Даналық мектебіндегі” Әжелер мектебі “

Даналық мектебіндегі “Әжелер мектебі” бойынша өтілген іс-шара

 

Жетісай Ауданы Білім Бөлімі

“Қ.Сәтбаев атындағы √48 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Бала басты байлығымыз, ал ең асылымыз – оның тәрбиесі” тақырыбы аясында өткізілген сынып жетекшілер апталығының жоспарына сәйкес 2023 жылғы 24 қараша күні 6 “А” сынып жетекшісі Г.Ширдебаева, 6″Ә” сынып жетекшісі Ш.Айдарбекова, 7″А” сынып жетекшісі А.Бакирамова, 7″Ә” сынып жетекшісі А.Аймақованың ұйымдастыруымен “Әжелер мектебі” мүшелерінің қатысуымен “Ертегі танымның көзі” атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мектеп директоры Д.Ахылбаева қатысып, асыл әжелерге ыстық лебізін білдірді. Асыл әжелеріміз асыл қазынамыздан, тәрбиелік мәні зор халқымыздың ертегілерінен майын тамызып әңгімелеп берді. Осындай әжелеріміз барда ұлттық құндылықтарымыз балаларымыздың бойынан табылатыны сөзсіз екені баршамызға аян. Кездесу өте тартымды өтті. Асыл әжелеріміз сабақ соңында мектеп ұжымына алғыстарын айтып, өздерінің ризашылығын білдірді.

 

Мектеп директоры: Ахылбаева Дамира Саттаровна

 

  • Баспасөз хатшысы: Көзтаева Жұлдыз Сүндетқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *