты

Білім алып толамын.

Бөбектерді оқытар

Мен мұғалім боламын!

  • Качу, лечу во весь опор

Я сам шофер, и сам мотор!

Нажимаю на педаль,

И машина мчится вдаль!

  • Slitches and itches,

Slips and falls,

Colds and flu

I fix them all!

Who am I? I am a doctor!

  • Кішкене әлі баламын

Таудай  болар талабым.

Ақ халатты абзал жан

Мен дәрігер боламын!

  • Дайте ножницы, расческу

Он вам сделает прическу!

Парикмахер непременно

Подстрижет вас современно!

  • Math and reading,

Science, too.

I teach these things

To all of you.

Who am I? I am a teacher!

  • Өрнектетіп, сәндетіп

Тігістерін бүгетін.

Тігінші болам мен ертен,

Киім кешек тігетін.

  • Дайте повару продукты:

Мясо птицы, сухофрукты.

Рис, картофель….И тогда

Ждет вас вкусная еда!

  • I am there for you

Both night and day.

So you are safe

At school and play.

Who am I? I am a policeman!

  • Дәмді тамақ пісіріп

Өнерлі бала боламын.

Халқым сүйген ардақты

Мен аспазшы боламын.

  • Летчик знает свое дело

В небе водит самолет.

Над землей летит он смело,

Совершая перелет!

  • Жақсы оқып сабақты,

Мақсатым бұл ұраным.

Үлкен болып өскенде

Сатушы боп тұрамын.

 

Буратино: — Балалар, мамандық иелері туралы көп тақпақтар  біледі екенсіңдер!

Логопед:- Иә, біздің балалар осындай ақылды!Мінекей, біздің бесінші құлпымызда ашылды!

Ал енді біраз сергіп алайық!

Сергіту жаттығуы

Орнымыздан тұрамыз!

Мойнымызды бұрамыз!

Қолымызды көтеріп!

Саусақтарды ашып жұмамыз!

Қолымызды түсіріп,

Алақанды соғамыз!

Жаттығу жасап осылай!

Біз бақытты баламыз!

Логопед:- Келесі алтыншы тапсырма: «Кім не болғысы келеді?»

-Балалар, өскенде кім болғыларың келеді?

-Кім аспазшы болғысы келеді? Не үшін?

-Мен аспазшы болғым келеді, өйткені маған ас дайындаған ұнайды!

Аспазшы дәмді және пайдалы тағамдарды пісіреді.

-Кім мұғалім болғысы келеді? Не үшін?

-Мен мұғалім болғым келеді, өйткені  мұғалім бізді жазуға, оқуға үйретеді.

-Кім ұшқыш  болғысы келеді? Не үшін?

-Менің ұшқыш болғым келеді, өйткені мен ұшуды жақсы көремін. Ұшқыштың жұмысы өте жауапты. Ол адамдарды баратын жерлеріне тез жеткізеді.

-Кім дәрігер  болғысы келеді? Не үшін?

-Мен дәрігер болғым келеді. Маған адамдарды емдеген ұнайды.

-Кім құрылысшы болғысы келеді? Не үшін?

-Мен құрылысшы болғым келеді, өйткені мен  үлкен үйлерді соққым келеді.

Логопед:- Балалар, бұл мамандықтар бізге керек пе?

Балалар:- Иә, барлық мамандықтар бізге керек. Олардың бәрінің жұмысы пайдалы әрі жауапты.

Логопед:- Буратино, біз алтыншы тапсырманы да орындадық!

Буратино:- Керемет!Алтыншы құлып та ашылды!

 

Логопед:- Ал енді, балалар,  соңғы тапсырманы орындап, соңғы құлыпты ашайық!

Жетінші тапсырма: «Суреттерді құрастыр».

-Мен сендерге суреттердің бір-бір жарты бөліктерін беремін. Сендер олардан бір сурет құрастыруларың керек! Алдымен саусақ жаттығуын орындаймыз!

Саусақ жаттығу: «Қырыққабатты тұздаймыз»

Қырыққабатты тураймыз

Қырыққабатты үгеміз,

Қырыққабатты кесеміз.

Қырыққабатты сығамыз,

Қырыққабатты тұздаймыз,

Ыдыстарға саламыз,

Дастарханға қоямыз.

«Солим капусту»

Мы капусту рубим, рубим!

Мы капусту режем, режем!

Мы капусту солим,солим!

Мы капусту жмем,жмем!

И морковку трем,трем!

Логопед:-Жарайсыңдар,балалар. Қане тапсырманы бастайық.

Логопед:-Кімнің суреттерін құрастырдық?

Балалар:-Мамандық иелерінің!

Логопед:-Оларды атап өтейікші!

Логопед:-Міне, соңғы тапсырма да орындалды. Құлыптардың бәрі ашылды.

Буратино:Алақай! Мен енді кілтті алып, достарымды босатамын!(кілтті қораптың ішінен алады) Рахмет, балалар!Сендер өте ақылды екенсіңдер! Енді мен достарыма асығайын. Сендерге деген тәтті кәмпиттерім бар, табыс етейін. Сау болыңдар!

Балалар:-Сау болыңыз! До свидания!Good bye!

 

Қорытынды:

Логопед:-Міне, балалар, Буратинаға көмектесіп әр түрлі мамандық иелерімен таныстық.

— Қандай мамандық иелерімен таныстық?

-Кімге көмектестік?

-Не үшін көмектестік?

-Буратино қораптан не алды?

-Буратино бізге риза болды ма?

Логопед:-Жарайсыңдар,балалар! Бүгін бәрің де оқу-қызметімізге жақсы қатыстыңдар. Мен сендерге жұлдызшаларды таратып берейін. Олар жай жұлдызшалар емес. Қараңдаршы, олар сендерге күлімсірейді! Демек олар сендерге риза. Мен де сендерге бүгін ризамын.

-Ал енді бір біріңді бағалаңдар!

-Бүгінгі оқу-қызметінде кім белсенді болды?

-Осымен оқу-қызметіміз аяқталды! Қонақтармен қоштасамыз.

Балалар:-Сау болыңыз! До свидания!Good bye!

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар мамандық иелері туралы толық біледі.

Мамандық атауларын, пайдаларын,қажеттілігін біледі.

Орындай алады: Оқу-қызметінде берілген тапсырмаларды орындай алады.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *