Елімнің табиғаты

Табиғат-адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі,баға жетпе байлығы.Әлемнің әрбір мемлекетінің өзіне тән ерекше таибғаты бар.Сондай ерекше табиғатқа ие мемлекеттердің бірі-Қазақстан.

Ұлы ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болған болған еліміздің табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Қай өлкесіне барсаңда,өзінің таңғажайып табиғатымен таңғалдырады.Тіпті шетелге шығып,басқа сұлулықты,ерекшелікті іздеудің қажеті де жоқ.Құдды бір,барлық әсемдік пен сұлулық елімізде жинақталғандай.Шығысында Алтай тауларымен қоршалған бұл өңір Швейцарияның табиғатынан артық болмаса кем емес.Батысында Каспий теңізімен жалғасқан бұл аймақ өзінің әсем табиғаты,ерекше жаратылысымен адамды бірден баурап алады.Оңтүстігіміз әсем биік тауларымен,мөлдір өзен-көлдерімен,тарихи мекенімен ерекшеленсе,Солтүстігіміз бен Орталық өңірлеріміз жасыл табиғаты,тау-тасымен өзіндік сұлулыққа ие.Таңғалдырарлық табиғатқа ие мемлекетіміздің табиғатын сақтап,қорғау керектігінде ұмытпағанымыз жөн.Себебі бұл Жаратқанымыздың бізге берген сыйы,аманаты деп түсінемін.Сұлу,әсем көрініске ие Қазақстаныммен тағы бір мәрте табиғаты арқылы мақтана аламын.

Қорытындылай келе,еліміздегі ерекше,сұлу табиғатты бағалайық.Шетел асып,сұлу табиғат іздегенше,өз елімізді аралап,сұлу,әсем көріністің куәсі болған мың есе артық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *