«Кішкентай ханшайымның сақиналары»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тақырыбы:  «Кішкентай ханшайымның сақиналары»

Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыту, сөздік қорын молайту, әсемдікке, әдемділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Құрғақ аквариум, сақиналар, сандықшалар.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Әрекетті туындату Балаларға тәрбиеші қуыршақ Сәуле келгенін айтады. Балалар қуыршақтың қонаққа келгеніне қуанып, амандасады.
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу

 

— Балалар, бүгін қуыршақ Сәуле бізге құр қол келмепті, бізге сыйлықтар алып келіпті, қарандаршы.

— Балалар Сәуле қуыршақ сендерге не алып келіпті?

-Қандай керемет, бірақта әрқайсысының сандықшаларың әртүрлі  түсті екен, айтыңдаршы кімнің қолында қандай түсті сандықша?

-Өте жақсы, балалар, енді сандықшаның ішін ашып қарайықшы, ішінде не бар екен?

-Олардың түстері бірдей ма?

-Дұрыс айтасыңдар, сақиналардың түстері әртүрлі екен.

-Енді, қыздар, бір сандықшада бірдей түсті сақиналар болу үшін, сақиналарды ортаға шашып,         «Кім жылдам» ойынын ойнайық. Әр бала сандықшаның түсіне қарай сақиналарды жинау керек.

Сергіту сәті:

Сыңғыр-сыңғыр моншақтар,

Құлағында сырғалар,

Оң қолында білезік,

Сол қолында білезік.

Саусақтарда сақина,

Санап көрші, кәнеки

1,2,3….1,2,3

Демалайық жинап күш.

-Балалар Сәуле қуыршақ сендерге өте разы болып отыр, сендер түстерді ажырата алады екенсіңдер, және де өте жылдам екенсіңдер дейді, бірақ қуыршақтың үйіне қайтатын уақыты да болып қалды, Сәулеге сыйлығы үшін рахмет айтып шығарып салайық.

Д\ ойын: «Сақина кімде?»

Мақсаты: саусақ моторикаларын дамыту.

Балалар қуанып, сыйлықтарды қабыл алады.

ü    

ü     Сандықшалар.

—         Менде сары.

—         Менде қызыл.

—         Менде көк түс.

—         Менде жасыл түсті сандықша.

 

—         Сандықшаның ішінде сақиналар бар.

—         Жоқ, сақиналардың түстері әртүрлі.

Балалар сандықшалардағы сақиналарды ортаға шашып, сандықшаның түсіне сай сақиналарды жинай бастайды.

 

 

 

Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетіп, мәтінің қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар Сәуле қуыршаққа рахмет айтып, қоштасады.

 

Ойын ойнайды.

Рефлексиялы-түзету кезең -Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?

-Сандықшалардың  ішінен не шықты?

Балаларды мадақтау, алғыс айту.

-Ендеше балалар, қанекей, саусақтарымызға сақиналарды тағып, қолымызды майыстырып әдемі би билейік.

-Бүгін бізге қонаққа қуыршақ Сәуле келді.

-Сандықшалардың ішінен сақиналар шықты.

Балалар мадақтауға ризалық танытады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар түстерді ажырата біледі.

Түсінігі бар: Сақиналарды саусаққа тағатындары және әдемілеп көрсету керектігі жөнінде түсініктері бар.

Орындай алады: Балалар сұрақтарға  жауап бере алады.  Ойынды ойнай алады.

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *