Кітап-рухани жан азығы

Адамды адам ететін білім.Білім көзі-кітапта.Себебі онда біз біліп болмайтын білім жатыр.Расул Ғамзатов айтқандай:”Өзіңді өзің тану үшін кітап керек.Өзгені де тану үшін кітап керек”,-сондықтан кітап оқуға ерінбеу керек.Кітап оқуды әдетке айналдырған адам-кітапппен дос болды деген сөз.Ал бұл достық әлемдегі ең жақсы достықтардың бірі.Себебі кітап сізді өтірік сөйлемеуге,адал болуға,адам бойындағы ізгі қасиеттерді сіңіруге көмектесетін дос.Сұрақтарыңыз туындаса жауабын табатын,қиналсаңыз жұбататын,адассаңыз дұрыс жолға салатын,асып таспайтын асыл дос-кітап.Ол сіздің ең жақсы досыңызға ғана емес,өміріңіздің ақырына дейін сенімді серігіңіз болады.
Кітапхана-әлемнің сыры жасырынып жатқан сыр сандық деуге келеді.Ешқандай адам табиғаттағы барша кітапты оқып біте алмайды.Болмыстың мақсаты-барынша ұзағырақ ұмытпау.Кітапханаларға оралатын болсақ қазіргі таңда елімізде кітап оқуға оқырмандарға жақсы жағдай жасалынып жатқаны жасырын емес.Жасалынып жатқан іс-шаралар саны да аз емес.Іс-шаралар,сонымен қатар түрлі жарыстар оқырман назарын аудартуға өте көп септігін тигізеді.
Әр адам жеке тұлға ретінде дамыса,еліміз дами түспек.Сондықтан білім алу өте маңызды.Өзіңіз қалаған салада білім алғыңыз келсе,ол туралы жазылған кітаптар өте көп.Ең бастысы кітап оқи білу керек.Оқығаныңызды өмірде қолдана білу керек.Дамыған заманда білім алу жолы өте көп.Бірақ барлығы ақылы.Тіпті қазір кеңес сұрап зиялы адамға барсаңыз,ол да біліміне ақы сұрайды.Онлайн курстар оқығыңыз келсе де ақы төлемесеңіз оқи алмайсыз.Ал,кітап сізге әлемнің бар білімін бере алатын,сонымен қатар ақы сұрамайтын білім көзі.Сондықтан кітап оқуға ұмтылайық,құрметті оқырман!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *