Тарихты оқыту әдістемесі: Дәстүрлі және жаңа тәсілдер

І. Кіріспе

     Эсседе Қазақстан Республикасындағы  негізінен стандартты білім беруде көрсетілгендей сабақтарды өту жоспарында тарихты оқыту үшін дәстүрлі тұрғыдан және жаңартылған тәсілдерді тиімді пайдалану мәселелері қарастырылады.

     Бүгінгі күнде отанымыз негізінен білім берудің негізгі мазмұны жағынан жаңа бағыттарға бет бұрды . Алғашқы президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде былай деген болатын  «Біз қазір білім – ғылым- инновация» деп аталатын постиндустриялық әлемге қарай бет  алып келе жатырмыз» деп көрстекен болтын. Отанымыздағы   жаханданған үдерістерге атынан баруы қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа әрі сапалы деңгейдегі  алға басуда  қажеттілікті арттыру керек екені баса назарға қояылып отыр. Оқытудың бағдарламасының негізінде білім алушылардың  тарихи оқиғаларға түсіндірудегі ерекшеліктері тиімді болатны  тәсілдер арқылы  түсіндіруге негізделіп бүгінгі к күннің білім саласындағы өзектілігмен мәселел тұрғысынан қарастыруымен ерекшеленеді. Себебі,  ХХІ ғасыр заманының негізгі талаптарының бірі бәсекеге қабілетті бола алатын ұрпақты тәрбиелеуіміз басты мақсаттарымыздың болып отырған жайы бар. Бүгінге дейін оқытылып келе жатқан  дәстүрлі әдістер сабағымызда өзінің жағымды және жағымсыз жақтарымен де ерекшелініп отыр, дәстүрлі әдістер көбінесе  ерекшеліктерін біз тарих сабағын оқыту кезінде  қалай пайдалануға болатындықтары айтылып өтілетіні сөзссіз.

     Мақала тек ғана дәстүрлі емес одан бөлек жаңартылған білім мазмұны негізінде  жаңартылған оқыту  әдістерінің жинтығында құрайды. Олар  визуалды әдістер, имитациялық әдістер, интербелсенді әдістер, және АКТ-ны сабақта пайдаланалатын әдістер  болып отыр. Білім алушылардың ең бірініші функционалдық сауаттылығын арттыру қажет, жазылым, оқылым, айтылым дағдыларын қалыптастырудағы негізінен жан-жақты талдаулар жасалады.

    Күнделікті білім беру кезінде үдерісінде дәстүрлі және жаңа әдістер жағынан сабақ мақсаттарының жетілдіруге және білімді алушылар өздерінің алған білімдерін және дағдылары негізінен осы оқығандарын  оқуда да  және өмір жаңдайларында да, шығармашылық кезінде де пайдалануларына, өз дайындықтарын толықтай қалыптастыруларына, құндылықтар жүйесін бойларына сіңіруге тарих пәнін тиімді әдістерді тәсілдердің пайдалану үшін  жұмыс негізгі жан-жақтылықтарын танытып отыр.

    Бұл мақаладағы негізі мақсат тарих пәніне деген оқытудыі дәстүрлі әдістерін жәнге  жаңаша  әдістерінің іштерінен өтетін яғни өтімді әрі қажет болатын әдіс тәсілді практикаға пайдалану негізінен тиімді болуындағы ерекшеліктерді атап көрсету болып отыр. Ойшыл атамыз Жүсіп Баласұғұн айтқандай «Басқаларды үйрете жүріп өзіміз үйренеміз». Ал өзгелерді яғни білім алушыларға білгеніңді немесе нені білу керектігін ескере отырып үйретуде ең алдымен, соны қалай үйретіп жеткізуді  білу шарт болып отыр. Бұл мақалада мен негізінен осыны басты назарда ұстадым, қолданыста  болып келген дәстүрлі әдістерімізбен мен жаңаша әдістеріміз түрлер жағынан тиімді және оны тарихты оқытуда қолдануда пайдасының зор екендігі жайында айтылып отыр.  Мұғалімнің шеберлігімен  шығармашылығында – көптеген  ізденістер жатыр осының негізінде оқытушы өз кәсіби біліктілігі арқылы кез-келгенін үйрете алатын дарыны бар. Білімді үйрету сөздер арқылы емес, өз әрекеттері арқылы ғана  үйретуді басты назарда қою қажет. Себебі қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті әрі білімді ұрпақты тәрбиелеуіміз басты назарға қоятын мақсат болып отыр. Біз тәрбиелеп отырған мына өз заманның жас буыны техниканың дамыған заманында, қызығушылықтарын өз қызығушылықтарын басқа жақтардан іздеп  жүр, еретң осы жастар еліміз үшін өз қызметтерін жасамаса немесе жасай алмаса  ол біздің тәлім тәрбие беретін біз ұстаздар үшін ең үлкен қателік болатын сөзсіз.  Қазіргі құбылған мына заманда жас буынымыздың білімі мен бойындағы құндылықтары, дағдыларығ қабілеттерін көтерген толық кемел адам болуы үшін бүгінгі ұстаздардың негізгі қаруы — білім болуы қажет. Ал білім дамып кеткен  мына заманымызда дайынды тек қабылдауға  үйренген болашақ жастарымызды ғылым мен білімге үйретуге деген ұстаздардың яғни біз үшін ең  үлкен жауапкершілік болып отыр. Мақаланың негізгі  мәселесі білім беруде жаңа оқыту әдістері мен дәстүрлі әдістердің мәні негіздерін  түсіне отырып, оны қалай пайдаға асыратынымыз ол  ұстаздың  өз шеберлігін арттыруы болып отыр.

ІІ. Негізгі бөлім

 

    Білім алушыларға жүйелі түрді  білім бере отырып, өз алған білімінді әрі қарай іскерлігі мен дағдыларын дамыта отырып, қалыптастыруы, оқу кезіндегі негізгі проблемаларды шешу сабақ беру барысында  іске асырылады. Сол себепті сабақ беруде қолданылатын әдістеріне әрқашан да ерекше назар аударып, оны жетілдіріп отырып дамыту әр ұстаз үшін кәсіби міндет. Әдіс тәсілдерді кез-келген пәнде қолдануға болды ол әдісті түрлеріне қарай екіге бөлуге болады: дәстүрлі оқыту әдістері және жаңа оқыту әдіс тәсілдер деп бөлінеді. Ең бірінші талдап көрсеткелі отырған оқыту әдістерінің бірі —  дәстүрлі әдістер болып табылады.

     Дәстүрлі оқыту әдістері – оны басқаша дәстүрлі сабақ формасы деп те атасақ болады.Ол өткен ғасысдан бастау алып, күні бүгінге дейінгі уақыт жалғасып келе жатқан білім беру жүйесі.Дәстүрлі білім берудің мақсаты мен міндеті- жаңа білімді беру мен тарих пәніндегі өзекті ақпараттар мен қызықты тарихи деректерді,мәліметтерді көрсету арқылы теориялық білім беру.

    Білім алушы тарихи тұрғыдан тақырыпқа байланысты  бұрын өзіне беймәлім деректер мен ғылыми зерттеулермен танысады, түсіну барысында әрекет ету мен пайымдаудың жаңа тәсілдерін қолдана алады. Оқытушыдан алған ақпараттарын, өз теориялық біліміне сай тиісті тапсырмаларды орындай отырып, алған білімін практика жүзінде қолданады. Педагогика ғылымының басында тұрған, зерттеушілерден бізге мұра болып келген әдістерді дәстүрлі деп атайды.

    Қазіргі таңда жаңартылған білім берудегі бағдарламаға  2016 жлы толық көшкен едік,ал оған дейін дәстүрлі білім беру форматын ұстанғанбыз.Бұл бағдарламаның да өзіне сай ерекшеліктері бар ,яғни мұғалім теориялық білім мен дағдыны білі алуыға бере алуы, сабақты тек бір жақты белсенділікпен тек өзі сөйлеп шығу арқылы сипатталады.Берілген тапсырмаларды мұғалімнің нұсқау,ережесімен ғана орындап шығуы керек.Нәтижесінде білім алушылар тек білім,білік,дағдының тек бір бөлігін ғана игереді.Бұл оқыту процесінде баланың тапсырма орындайтын уақыты тапылықты, ал мұғалімнің тақырыпты түсіндіріп,аөпарат беруіне жеткілікті уақыт жұмсалады.

Дәстүрлі әдіс тәсілдердің түрлері:

  1. Түсіндірмелі-иллюстративті немесе репродуктивті (әңгіме, лекция, семинар)
  2. Проблемалық (проблемалық мәселелерді, мәселелерді, жағдайларды шешу)
  3. Зерттеу (мәселені студенттер өз бетінше, бірақ мұғалімнің жетекшілігімен шешеді)

    Бұл дәстүрлі әдістерді біз әліде тарихты оқытуда кеңінен пайдаланамыз. Дәстүрлі сабақтың тиімді және тиімсіз тұстарына келгенде менің осы жөнінде өз көзқарасым екіге бөлінеді:  Бірінші, көзқарасым мұғалім өзінің теориялық білімін бермесе білім алушының өзіне қажет ақпаратты жеткілікті деңгейде ала алмайды. Теориялық білімді жеткілікті дәрежеде естіген білім алушы оқыту процесінде көптеген тарихи оқиғаларды есте сақтайды.  Дәстүрлі оқытудағы басымдылық алатын тұстары- шектелген уақытта  тарих сабағында дәрісті пайдалану тиімді.Себебі, тарих тек теориялық білімнен тұратындықтан,тек түсіндіруді және сөйлеуді талап ететін пән.Дәріс арқылы білім алушылар тарихи даталарды,тарихи оқиғаларды, тарихи ауызша деректерді мұғалімнің аузынан естіп,материалды түсіне алады.Дәрісте қажетті және көп ақпарттың берілуі оны мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті мен құыреттілігіне сай болады.Мұндай оқыту түрі арқылы білім алушылар берілген ақпаратты сараламай тек қажетті және керек ақпаратты алуға бағытталады. Сонымен қатар, ол білімді игеру мен жетілдіруді және оны ұқсас жағдайларда қолдануды қамтиды. Осылайша дәстүрлі оқытудың дамушы жүйелері мен принциптері арқылы барлық білім алушылар  тарихи оқиғаларды есте сақтауда шығармашылық тұрғыдан белсенді қызметте болуына, тарихшы мұғалімнің әр білім алушыға жеке назардың болуына, топтық жұмыстың басымдығына, әр білім алушының өздігінен тапсырмаларды жүзеге асыру мүмкіндігіне, бұл әрине балалар арасындағы тұлғааралық қатынастардағы сапаны жақсартады, білімалушылардың әлсіз және күшті жағынан  бөлінуін жояды оқытушы үшін балаларды саралауға мүмкіндік береді және сол арқылы аудиторияны  біріктіреді, бұл процесс оқу процесіне жақсы әсер етеді деп айта аламыз.

     Екінші бір түрі ол – жаңартылған оқыту әдістері. Жаңа әдістердің — оқытуда интерактивті формаларын және олардың функцияларын сабақта пайдалану болып табылады. Қазіргі кездегіжаңартылған білім берудіңғ негізгі бағдарламасының артықшылығының басым тұстары сабақта көптеген интербелсенді әдістердің қолданыста қолданылуы. Себебі, техниканың дамыған заманында, әсіресе ұялы телефонның белең алған кезеңінде, білім алушылардың дәстүрлі сабақ беру әдісімен пәнге деген қызығушылығын арттыру былай тұрсын, жай ғана сабаққа деген назарын аударту қазіргі таңда мүмкін болмай отыр. Сондықтан да интербелсенді әдістерді қолданудың басым тұстары тиімдірек болып келеді.

Жаңартылған оқыту мазмұнындағы әдіс тәсілдер ( олар интербелсенді және имитациялық әдістер):

  • Рөлдік ойындар
  • Кейс стади әдісі
  • Дебат
  • ми шабуылы
  • жоба әдісі
  • мәселелік ойлау
  • сыни ойлау
  • Джигсо
  • SWOT анализ
  • Кинометафра әдісі т.б

    Мысалы, ретінде сабақта жиі қолданылып жүрген кез-келген бір интербелсенді әдісті алуға болады, сабақта мәселелік сұрақтарды ортаға тастаумен бастауға болады. Мәселелік оқытудегеніміз өзіміз білетіндей мұғалім оқытуда материалдарды әдістерді өзгертіп ғана отыруға мүмкіндіктер береді, ал бұл оқытудың  түрі білім алушылардың ізденісімен ғана шектеледі, сонымен бірге өзі орындаушыларын шығармашылықтарын белсенді қызметтерінде көрсетіледі. Мәселелік оқытудың айырмашылықтары мынада білім алушылар айын ақпаратарын өздері қолданып ғана қоймайды, сол мәселелерді  ізденуші адам ретінде өзгереді. Осы арқылы біз білім алушының функционалды сауаттылығын қалыптастыра отырып, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетіне пайдалана білуге үйрету. Сол үшін де бұл әдіснегізі  өмірмен байланыстыру  ұғымына негізделген.

    Жаңа оқыту білім беру бағдарламасын да тарихи оқиғалар бойынша білім алушыларға сыни тұрғыдан ойлауғада, шығармашылықтарында қолдана білуде  және оны тиімді жүзеге асырудақажетті әрі тиімдірек оқыту әдіс-тәсілдерді үйретіледі. Негізінен мәселелік оқытудың мақсатымынада — оқушының  тарих пәнін  тереңдей түсінуіне өз  қабілеттерін дамытуына, алған білмдерін өз қажеттіліктерінде тиімді жолдарында пайдалана білуін негізінен жеке қамтамасыз ете алуы болып отыр.

    Кіріспеде айта өткендей жаңартылған оқыту әдістерінде АКТ ны қолданудың тиімді тұстарыда бар. Сабақта АКТ-ны қолданудың ең көп тараған түрі – оқыту кезінде электронды презентацияларды пайдалану. Тарих пәнінің оқытушысы электронды презентацияны сабақта көрнекі материал ретінде пайдаланса әбден болады. Бұл презентацияларды тарих сабағында  жаңа материалды оқып білуге, алған білімдерін бекітуге және бақылау сабақтарында пайдалана алады. АКТ-нің екінші бір түрі флэш-фильмдер тарих сабағында тақырыптардағы соғыстарды, шайқастарды оқу кезінде өте қолдану тиімді, себебі олар бізге оқиғаларға шолу жасауға толықтай анық көруге, болып жатқан оқиғаны көзбен елестетуге мүмкіндік береді.

   Жаңартылған оқыту әдістерін сабақта пайдалануда төмендегі жетістіктер ге жетеміз:

  • білім алушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырады;
  • сабақты қызықтырақ , мағыналы өткізуге мүмкінде береді
  • білім алушылардың оқуға деген ынтасын көтереді;
  • білім алушылардың ойлауын дамытады;
  • оқушылардың тарих сабағына деген назарын аударады

    Осы интерактивті әдістерді пайдаланғанымыз да жаңартылған оқу білім беру бағдарламасында тағыда бір артықшылықтарға уақыттың көп бөліктері білім алушылардың өздеріне қалдырылады. Сабақта одан бөлек кері байланыстарды және рефлекция жасай алу арқылы сабақта тиімді өте аламыз.

— Мен  не біле аламын ?

— Бүгінгі сабақтан не  білдім?

— Мен болашақта нені білгім келеді?

деген сұрақтардың айналасында өздерінше ойларын бөлісіп, кері байланыстарын жасау арқылы мұғалім сабақты аяқтай алады. Осы әдңстер негізінде  мұғалімнің ең  басты мақсаты білім алушылардың белгіліенген бір білімділігі тұрғысынан немесе теорияны ғана  игеруін  ғана қамтымайды, сонымен бірге олардыңда оқуға деген қызығушылығын дамытуы қажет және білім алуға үйретулері қажет болып табылады.

 

ІІІ.Қорытынды

Қорытындысына  жаңартылған әдістермен дәстүрлі  әдістердің кез-келген бір екі  әдісті біріктірген келесідегідей жаңаш әдіс ала аламыз. Мысалы ретінде: дәстүрлі оқытудағы әдістен   лекция әдісін алсақ, ал жаңа оқыту  әдісінен  имитациялық әдіске кіретін рөлдік ойындардың әдісін алсақ  оларды келесідей етіп  қосумызға болады. Мұғалім аузша айтатын дәрісті яғни ауызша баяндаманың негізін  оқушыларға ойын рентінде көрініс сияқты  жасап рөлдік ойындарға деп аталатын әдісті алып сабағымызды қызықты ретінде өткізе аламыз. Себебі балаға сабақтың ауызша айтылғаны іштерін пыстырып қызығушылығын арттырмаулары мүмкін.

Бұл екі әдісті біріктіру арқылы келесідегідей нәтижелерге жете аламыз:

  • Студенттердің белсенділіктерін арттыру
  • Сьуденттердің алушылардың шығармашылық тұрғыдан қызметін дамыту
  • Студенттердің айтылым дағдысын қалыптастырумыз қажет
  • Сабаққа деген оқушылар кейс стади арқылы өз рөлдерін зерттеп өз қызығушылығын арттырады
  • Тарихи оқиғаларды есте сақтауына ықпал ете аламыз
  • Барлық білім алушылар қамтылады
  • Үлгерімі төмен білім алушыларда сабақта белсенділік көрсетеді

   Қорытындылайтын болсақ, ұстаз жұмысының нәтижесі өз  шәрікті білімді болумен ғана шектелмей, өз бетімен ізденіс жасауы, сол алған білімі өз қажетілігіне қолдана алуы. ХХІ ғасырда ұрпақ тәрбиелеу ісінде бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу ұстаз мойнына жүктелген ең үлкен жауапкершілік.

                                                                                                  Орындаған: 7М01601-Тарих мамандығының 1 курс магистранты

Диханбаева Гулбану

Жетекшісі: Ғыл.жетекшісі: т.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі Кәрібаев Б.Б

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *