Кітап оқуды қалай әдетке айналдырамыз?

Кітап оқудың бірқатар артықшылықтары бар, мысалы есте сақтау қабілеті мен сөздік қорды жақсарту, өмірге деген көзқарас көкжиегін кеңейту, ақпаратты жылдам өңдеу қабілетін игеруге кітаптың көмегі зор. Көшеде,автобуста,кафе бұрыштарында кітап оқып отыратын адамдарды жиі кездестіреміз, бірақ өзіміз оқиын десек ұйқымыз келіп я болмаса әлеуметтік желіні бір ақтарып шығуға құлшынып тұрамыз. Тіпті «кітап оқу» жыл сайын жаңа жылда беретін уәделер қатарында қалып қояды. Сонда қалай кітап оқуға дағдыланамыз? Алдыда айтылатын кеңестер сіздің өміріңізде кітап оқуды әдетке айналдыруға көмектесетініне сенімдімін.

      Кітап оқуды күнделікті рутинаға айналдырыңыз. Әдетте біздің іс әрекеттеріміз сол мезеттегі сигналға байланысты.Мысалы үстел үстіндегі тәттілерді көріп міндетті түрде жеп көреміз,немесе көз алдымызда жатқан пультті байқасақ теледидарды қосып қоямыз, сол секілді кітапты сөрелерде шаңдатпай көзге көрінетін жерлерге қойып қойыңыз, ал үйде сирек болсаңыз сөмкеңізге қызықты деген бір кітапты ала жүріңіз. Кітап көз алдыңызда үнемі болса, оны қолыңызға алып оқылу мүмкіндігіде соншалықты жоғары.

     Қоғамдағы трендке емес өз қызығушылықтарыңызға көңіл бөліңіз. «2024жылы оқылуы қажет ТОП 5 кітапты» оқу барлығы үшін міндетті емес. Себебі сізге қызықты болмайтын кітапты қанша оқуға тырыссаңызда нәтижесі сәтсіз аяқталары сөзсіз.Тіпті бір кітапты бастағаннан соң тастап кетуде қалыпты,өзіңіздің стиліңіз бен жанрыңызды тапқанша кітаптан кітапқа секіруден қорықпаңыз.Әртүрлі авторлар мен жанрлар туралы ізденіңіз.Бастысы өзіңіздің болмысыңызға қарсы шықпаңыз.

     Аз аздан бастаңыз. Көп адамдардың жіберетін қателігі бір күнде 30-50 бет кітап оқуды жоспарлау,алайда сіз миыңызға қаншалықты көп ауыртпашылық салған сайын санаңызда соншалықты ол іс әрекетті жасаудан қашқақтайтын болады.Кітап оқуды енді бастап жатқан жандар күніне 15 минут арнасада жеткілікті. Бірақ кітап беттерін емес сіз алған мәліметтер санына назар аударыңыз,түсінбеген беттерді қысылмай қайта оқып шығыңыз.Аз-аздан үздіксіз техникасы әрқашан актуалды екенін естен шығармаңыз.

     Форматтармен тәжірибе жасаңыз. Ия қазіргі тұрмыс тіршіліктің қарқыны сондай жылдам кітап тұрмақ өзімізге уақыт қалмауы мүмкін,бірақ қазір кітапты түрлі форматта оқуға мүмкіндік бар. Қағаз кітаптан бөлек аудиокітап және электрондық кітаптардыда оқып,тыңдап көріңіз. Бұл сізге уақыт пен тиімді білім алуды ұштастыруға көмектесетін болады.

      Кітап оқуды эстетика мен әдемілікке толы ритуалға айналдырыңыз, кітап оқу процесін барынша жайлы процеске айналдырыңыз. Сүйікті кофеңізді жасап,жайлы кереуетке жайғасып таза ауа мен тыныштықта,тіпті болмаса саябақта отырып оқуға тырысыңыз бұл сізге кітап оқудан ләззат алуға көмек береді. Ал процесс сізге қатты ұнаса миыңызда сол процесске жиі қайта оралуға итермелейтін болады.

 

Осы кеңестерді ұстану арқылы сіз кітап оқудың іш пыстырарлық емес таңғажайыпқа толы процес екенін түсінетін боласыз. «Кітап оқитын адам бір өмірінде 100 адамның тағдырын сүре алады, ал кітап оқымайтын адам тек бір тағдырды арқалап өтеді» деген сөздің мағынасын түсінгіңіз келсе кітап оқуды жұмысқа емес әдетке айналдырыңыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *