Тұсаукесер “Сұлтан Бейбарыс” саунд-драма бағытындағы спектакль.

Тарихи тұлға Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай “Алатау” дәстүрлі өнер театры саунд-драма бағытындағы спектакльі көрерменге жол тартты.

Сұлтан Бейбарыс өз заманының Ұлы басқарушысы, Мәмлүк елін біріктірушісі ретінде ел есінде. 1223 жылы дүниеге келген, қыпшақ руынан тараған, Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Бейбарыс сұлтан тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Біз ҚазҰУ “философия және саясаттану” факультетінің әлеуметтану мамандығының 1 курс студенттері осы бір ерекше қойылымның куәсі болдық. Бұл қойылымның басты ерекшелігі табиғи үн мен этно-фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен орындалатын, жаңа сахналық формадағы саундрама бағытында өтті. Құлақтан кіріп, бойды алардай ерекше сезім сыйлайды. Басты кейіпкер сұлтан Бейбарыстың өмірін бірге кешкендей сезімде болдым. Мәдинеттіміздің жаңа деңгейге өсіп, дамуы қуантады. Бабамыздың өмірін көз алдымызға елестетін жаңаша, керемет саундрамалық қойылымды көруге сөзсіз кеңес беремін! #ҚазҰУмәдениеттану

Алпысбай А.Б

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *