Қарапайымдылық дегенді қалай түсінесің?

Қарапайымдылық дегеніміз – менмендікке мүлдем қарама-қарсы қасиет. Қарапайымдылық – бұл
адамның бар болмысын ашып көрсететін асыл қасиет болып саналады. Қарапайым адам көкірек
көтеріп, менменсіп бөсудің орнына, өзінің шектеулі мүмкіндігін дұрыс бағалай біледі. Сондықтан
да мұндай адам өзгелердің көңіліне қарап, сыйлап, көзқарасымен санасады.
Негізінен, қарапайымдылықты айтқанда адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммед Пайғам­барымыздан
(с.ғ.с.) асқан үлгілі адамды таппаймыз. Айша (р.а.) анамыз Пайғамба­рымыздың (с.ғ.с.)
қарапайымдылығы жөнінде мына бір оқиғаны әңгімелеп берген: «Алла Елшісінің (с.ғ.с.) алдына
тамақ әкеліп: «Жантайып ішіңіз! Жантайып ішкен өте ыңғайлы», — дедім. Сонда Ол (с.ғ.с.) маған:
«Құл қалай жесе, мен де солай отырып ішемін, бірақ жантайып емес», — деді. Осылайша, өмірінің
соңына дейін Алла Елшісінің (с.ғ.с.) жантайып ішкенін көрген емеспін». Пайғамбарымызға (с.ғ.с.):
«Сізге биік орын жасайық. Сол жерде тұрып, адамдарға насихат айтарсыз», — деп айтқандарға,
өзінің қарапайымдылығы себепті мынаны өсиет еткен: «Мені өз дәрежемнен артық
дәріптемеңдер! Алла мені пайғамбар етіп жібермей тұрып, ең алдымен құл етіп жаратты» деген.
Яки, адам пенде болып жаратылған соң, бір-бірінен артық емес, тек бір-бірінен
қарапайымдылығымен, асыл қасиеттерімен ерекшеленеді.
Менің ойымша өзіңді өзгелерден биік ұстамай, өзгелердің көзқарасымен санасып, жаман
қасиетіңді тыйып, жақсылыққа жаның құмар болса ғана қарапайым адам болып саналасың.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *