Сәкен Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу” романындағы публицистикалық сипаты

 

Сәкен Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешу” романындағы публицистикалық сипаты

Тамабай Жаңылша

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Журналистика 1-курс студенті

Сәкен (Сәдуақас) Сейфоллаұлы Сейфуллин — қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері

Сәкен Сейфулиннің қазақ-кеңес әдебиеті тарихында ерекше орын алған романы: “Тар жол, тайғақ кешу” болған еді.          

С.Сейфуллиннің «Тар жол,тайғақ кешу» мемуарлық романы 1922-1927 жылдарда жазылып,1936 жылы қайта өңдеуден өткен.Шығарма 1916-1919 жылдардағы тарихи оқиғаларды суреттеген.Романда осы кездегі оқиғалар тарихи дәлдікпен беріліп,көркем суретпен бейнеленеді. «Тар жол,тайғақ кешудің» жанрлық жағынан ерекшелігі де – тарихтағы өткен оқиғалардың нақты көрсетілуі әрі оның көркем шығарма түрінде жазылуында.Басты кейіпкер – Сәкеннің өзі.

бұл роман – революциялық күрестің көркем шежіресі.

Айтып өткендей, бұл романда басты кейіпкер-Сәкеннің Сейфулиүнің өзі. С.Сейфулин өз басынан кешкен сұрапыл оқиғаларды еске түсіре отырып, эпизодтық кейіпкерлер өмірінен тікелей баяндайды.

С.Сейфуллиннің “Тар жол, тайғақ кешуі” қазақ ұлты бастан кешкен ХХ ғасыр басындағы әрі тарихи оқиғаның талғап, оқитын көркем шежіресі болып табылады.   

Романда төңкеріс қарсаңы мен кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы Қазақстанның бар түкпіріндегі саяси-қоғамдық істердің бағыты, барысы, салалары кең пайымдалады.

“Тар жол, тайғақ кешу” романы автобиографиялық роман. Сол себепті, көп жағдайда автор мен баяндаушы бірігіп қызмет атқарады. Романдағы баяндаушы-кейіпкер шығарма фабуласындағы әр түрлі мағыналық астарларды талдайды және оған қатысты ойын жеткізіп айтушы, эмоционалды түрле ой қорытушы, баяндаушының рөлі өте маңызды.

“Тар жол, тайғақ кешуді” осы заман туралы тарихи туынды деп қабылдауға әбден болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *