Жоңышқаның маңызы

Жоңышқаның маңызы

Қазіргі таңда еліміздегі басты мәселелердің бірі жем-шөптегі протеин мөлшерінің жетіспеушілігі және сүт өнімдерін дайындау кезіндегі шығындар 1,5 есеге дейін шарықтап өсуі және оның бағасының қымбат болуы. Белгілі көрсеткіштермен есептегенде сүттің өнімділігі шамамен 9-13%–ға дейін өсу керек. Сонымен бірге алынған өнімдердегі шығындардың азаюы, өнімнің мөлшерінің, сапасының төмендеуі басты себептердің бірі болып табылады. Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісінің басты міндеті үнемі мемлекет халқын сапалы азық-түлік өнімдерімен, мал шаруашылығында жеткілікті шамада жем-шөп қорын жасау және өнеркәсіп орындарын негізгі шикізат көздерімен қамтамасыз етіп отыру. Қазақстан аграрлық мемлекет болғандықтан оның халық шаруашылығының басты саласы ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы.

Еліміз мал шаруашылығы бойынша алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі, жем-шөп өндірісі бойынша көптеген мүмкіндіктерге ие.

Республикамыздың оңтүстік аймағындағы ақуыз өнімдерінің негізгі өндіруші көзі болып жоңышқа есептеледі.Мал азықтық шөптердің ішінде жоңышқа жоғары сұранысқа ие. Мал шаруашылығында аса бағалы жем-шөп болып есептелінеді. Жоңышқаның құрамында малдың организміне пайдалы белоктардан бөлек, минералдық заттар, яғни фосфор, кальций, натрий, магний қоспалары да көптеп кездеседі. Жоңышқа аса бағалы дәрумендерге бай болғандықтан таза табиғи өнімдер алуда кеңінен пайдаланылады, жоңышқа егістік алқабында арамшөптермен бірге араласып өсетіндіктен топырақ құнарлығын бірмаша жоғарылатады. Елімізді 2022 жылғы Президентіміздің жолдауында ауыл шаруашылығының дамуының жаңа жобасы ұсынылды. Еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» тақырыбында халыққа жолдаған жолдауында ауыл шаруашылығын ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету жоспарланған. Жобаның негізгі мақсаты – табиғат ресурстарын тиімді пайдаланып, агро – өндірістік кешенде жаңа технологиялар жасап және оны өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми негізде ел халқын азықтық өнімдермен және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыздандыру.

Қазақстанның оңтүстік аумағында қыс мезілінің жылы, шырайлы күндерінде топырақтың құнарлылығына сәйкес жоғары ақуыздың көптеген ғасырлық жем-шөп өнімдерін өндіру мүмкіндігі аса жоғары. Дәл осындай жоғары сапалы өнімді шөптің бірі – жоңышқа. Қызылорда облысының мал азығы өндірісінде малға жем-шөп дайындау төменгі салада жүзеге асырылады. Жоңышқаны өсіру, күтіп-баптау жұмыстары оның химиялық құрамына, құнарлығына, биологиялық қасиеттеріне байланысты. Сондықтан да оның жақсы өсуі, сапалы болуы, құнарлы азық өндіру үшін оны зерттеу жұмыстары басты назарға қойылған. Соған байланысты, жоңышқаның өсіру технологиясын зерттеу, жоғары инновациялық – технологиялық жаңару жұмыстары басты мәселеге айналып, тақырыбымыздың басты мәселелерінің бірі болып табылады.

Қазіргі жем-шөп дайындау мәселесінің басты мақсаты өсімдіктердің белоктарын көбейту және көп жылдық шөптермен қоса жем-шөп дайындап, белоктарын көбейтіп, өнім сапасын арттыру болып табылады.

XX ғасырдың 40-жылдарында бай-бақуатты адамдар өздерінің жерлеріне жоңышқаның тұқымын Франциядан әкеліп еге бастады. Әдепкі уақытта ол Украина елінің климатына, яғни ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты өнбеді. Алайда, сол аймаққа тән жабайы жоңышқамен араласып, гибрид түзіп, климаттың қолайсыз жағдайларына төтеп бере алды. Соңғы жылдары жем-шөп өндірісінде жоғарғы деңгейдегі жаңа технологиялар іске қосылуда. Ғалымдардың айтуыншы, көк жоңышқа өте сапалы, әрі өнімді және бұталары мен жапырақтары көп мөлшерде болады.

Суармалы жерлерде, ауыспаалы егістерде бұрыннан жиі егілетін өте бағалы, көп жылдық екпелі шөп – жоңышқа. XX ғасырдың орта кезінде жерді тиімсіз пайдаланып, құнарсыздануына байланысты жем-шөп мәселесі өзекті тақырыптардың біріне айналды, бірақ ол мәселені ешқандай мемлекет өздігінен ұтымды шешімін таба алмады. Жем-шөп дақылдарын өндіру үшін егістіктің белгілі бір алқабын пайдаланады. Тек жем-шөп мәселесінен басқа мәселелерге аймақтың диқандарын тарта бастады. Әлем ғалымдарының қызығушылығын ашқан жоңышқаның жерді құнарландыруда белсенді екендігі және жоңышқадан кейінгі себілген дақылдың өнім мөлшері мен сапасының жоғары деңгейде болуы.

Жоңышқа тамырында азот түйнек бактерияларының болуымен ерекшеленіп, бағалы қасиетке ие болып табылады. Жоңышқаның тамыры мықты дамыған, үшкір болып келеді, ал бұтасы түзу және жапырақтары көп болады.[9] Жоңышқаны егу өсімдіктердің шіріп, зақымдалуын күрт азайтады. Жоңышқа тамыры мен топырақ қалдықтары ыдырағанда топырақта дикумарин түзіледі. Ол, өз кезегінде, зиянкестер мен тасымалдаушылардың жойылуына әкеледі.

Зерттеу нәтижесі бойынша жоңышқа сабанында 28% ақуыз, 2,7% май және 30,2% жасуша бар. Жоғары сапалы жоңышқаны сақтау үшін оның химиялық құрамын жан-жақты зерттеудің маңызы зор. Бір топырақта өсетін жоңышқа тамыры зақымданған кезде биіктігі 10-12 см-ден аспайды. Жоңышқа жапырақтарының көптеп шығуы өнім сапасының жоғары екендігін аңғартады, себебі оның жапырақтарында каротин және белок 2-3 есе көп кездеседі.

Жоңышқадан сапалы өнім алудың ең тиімді жолы – озық агротехниканы қолдану. Жоңышқа дақылынан ең сапалы, тұрақты мол өнім алу үшін егістік орналасқан аймақтың климаты мен тұқым себу уақыты да маңызды рөл атқарады. Көптеген ғалымдар жоңышқаны суыққа төзімді деп санап және оны дәлелдеген.  Жоңышқа өте төменгі температурада да жақсы өсе алады және күзгі аяздарға төтеп бере алады. Осының бәрін ескере отырып, жоңышқаны өте ерте егуге болатынын аңғардық.

Ерте көктемде егілген тұқымдар топырақ пен топырақтың ылғалына жақсы араласып, оны тез сіңіреді, өйткені жапырақтардың үстіндегі жапырақ қабаты қысқы жаңбыр мен қардан ылғалды сақтайды. Мысалы: біздің тәжірибедегі зерттеу нәтижесіне назар аударатын болсақ, көктем мезгіліндегі ауа температурасының көтерілуі, қардың аз жауғандығы осының бәрі топырақтың жоғары қабатындағы ылғалдылығын жоғалтып, тұқымның өсіп шығуы үшін кедергі жасайды. Бұл мәселе ерте егудің қажеттілігін түсіндіреді.

 

 

Дайындаған: Бауыржан Айзат Нұрболатқызы

 

Қызылорда жоғары көпсалалы 

колледжінің арнайы пән оқытушысы.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *