Посткеңестік мемлекеттерде КСРО кезеңіндегі ұлттық тарихты оқытудың проблемалары

І. Кіріспе

1.1. Посткеңестік мемлекеттерде КСРО кезеңіндегі ұлттық тарихты оқытудың маңызы

Ең бірінші посткеңестік терминіне анықтама беріп өтсек. Посткеңестік  мемлекеттер немесе сондай-ақ бұрынғы КСРО құрамындағы республикалар, ТМД және Балтық маңы (Балтық теңізі жағалауындағы елдер) елдері — бұл КСРО-ның ыдыру кезеңінде, яғни, 1991 жылы тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді атаймыз.

Негізінен посткеңестік мемлекеттерді келесі бес топқа бөледі:

Балтық елдері:

  • Эстония
  • Латвия
  • Литва

Шығыс Еуропа

  • Беларусь
  • Молдова
  • Украина

Оңтүстік Кавказ:

  • Армения
  • Әзірбайжан
  • Грузия

Орталық Азия:

  • Қазақстан
  • Қырғызстан
  • Тәжікстан
  • Түрікменстан
  • Өзбекстан

    1922 жылы 30 желтоқсанда шақырылған аталған төрт республика кеңестері өкілдерінің 1-съезі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын құру жөнінде Декларация қабылдады. Декларацияда КСРО-ға кіру тең құқылық пен еріктілік негізінде жүзеге асырылады және Одақтан өз еркімен шығу құқы сақталады, әрі басқа да жаңадан құрылған республикалар одаққа өз еркімен кіре алады деп көрсетілді. Съезд КСРО-ны құру жөніндегі келісімшартты бекітті. Міні осы кезде қазіргі посткеңестік құрамындағы мемлекеттерде мүше болып сондықтанда  КСРО тарихының маңызы осы көрсетілген мемлекеттерде де оқытылып отыр. Бұл КСРО тарихы Посткеңестік мемлекеттер үшінде ортақ. Қазіргі әлемнің бейнесін қалыптастырған өткен оқиғалар үшін ғана емес, сонымен қатар адамзат сол өткен мәселелерге, оқиғаларға қайта-қайта бетпе-бет келуге бейім болғандықтан да өзекті болып отыр. Көпшілігіміз өткенде не болғанын және оның бүгінгі және болашағымызға қалай әсер ететінін білмейміз. Біз өткен ұрпақтың тарихын өшіре алмаймыз, бірақ сол өткендердің өмірінен  көптеген құнды сабақтар ала аламыз.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Посткеңестік мемлекеттерде КСРО кезеңіндегі ұлттық тарихты оқытудың барысы және әдіс тәсілдері

Қырғызстанда КСРО тарихының оқытылуы:

    Кеңес өкіметі кезінде мектептерде Қырғызстан тарихы жеке пән ретінде оқытылмады. Республика мектептегі тарих курстарында билік маңызды деп есептеген жекелеген оқиғаларға байланысты ғана оқытылады.

Мектеп оқулығына көз жүгіртетін болсақ 9 сыныптың мектеп бағдарламасы

    Бұл кітап  ХХ-ХХІ ғасырлар аралығындағы тарихты қамтиды. “Өткенді жоққа шығара алмаймыз, немесе оны даттау өте оңай. Сондықтан бізге оқиғаларды түсіне отырып көзқарас қалыптастыруымыз қажет” деп айтылған. 1916 жылдардағы Революцияға өз еркімен емес буржуазия өкілдерінің бастауымен қатысқан. Оларда патша өкіметінің құлауын қуанышпен қарсы алды. Ұлы Отан соғысы деп оқытылады. Қырғызстанда тарих сабағында Қырғызстанның 70 жылға жуық КСРО құрамында болғанын, қанды соғыс болғанын, содан кейін Кеңес Одағының барлық халықтары әскери қирағаннан кейін біртұтас елді қалпына келтіргенін айтты.

     Оныншы сынып оқушыларының айтуынша, оқу жылы олар «ежелгі дүние тарихынан бастап, бұрын оқылған пәннің барлық мазмұнын көбірек қайталай бастағанынан» басталды. Әрі одан кейінгі әрбір тарихи кезең қазіргі Қырғызстан аумағында қандай оқиғалар, қашан және қалай болғанымен салыстыра зерттелінеді.

    Мәселесі: Қырғызстанды Ресейдің отарлауы, 1889 және 1916 жылдардағы ұлт-азаттық күресі, сондай-ақ Сталиндік қуғын-сүргін кезеңі туралы көптеген даулы мәселелер бар. Оқулықтарды дайындаған мамандар дөрекі сөздер арқылы осылайша мектеп оқушыларына арналған тарих курстарында 1916 жылғы оқиғалар ұлтқа қарсы жасалған геноцид ретінде анық бағаланады, мұнымен бәрі бірдей келісе бермейді. Авторлар бұл жай ғана тарихи фактілерді бейнелейді деп атайды.

Бұл кітап  ХІХ  ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі аралығындағы тарихты қамтиды. Бұл кітап 11 сыныптарға арнап жазылған. Кітапта КСРО тарихы қысқада нұсқа көрсетілген және қайталау ретінде қарастырылады.

    Қырғызстандағы мектеп оқулықтарындағы әдістер: олар патриоттық құндылықты дәріптеу үшін және оны жастардың бойында сіңіру үшін кітаптарының алғашқы беттерінде – мемлекеттік ту, мемлекеттік герб, әнұран  кітаптың алғашқы бетінде көрсетілген.

 

Белоруссияда КСРО тарихының оқытылуы:

   КСРО ыдыраған кезде жасалған Беларусь тарихының оқулықтары қайта жазылды.Белоруссияда оқушыларға тарихты оқытуда «оқу пәнінің тұжырымдамасы «атты құжатпен реттеледі. Беларусь тарихының,  негізгі міндеті білім алушыларға дүниежүзілік тарихи процесс және оның Белоруссиядағы орны туралы жүйелі білім беру. Мұғалімдерге арналған құжат «Отан азаматы мен патриотын» тәрбиелеуге міндеттейді.

Мектеп оқулығына көз жүгіртетін болсақ 9 сыныптың мектеп бағдарламасы

     Кітаптың кіріспе бөлімінде «Әртүрлі пікірлермен танысқан кезде, әр пікірге құрметпен қараңыз, бірақ өз пікіріңіз бойынша пікірталасқа түсуге болады. Бұл сізге мәлімдеме жасауға, басқалардың тыңдауға деген дағдының қалыптасуына көмектеседі». Президент Лукашенконың, білімі бойынша тарихшы, кеңес басшыларын, оның ішінде «Иосиф Виссарионовичтің  Сталинді» жамандамау туралы талабы ескерілген. 90-шы жылдары белсенді болған тарихи оқиғаларды түсіндіру туралы пікірталастар кең және көпшілікке жария етілмеді. Мектеп оқулықтарында Сталин дәуіріндегі репрессияға арналған жеке тарау жоқ. Бұл тақырып әр түрлі тарауларда айтылады, онда белгілі бір әскери басшылардың қамауға алынғандығы туралы хабарланады, бірақ қуғын-сүргін туралы айтылмайды немесе «халықтың жауы» деген сөздің мағынасын түсіндірмейді. Тарихи тақырыптарды талқылау формалары және оларды ұсыну тәсілдері оқулықтар мен кітаптарға шолулар мен тар кәсіби конференцияларға дейін қысқарды. Тарихи оқиғаларды баяндау қазіргі биліктің талаптарына қайшы келетін кітаптар шығарғаны үшін бірқатар Беларусь зерттеушілері оқытушылық орындарынан айырылды.

Мәселесі: Репрессиясыз тарих дей отырып Беларуссиядағы мамандар орта мектептің 11-сыныбына арналған оқулықтағы 1917 жылғы қазан төңкерісіндегі оқиғаларды даулы деп санайды. Оқулықтың авторы тарих ғылымдарының докторы, профессор Евгений Новик оқушыларға арналған мәтінде Қазан төңкерісі енді «ұлы» деп аталмайтынына өкіне отырып жазады.

Белоруссиядағы мектеп оқулықтарындағы әдістер: Тақырыптарға байланысты шартты белгілер өте жақсы берілген. Мысалы: тарихи оқиғаға байланысты осы заман тарихшыларының пікірі деп шартты белгімен көрсетілген. Тақырыптарға байланысты баруға болатын жерлерде шартты белгімен тақырыптар қозғалады. Иллюстрация бойынша оқушыларға суреттер берілген. Интерактивті тапсырмаларды QR код арқылы орындай алатындай мүмкіншіліктер берілген.

 

Тәжікістанның КСРО тарихының оқытылуы:

Кеңестік кезең аптасына бір сағат (жылына барлығы 34 сағат) оқытылатын жалпы тарихтың бір бөлігі ретінде оқытылады. Сонымен, 9-11-сыныптар аралығында КСРО тарихын оқуға тоғыз сағат бөлінген.

Ұлы Отан соғысы тәжік халқының тарихын зерттеу, соғысқа қатысуы арқылы айтылады. Бітіруші сыныпта Тәжікстанның қазіргі тарихы оқытылады.

Бірнеше жыл бұрын Білім министрлігі Тәжікстан мектептері үшін 19 ғасырдың 60-жылдарынан қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын жаңа тарих оқулығын шығарды. Алайда қаржы мен аудармашылардың тапшылығынан бұл кітаптар орыс, өзбек, түркімен тілдеріне аударылмаған. «Бұрын кеңестік кезеңнің тарихы өзгермейтін, қайта қарауға болмайтын, өзгермейтін ақиқат болатын.

ІІІ. Қорытынды

 

Қорыта келе Кеңес үкіметінің тарихының оқытудың маңызы өте үлкен. Кеңес үкіметінің тарихы, оқыту жүйесі мен білім берудің мәжбүрліктері мен болашаққа түсу жолындағы даму мәселелерін анықтауға көмектеседі.

Білім, оқыту жүйесі, жасалынған кітаптар, оқыту жұмыстары, білім берудің мақсаттары және оқыту барысындағы көрсеткіштер бойынша кеңес үкіметінің тарихы алғашқы рет түсіндірілген білім азаматтарының дамуы мен олардың қоршаған мақсаттарын талқылауға көмек көрсетеді.Тарих бойынша мәліметтер мен оқиғалар, кеңес үкіметінің жасаған саясат, әрекеттері мен стратегияларын ақпараттық базасыy қолдана отырып, болашақта қателіктер жібермеуге көмектеседі. Тарихы оқыту маңызы арқылы кеңес үкіметі білім алу процесінде инновацияларды қолдану, адамдардың өз білімін арттыруына көмек көрсету, жаңа жағдайлардың анықтамасын ұқсастыру және мемлекеттік стратегияларды қолдану арқылы қоғамның мәдени дамуын үстемдік етуіне ықпал етеді. Қандай тарих болса әр ел өз мемлекетінің маңызын көрсету үшін тарихтың барлық бөлігін өтуге міндетті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. expo-books.ru/category/book?id=11230
  2. https://uchebniki.by/media/download/files/ic_bgu/Ist_Bel_1917_nXXI_9kl_Panov_rus_2019.pdf
  3. https://uchebniki-online.

 

Орындаған: 7М01601-Тарих мамандығының 1 курс магистранты

Диханбаева Гулбану

Жетекшісі: Ғыл.жетекшісі: т.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі Кәрібаев Б.Б

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *