Үздіксіз білім беру жағдайында балалардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып,кәсіби өзін-өзі анықтаудың,кәсіби бағдарлаудың шетелдік тәжірибесі.

Тайгараева Акбота Бахытовна

І.  Біз бүгінгі таңда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту,дамыту және тәрбиелеу,сондай-ақ қоғамға бейімдеу бағытында жұмыс жасалады.  Негізгі мақсат – ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға зерттеу жасау, олардың мүмкіндіктерін анықтай отырып жеке сабақ түрін ұйымдастыру, заманауи әдіс-тәсілдердің көмегімен балаға түзету сабақтарын ұсыну. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімдеу, баланың танымдылық қабілетін дамыту және ең негізгісі бұл қоршаған ортаны танып қабылдау қиындықтарын алдын алу. Балалардың зейіні тұрақталмаған болып келеді, сабақта тез шаршайды. Сондықтан, әрбір сабақта балаларды демалта отырып, сабақты ойын арқылы қызықтырып, физикалық дамуын, оқуын, жазуын ұйымдастырамыз.Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып,үздіксіз білім беру контекстінде кәсіби өзін-өзі анықтауының практикалық аспектілерінің ең маңыздысы зейіннің тұрақтылығы мен жылдам оқу болып табылады. Бастауыш сынып  түлектері төрт жыл ішінде тек қана оқу процесінің алғашқы қадамдарын ғана игереді. Психолог Т. Г. Егоровтың айтуынша «іштей», саналы, мәнерлі және жүрдек оқу, оқыту процесінің соңғы этаптарында ғана ұстаз ойлаған деңгейге жетеді. Сондықтан бастауыш мектеп сыныптарында балалардың оқу іскерлігі аяқталмайды, ол ұзақ дамудың тек қана алғашқы бөлімі болып табылады. Оқушы үлгеріміне әртүрлі жағдайлар әсер етеді. Соның ішінде ең күшті орын алатыны — баланың оқу жылдамдығы болып шыққан.. [1,147б]

 

Зейіннін шоғырлануы — адам санасының белгілі бір объектіге ерекше
бағытталады. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса,
шоғырлауы соғұрлым күшті болады. Іс-әрекетгі дәл және ойдағыдай
орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу керек.

Зейіннің түрактылығы — адамның зейіні бір объектіге немесе бір
жұмысқа ұзағырақ түрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейміз.

Зейіннің ауысуы оның бір объектіден екінші объектіге әдейілеп көшуін
айтамыз.[2,56б]

Оқушының зейінің тұрақтандыруға бірнеше жаттығулар ұсынамын.

«Назарды ұстау» әдісі

Тапсырмасы: Сандар арасынан 1 санын қорша, 3 санын сыз, 5 санын үшбұрышты етіп қорша

4276315478925641236478630321065409870321058909540359701 4569012587087231465827014762987021458723640506740314985 3146287423574236958410847321569723654097252640321589314 [2,65б]

Жылдам оқу. Балалар өте жай оқыса, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өзара байланыстыра алмай, ақырында мәтіннің тұтас мазмұнын түсінбей қалады. Оқу-жазуға үйретудің бірінші кезеңінде, балалар әлі әріптерді нашар айыратын және оларды бір-бірімен қосып оқуы қиын кезде ғана жай оқыттыру керек. Бірақ барған сайын балалардың оқу шапшаңдығы арта түсіп, бірте-бірте сауатты оқуға жақындау керек. Дегенмен, балаларды шапшаң оқуға дағдыландыра отырып, белгілі шамадан тыс кетпеу керек. Ушинский мәтіннің мағынасын түсінбей, құр сыдыртып оқуға қарсы болған. Ол бұл жөнінде: «Оқу шапшаңдығы түсіну шапшаңдығымен қатар дамуы керек». «Егер баланың түсінуінен гөрі оқуы шапшаңдау болса, ол баланың түсінбей оқығаны. [3,65б]

ІІ.    Жалпы оқу сапасын арттыру үшін жай оқу керек па, әлде шапшаң оқу керек па? Жеделтетіп тез оқу әдісі неге маңызды және қай жерде пайдалы? Қарапайым өмірде адамдар тақырыпты жай асықпай оқу пайдалы әлі түсініктірек деп қате пайым жасайды. Расында тез оқу дегеніміз тез игеру, тез түсіну, тез ұғыну ұғымдарымен тығыз байланысты. [4,157б]

Жылдам оқуға қойылатын талаптар:
-тыңдаушыға жететін ақпараттың түсінікті болуы;
-әрбір сөз бен дыбыстың анық айтылып, құлаққа жағымды болып естілуі;
-сөйлем құрылымдарын еркін меңгеру;
-дауыс ырғағы — интонацияның сөйлеу мазмұнына сай болуы;.[5,96]
ІІІ. Мұндай қиындықтарды жою үшін мынадай бастауыш сынып оқушыларының ОҚУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН арттыратын әдіс-тәсілдер мен жаттығулар ұйымдастырдым:
1.Нейрогимнастикалық жаттығулар  2.Екі қолмен сурет салу

3.Шульте кестесі  4.Бағдаршам әдісі  5. 5 минуттық оқу ата-анамен

  1. Әр сабақтағы бес минуттық оқу

3.1.Нейрогимнастикалық  жаттығулар    Нейрогимнастика – бұл ми жаттығуы. Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс істеуін жақсартады.  Ақпаратты тез қабылдап, қорытуға көмектеседі. Зейінді шоғырландырады. Оқу және жазу процесстерін жеңілдетеді. Мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.

3.2. Екі қолмен сурет салу

“Екі қолмен сурет салу”әдісі Екі қолдың бір уақытта қимылдауы, екі қолмен сурет салу мидың екі жарты шарын бір мезетте іске жұмылдыру болып табылады

3.3. Бағдаршам әдісі  Берілген сөздерді түрлі түсті жазумен жазып,оқушыларға сөзді емес,түстерді айтады. Бұл әдіс екі ми бөліктерін бірдей дамытуға бағытталған

3.4. Шульте кестесі.   Бұл жаттығулар әдістемесі ауқымды көруді жақсартуға, бірден оқылатын  мәтін санын арттыруға және сәйкесінше оқуды жеделдетуге бағытталған.

 Бұл техниканың орындалу тәртібі: ортасындағы қара нүктеге қарап тұрып көздің қарашығын жылжытпай сандарды өсу ретімен табасыз. Бұл техниканы орындау арқылы көздің көру аймағы 75% өседі Шульте техникасын 20 сағат орындаған адамның, көзінің көру кеңістігі толықтай ашылады.[2,24]

3.5   5минуттық оқу.
1.Ата-ана мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, баласын 5 минуттан оқытса, әлдеқайда тиімді. Алдымен бала мәтіннің бір бөлігін оқып, мазмұнын айтады. Содан кейін үзіліс жасайды. Біраз тыныққаннан кейін мәтінді ары қарай жалғастырады. [5,152]

3.6 Әр сабақтағы бес минуттық оқу. Егер мұғалімнің үлесінде үш-төрт оқу сабағы болса, онда бір аптада 25 оқушының әрқайсысы 6ip-екі peт оқу мүмкіндігіне ие болады. Ал әр сабақ сайын (қазақ тілі, математика, дүние тану т.б.) балаға 5 минут оқуға мүмкіндік беру апталық жаттығуды 120 минутқа дейін ұзарта алады.[5,154]

Қорытынды: Бүгінгі бөбек — ертеңгі азамат — қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші — бастауыш мектеп мұғалімдері. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі — бастауышта қаланады.

  Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Питер Камп “Скорочтение. Как запоминать больше, читая в 8 раз быстрее
  2. Жылдам оқытуды дамыту»2020ж Айнұр Жүсіп
  3. М.Кесебаев «Жылдам оқы.»
  4. А.Манатбекова «Жылдам оқудың жүйрігі.»
  5. В.Н.Зайцевтың «Жылдам оқыту техникасы» ұсыныстары.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *