Тәжірибе жұмысы: «Судың қасиеттері»

Атырау облысы Білім беру басқармасының
Исатай ауданы білім бөлімінің
КМҚК «Аққу» бөбекжай бақшасының
тәрбиешісі Нажмеденова Айзада Жеделбайқызы

Тәжірибе жұмысы: «Судың қасиеттері»
Мақсаты: Су және судың қасиеттерімен таныстыру, Судың барша тіршілік үшін маңыздылығын ұғындыру, Суды үнемдеуге,тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, Тәжірибе жасау дағдысын жетілдіру.

Қызығушылықты ояту
Дид. ойын: «Кім тапқыр?»
Жұмбақ жасыру
Дәміде жоқ,түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. (СУ) (сыни ойлау, бала үні, коммуникативтік дағды)
1. Ой дамыту.
-Су туралы түсінік беру.
-Сұрақ-жауап.
-Су қандай зат?
-Оның қандай пайдасы бар?
-Судың қасиеттері қандай?
— Адамдар суды не үшін пайдаланады?
(ішеді, жуынады)
— Суды адамдардан басқа тағы нелер пайдаланады (жануарлар, өсімдіктер)
-Су аға ма? Неліктен? Өйткені ол сұйық. (үдеріс арқылы саралау,бала үні,коммуникативтік дағды)
2. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Су ішінде қалықтап,
Қәне, жүзіп алайық,
Оңға, солға бір қарап,
Денемізді бұрайық (физикалық дағды)
3. Тәжірибе жасау
1-тәжірибе «Су түссіз, мөлдір»
Қажетті заттар: Су,сүт,қасық,стакан
Жасалу жолы: бір стаканға сүт,екінші стаканға су құйып қойып қояды. Екі стаканға қасықты салу арқылы қайсысынан қасық көрінетінін,көрінбейтінін анықтау
2- тәжірибе «Су дәмсіз»
Қажетті заттар: су,шырын,сүт,стакан
Жасалу жолы: Бала көзін байлап 3түрлі стакандағы сұйықтықты (су,сүт,шырын)ішкізу. Дәмін тату арқылы суды анықтау.
3-тәжірибе «Су түсін және дәмін өзгерту»
Қажетті заттар: субояу,қант, су,стакан
Жасалу жолы: Стакандағы суға әртүрлі субояу қосып, одан белгілі бір түс пайда болғанын, жәнеде стакандағы суға қант қосу арқылы судың дәмін тату арқылы дәмін өзгергенін бақылау.
4- тәжірибе «Су сұйық әрі пішіні жоқ»
Қажетті заттар: су,стакан, әр түрлі пішіндегі ыдыстар
Жасалу жолы: Суды бір стаканнан екінші стаканға құю арқылы сұйық екеніне көз жетізу. Әр түрлі пішіндегі ыдыстарға құю арқылы судың пішіні ыдыс пішіне сай өзгергенін бақылау. (өнім арқылы саралау,сыни ойлау, коммуникативтік,танымдық-зияткерлік дағды,бала үні,тікелей бақылау)
4. Рефлекция
Сұрақ-жауап
Су қандай? Баланың жауабы.
Ө Тұрманжанов «Табиғатты аялайық»
Сүйейік табиғатты, аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша дем алайық!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *