Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөздік қорын дамыту

Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады.

Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын білу аса қажет. Олар игерілуге, білуге қажетті сөздер, жиілік, ахуалдық – тақырыптық негізінде сөз іріктеледі. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, оны сөйлеу тілінде түрлі тұлғада қолдана білуі, яғни оқушы ол сөзді кез келген грамматикалық формада қолдана алуы қажет. Мысалы: оқы, оқып отыр, оқыған, оқиды т. б. мысалда олар әртүрлі грамматикалық формада беріліп тұр.

Әрине, сөздік жұмысы арнайы сабақ болып өтілмейді. Ол біздің әрбір сабағымыздан орын алады. Сондай – ақ, сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздермен ұғымдарды түсіндірумен ғана шектелмейді. Оқушының сөздік қорын қалыптастыруға байланысты мынадай мақсаттар қойылады:
1. Әр сабақта белгілі мөлшерде оқушыға жаңа сөз үйретіп отыру, яғни оқушының сөздік қорын дамыту.
2. Оқушыны сөзді тыңдауға жаттықтыру.
3. Оқушы меңгерген сөздерімен сөз тіркесін, екі – үш сөзден тұратын сөйлем құрай алатын болуға тиісті. Бұл сөйлеуге, сөйлесуге үйрету үшін қажет.
4. Ағылшынша сөздерді дұрыс айта білуге дағдыландыру керек.
5. Оқушыларға қысқа өлең, тақпақ, мақал – мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жаттап үйрету керек. Оның ағылшын тіліндегі дыбыстардың дыбысталу ерекшеліктеріне тілдерін жаттықтыруда үлкен пайдасы бар.
Мысалы,

1. Many hands make light wok.
Көп түкірсе, көл болады.
2. Too many cooks spoil the broth.
Қойшы көп болса, қой арам өледі.
3. Make hay while the sun shines.
Қыстың қамын жаз ойла
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.
Оқушылардың бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, оқушылардың ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында оқушы үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Мұғалім балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын)үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Find similarity» «Салыстыр да, атын ата», «Compare and call», «Қай ағаштың жапырағы», «By what leaf of the tree», «Бірдей ойыншықты тап», «Find similar toys», «Қайсысы көп, қайсысы аз» «Where more, where less», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «By what subject like?» «Қай сурет тығылды?», «Which figure is hidden?», «Бір сөзбен ата», «Give one word», «Кім байқағыш», «Who observant», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «Spot the difference» , «Есіңде сақта», «Remember» .
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Remember the words», «make words», «Жұмбақ ойла», «Make a puzzle», «Жақсы-жаман», «Good or bad», «Жалғастыр», «Continue» .
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Gallery of figure», «Remember the figure», «Қиын жолдар», «Difficult road» , «Суретті жалғастыр», «Continue picture» «Биші адамдар», «Dancers », «Көңілді таяқшалар» «Funny sticks» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Оқушылардың ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен оқушылардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгіалдыма қойған мәселем.
Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.

Оқушылардың саусағын ойната отырып, тілін дамыту

Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.
Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы оқушылардың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар оқушылардың екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал ағылшын тілі сабағында тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Hello. How are you?
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ».
Қызыл-сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ.
Red beads, blue beads
I did a lot of beads
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.
Оқушыларға әр сабақтың жаңа сөздерімен сөз тіркестерінің сөздігін жасатуды қалыптастырдық. Бұл жұмыстың пайдасы зор. Оқушы әр сабақтағы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін өз сөздігіне жазу арқылы ол сөздердің жазылуын, аудармасын қайталайды, оның есінде сақтау мүмкіндігі артады. Оқушы өз сөздігін кез келген уақытта пайдалана алады. Сөйлеуде, кітап оқуда, керек жағдайдың бәрінде өз сөздігінен керек сөзін тауып алып пайдалануына болады.
Сондай – ақ , оқушының сөздік қорын тексеру әдістері бар.Олар мыналар:
1.Әңгімелесу, әңгіме құрату — өзін қоршаған орта туралы:үй іші, мектебі, сыныбы, ата-анасы, оқу-құралдары, т.б.
2.Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату(киім-кешек, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары т.б.).
3.Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес заттарды көрсету, т.б.).
Жалпы өз тәжірибемнен алып айтатын болсам, мен өзімнің әрбір сабағымда оқушыларға үй тапсырмасы ретінде сөздік жаттауды міндетті түрде беріп, ал келесі сабақтарда сол сөздікті сұрауға арнайы уақыт бөліп отырамын. Яғни оқушылардан сөздікті не жазбаша түрде, не ауызша түрде қайтадан сұрап отырамын.Себебі бұл шет тілі болғандықтан біздің әрбір сабағымызда жаңа сөздердің болмауы мүмкін емес. Ал егер әрбір сабақтағы жаңа сөздерді оқушы жаттап алып отырса, онда бірінішіден ол оқушының сөздік қоры жаңарады, екіншіден, бұл әдіс оқушының келесі сабақты да жақсы түсінуіне түрткі болады деп ойлаймын. Оқушылардан сөздікті жазбаша түрде сұрауымның себебі, олар тек ауызша ғана жаттап алып қоймай сөздің орфографиялық жағына да мән беретін болады. Мысалы, бір сабақтың үстінде бір оқушыдан ауызша сұрасам, бір оқушыдан жазбаша сұраймын. Яғни, оқушы сонда ауызшаға да, жазбашаға да дайындалып келетін болады.
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы — оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын.
Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрінде ғана оқушыға меңгеріп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.Мысалы, «оқушы, оқы, кітап»деген сөздерді жеке бермей, оны сөз тіркесімен берген жөн.Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады.
Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді». Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты.Өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін.
Оқушылардың сөздік қорын дамытуда , мен айтар едім, ақпараттық -коммуникациялық технологияның, түрлі қарапайым ойындар мен рөлдік ойындардың, диалогтың, яғни, коммуникативтілік әдістің ,сондай – ақ түрлі көрнекіліктерді қолданудың маңызы зор дер едім,
Сабақ барысында ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдалану үлкен мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлаймын. Тәжірибе көрсеткендей, мультимедияның ағылшын тілін үйретуде мүмкіндіктері зор. Педагогикалық зерттеулерге сүйенер болсақ, ағылшын тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаларды және ресурстарды пайдалану арқылы мынадай құндылықтарға қол жеткізуге болады
— әр түрлі тапсырмалар беру арқылы коммуникативтік шеберліктерін (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптастыру мүмкіндіктері;
— оқу ақпаратының көпқырлылығы және бір уақытта көру, тыңдау және сөйлеу мүмкіндігіне ие болу мүмкіндіктері;
— оқып жатқан тілде мәліметтерді тыңдау арқылы сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді;
— Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
Көбіне мен өзімнің сабақтарымда компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын. Интерактивті тақтаға сөзі анық жазылған ағылшын тіліндегі видеороликтерді, аудио дискідегі өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша сабақта қолданамын. Бұл көрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді.
— Ағылшын тілі пәні сабағында оқушылардың тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі рөлдік ойындарды қолдануға болады. Осы рөлдік ойындарды оқу үдерісінде қолданудың басты мақсаты – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ,сөздік қорының қалыптасуына ықпал ету болып табылады. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды үйретуді мақсат еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бірі ретінде осы рөлдік ойындарды қолданғаны жөн.
— Өз тәжірибемнен айтатын болсам мен, сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар:
— «Доппен ойыны» — балалар допты бір-біріне лақтырып тез заттың атын немесе түсін, яғни жалғастыру керек.
— «Сұрақ қой» ойынында үстелдің үстінде бірнеше заттар жатады, оқушылар әр затқа сұрақ қою керек, «Затты тап» ойынында мұғалім әлдебір затты гаетпен жауып, сұрақтар қою барысында оқушылар ол не зат екенін шешу керек.
— «Сөз құра» — суретке қарап атын атау және осы сөздің бірінші әрпіне сөз құрау керек.
— «Түсті ата» ойынында мұғалім қызыл түсті карташаны көрсетіп « What colour is it ?” балалар It’s red деп жауап береді .
— «Just the facts» Мұғалім тақтаға 3 сұрақ жазады, мыс: What kind of music do you like? Where do you usually listen to music? Who is your favourite singer?
Әрбір оқушы 3 үлестірмелі қағаздан алып, оның әрқайсысына, әр сұраққа жауап жазады. Мұғалім барлық қағаздарды жинап алып, араластырады да, әр оқушыға 3-3тен таратады. Балалар сынып ішінде сұрақ қоя жүріп, қолындағы карточканың иесін іздейді. Барлық карточкалар өз иесін тапқанда ойын аяқталады.
Бұл ойынды Атамұра баспасынан шыққан, авторлары: Аяпова.Т. Әбілдаева.З. Ұқбаев. А. 9 — сынып оқулығындағы «Music in our life» тақырыбын өткенде немесе музыкаға қатысты сабақтарда пайдалануға болады.
— «What’s in the bag?» Сумкада не бар ойыны.
— Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады.Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады.Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек.Оқушылар тапса Janar has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының абаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.
— «Board race» Тақта сайысы ойыны
— Бұл ойынның шарты:
— Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп,ойынның ережесімен таныстырады.Бұл ойында мұғалім түстер,сандар,сөздер айтады сол айтылған сөздерді,сандарды оқушылар қатесіз жазу керек.Келесі оқушы әрі қарй жалғасын жалғастырып отырады.Соңында оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды.Мысалы:
— P-1 P-2
— Red Red
— Ten Ten
— Stone Stone
— Winter Winter
— Book Book
— Осылай рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп қай жақтын жеңгенін айтады. Бұл ойында оқушылар шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді,есте сақтау қабілеттері артады.
— «Question Race» Сұрақтар сайысы
— Бұл ойынның шарты:
— Мұғалім сол сабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар сол сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сұрақтар арқылы қолдануға болады.
— 1.How many seasons are there in a year?
— 2.What are they?
— 3.How many months are there in a year?
— 4.What are they?
— 5.What season is it now?
— 6.What month is it now?
— 7.How many days are there in a week?
— 8.What are they?
— Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып,сөздік қорлары молайып,сабаққа деген қызығушылығы артады.
— Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. Бұл ойындар оқушының сөйлеу тілін жаттықтырады.Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды, мысалы: «colours”, “friends”, “ school”, “family” .
— Адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқандай мотивсіз, яғни қызығушылықсыз болуы мүмкін емес. Дегенмен, сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын ояту оңай емес. Сондықтан біз оқу үдерісінде оқушылар өздігінен сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек. Психологтардың көпшілігі оқушылар не айтқысы келеді, соны айтсын деген тезисті қолдап отыр. біздің мектеп оқушыларының коммуникативтік ойындарды қолдану барысында, өз ойларын жеткілікті дәрежеде жеткізе алмауы, олардың сөздерді айтуда қателесемін деген ойының туындауында, себебі қазақ мектебінің кейбір балаларына ұялшақтық пен ұяңдық тән, олардың бойында өзгелермен жылдам қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер баяу. Міне, осы мәселені шешу үшін, ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік сөйлеу біліктілігін қалыптастырып, дамытуда ойын әдісінің ролі өте зор.Осы мақсатта рөлдік ойындарды қолдану – шетел тілін меңгертудегі ең жақсы амалдардың бірі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *