«Бөлме гүлдерінің күтімі» (әңгімелесу)

Мухамбекова Эльмира Аюовна

Оқу қызметі:Экология, сурет.

Тақырыбы: «Бөлме гүлдерінің күтімі»(әңгімелесу),

Мақсаты:

1.Бөлме гүлдерін таныстырып, оларды қалай күту керегін түсіндіріп,көрсету.

2.Гүл күтімі туралы айта отырып, тілдерін дамыту.Сөздік қорларын молайтып, шығармашылық қызығушылығын арттыру.

3.Адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, өсімдіктерді қорғауға, күтуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:көрсету,түсіндіру,сұрақ жауап,ойын.

Сабақтың көрнекілігі:Бөлме  өсімдіктері, өсімдік күтуге арналған құралдар.

Сөздік жұмыс: Суқұйғыш, суару, қопсыту, құбылыс, тыңайтқыш, дәрумен.

Билингвальды компонент:бөлме гүлдері-комнатные цветы-room flowers

Ұйымдастыру кезеңі:         

Шаттық шеңбері

-Ағаштай берік бол!

-Ауадай таза бол!

-Судай мөлдір бол!

-Күндей мейірімді бол!

-Гүлдей әдемі болып, жайқалып өс!

Ізденушілік ұйымдастырушылық:

-Балалар,жылдың қай мезгілі?- Қыс

-Далада ауа-райы қандай? – Айнала аппақ қар,күн суық

-Балалар, мына сендердің алдарыңда тұрған бөлмеде өсетін гүлдер.Бөлме гүлдерінің сан-алуан түрлері болады.Олар:гүлдейтін, гүлдемейтін,жіңішке және жалпақ жапырақты,тікенекті, т.б.

Бөлме гүлдерінің ішінде дәрілік қасиеті бар  гүлдер де кездеседі (алоэ,герань, т.б.)

Жалпы гүлдердің негізгі қасиеті – бөлмедегі лас ауаны өзінің бойына сіңіріп алып, өз бойыннан таза ауаны бөліп шығарады.Бірақ бұл құбылысты біз байқамаймыз.Бөлмеде гүлдің көп болғаны өте пайдалы.Сондай-ақ, оны әсемдік үшін өсіреді.

-Балалар,осы гүлдер әсем болып өсу үшін күннің көзі қажет, себебі гүлдер күннің көзін сүйеді, сол себептен гүлдерді көбіне терезе алдына қоямыз.

-Гүлдердің әдемі болып өсуіне тағы не қажет деп ойлайсыңдар? — Су

-Тағы да қандай күтім жасау керек?  — Жапырағының шаңын сүрту,топырағын қопсыту

Балалар, гүлдердің басты қасиеті – бөлмедегі лас, шаң ауаны өз бойына сіңіріп, өзінен таза ауаны бөліп шығарады.Гүлдер жақсы өсу үшін, бойына қоректік заттар керек,ол тыңайтқыш.Мен гүлдердің түбіне тыңайтқыш салып,балаларға көрсетейін.Енді, балалар өздерің гүлдің түбін қопсытыңдар.Осыдан кейін гүлдеріміз өте әдемі болып өседі.

Сергіту жаттығуы:

Отырғыз ағаш көктемде,

Жөн болар еңбек еткенің.

Келмесе шамаң еккенге,

Сындырма жұрттың еккенін!

 

 

 

 

Ал енді, осы әдемі гүлдерді көз алдарыңа елестетіп, көріңдерші?!

  Далаппен сурет салу.

Елестетіп болсақ,алдымыздағы ақ параққа гүлдің суретін далаппен әдемілеп салып шығайық.Мен тақтада үлгі нұсқаны көрсетемін.

Балалар,далаппен жұмыс істегенде өте мұқият болыңдар!Себебі, киімдеріңе тисе,оны жуып кетіру оңай болмайды.

 Қортындылау:

-Ал, балалар, бүгінгі сабақта не туралы айттық?

-Бөлме гүлдеріне қандай күтім керек екен?

-Не себепті гүлді күннің көзіне қояды екенбіз?

-Гүл жақсы өсу үшін тағы не қажет?

-Біз ненің суретін салдық?

-Немен салдық?

-Сендерге сабақ ұнады ма?

 

Сабақ соңында жұмыстарды жинап, көрме жасап,мадақтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *