“Дәстүрден жаңылмаған қазақ.”

«Дәстүрден жаңылмаған қазақ!»

Дәстүрлі әнші, Қазақстан дауысы жобасының финалисті, актер Ернар Амандықпен сұқбат.

— Сұқбатқа келіскеніңізге рақмет, көңіл күй қалай?
— Өте керемет!
Ернар, бірден сұраққа көшсек, әзір елдің бәрі эстрада әндерін тыңдайтын болды. Бәлкім бұл заман талғамы шығар қалай ойлайсыз?
– Шыны керек, бұл айтылмай немесе жазылмай жүрген жайт емес. «Қазір халықтың дәстүрлі әнге деген қызығушылығы азайып кетті» десем, жаңалық ашпаспын.
-Жақсы, мысалға, дәстүрлі әнді қалай дәріптеу керек? Бұл туралы сіз осыдан 2-3 жыл бұрынғы әңгімеңізде айтыпсыз. Дегенмен сол уақыттан бері дәстүрлі әннің дамуында алға жылжу бар ма?
– Бәлендей өзгеріс болды деп айта алмаймын. «Баяғы жартас, сол жартас» қалпы. Ашығын айту қажет, жақын арада өзгереді деу тағы артық. Шындығында бәрі насихатқа байланысты. Ал қазіргі жағдай қандай? Теледидарды қосып қалсаң, алыс-жақын шет елдерден көшірілген сапасыз, талғамсыз бағдарламалары көресің. Өзгенің қаңсығы, бізге таңсық заман болды ғой, тәйірі.
— Қазір халық әндерін эстрадалық нақышқа салу үрдіске айналды. Бұған сіздің көзқарасыңыз қандай?
– Халқымыздың төл мұрасы, халық әндерін эстрадаға салудың еш әбестігі жоқ. Бұл бір жағынан осынау асыл мұраны әзіргі жастарға жеткізудің таптырмас жолы. Салсын, тек… әннің ырғағын бұзып, даңғыр-дұңғырын көбейтіп жіберетіндеріне көңілім толмайды. Халық әндерінің ішінде де эстрадалық нақышқа келетіні, келмейтіні бар. Бұл тарапта халық әндерін қисынсыз өңдей беруден аулақ болған жөн.
— Ал өз басыңыз эстрадалық әндерді орындауға ықыласыңыз бар ма?
– Шыны керек, эстрадалық ән айтсам, ешкімнен кем түспеспін деп ойлаймын. Бірақ, маған бұдан әлдеқайда жауапты міндет жүктелген. Ол қазақтың әні мен күйін бүгінгі өсер ұрпаққа тарату, дарыту. Біржаннан бастап Ақан Серіге, одан кейін Үкілі Ыбырайға берілген міндетті кейіннен Мәди, Жарылғапберді жалғастырды. Олардың өкшесін басқан Әмірелер де ұмыт болған жоқ. Олардың ізін Жәнібек, Қайрат ағаларымыз жалғады. Өз кезегінде Рамазан, Бекболат ағаларымыз іліп әкетті. Біз бұлардан кейінгі буынбыз. Бәріміз жеңіл-желпі әннің соңына түсіп, эстрадалық сахнаға шығып кетсек, киелі өнерді кімде қалдырамыз?
— Жақсы, бүгінгі сұқбатта біраз дүниелер айтылды деп ойлаймын, ішкі дүниелер ақтарылды, соңында, алтын уақытыңызды бөлгеніңізге алғыс, шығармашылық табыс тілейміз!
— Сіздергеде шақыру үшін көп рақмет, ал уақыт болып жатса халықтың алдында жүргендіктен, келіп ой бөлісу біздің парыз!
— Сау болыңыз!
— Сау болайық!
Сұхбаттасқан Мұса Қошаев
Тұран университеті.
Жетекшісі Рушанова Н.Б

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *