Ауыл мектебінің бейнесі

Ахетова  Жібек  Қаниқызы

 

Ауыл мектебінің бейнесі

Ауыл мектебі… Бұл жай ғана ауыл мектебі емес, Ыбырай Жақаевтай қарапайым ғана еңбегінің арқасында бүкіл қазақ даласына Сырдың атын паш еткен Еңбек Ері шыққан ауыл топырағында орналасқан білім ордасы.

90 жылдан аса тарихы бар осынау киелі шаңырақ қабырғасы қарапайым еңбек адамдарынан бастап, қаншама дәрігер, құрылысшы, мұғалім, инженерлермен қатар ғалымды да, жазушыны да, танымал суретшіні де, сан алуан мамандық иелерін ұшырды емес пе?

Ауыл – қазақтың бесігі болса, мектеп-ауылдың ұйытқысы. Ол тек оқушыларға білім беретін орын ғана емес, ауылдың бүкіл мәдени – қоғамдық өмірімен тығыз байланысты, рухани өсуіне ықпал ететін ордасы.

Ауыл мектебі — ұлттық рухымыз бен рухани мұраларымызды негізге алған киелі қара шаңырақ. Жалпы кез келген ұлттың сапасы мектебіне тікелей байланысты десек, бүгінгі таңда қазақ ұлтының ұлттығын,  қалыптасқан дәстүрін сақтауда мектептерінің ролі ерекше. Осындай сындарлы ой, айқын мақсаттан туындаған ел келешегінің тірегі болар ұрпақ тәрбиесі сынды қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін  ауыл ұстазына артылар жауапкершілік жүгінің ауыр екендігі де белгілі. Сондықтан әрбір ұстазға үздіксіз ізденіс, тынымсыз еңбек қажеттілігі — заман талабы. Білім сапасын педагогикалық жаңа идеялар, тың жобалар арқылы арттыруға басымдық берген ауыл мектептерінің қатарына Шиелі ауданы  Ы. Жақаев ауылында орналасқан № 149 «Қызылту» орта мектебін атауға болады.  Ғасырға жуық тарихы бар осынау білім шаңырағында мектеп жұмысын жетілдіруге атсалысқан қаншама мұғалімдердің қолтаңбасымен бірге  ұжымның қалыптасқан ауызбіршілік дәстүрін сақтай басқара білген мектеп директорларының орындары бөлек.Ұжым табысы әр уақытта оқу – тәрбие бағытының жұмыстарын нақты жоспарлап,  тиімді ұйымдастыруға байланысты. Мектеп ұжымы бүгінгі таңда «Білім мазмұнын жаңарту арқылы сыни тұрғыда ойлауға қабілетті  тұлға қалыптастыру» тақырыбында жұмыс жасайды.  Басты мақсат –бәсекеге қабілетті, рухани адамгершілігі зор, құзыреттілігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру. Осы мақсатта мектебімізде көптеген игі іс  — шаралар қолға алынуда.  Мектептің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылатын түрлі деңгейдегі әдістемелік жұмыстар, пәндік апталықтар, сыныптан тыс іс – шаралар мұғалімдердің ізденісінің нәтижесінде жоғары деңгейде өткізіледі. Сондай – ақ, аудандық   білім   бөлімінің    жоспарына   сәйкес   мектеп   базасында     ұйымдастырылған  «ХХІ     ғасыр  мектебі: жоспарлау,  ұйымдастыру,  коррекция,  нәтиже»  тақырыбындағы   мектеп директорларының, «Құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбындағы оқу ісі жөніндегі орынбасарлардың  семинар   жұмыстары  жоғары деңгейде өтті.   Мектеп   директорынан    орынбасарларға,  орынбасарлардан   бірлестік   жетекшілеріне , пән  мұғаліміне  дейінгі   жүйелі    жұмыстар  арасындағы  сабақтастық     жетістікке   жетелейді. Айқын   жоспар —  нәтижелі  іс   дегендей,   алдағы  мақсат — үлкен   жауапкершілікпен   жоспардың   жүзеге   асуы жолында нақты   жұмыстар   жасау болғандықтан семинар жұмысының маңызы зор болды.

«Құзыреттілік   тәсіл   —  білім   сапасын   жаңарту   құралы »    тақырыбындағы  ұйымдастырылған   педагогикалық   көрмеде білім  беру, тәрбиелеу, ата-анамен   жұмыс,  бағдарлы   оқыту айдарлары бойынша  мектептегі  түрлі  бағыттағы   жұмыстары    тақырыпқа  сай  жүйелі   түрде   жинақталған.

Қазіргі    таңда білім саласы  қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жаңа модернизациясы құрылып,  деңгейлік   бағдарламалар     бойынша мұғалімдеріміз  үш   деңгейден  тұратын   курстардан   өтіп, тәжірибеде   қолданып  жатқаны   белгілі. Назарбаев   Зияткерлік  Мектептері  Педагогикалық     шеберлік   орталығының      бағдарламасы   негізінде біліктілігін арттырған мұғалімдер әріптестері арасында түрлі тақырыптар бойынша коучингтер ұйымдастырумен қатар, әрбір сабақтарында оқушы ізденістері    өз   пікірлерін  жеткізуге   мүмкіндік  берді.

Әрбір    жеке  тұлғаның  алған   білімін  өмірде  қолдана біліп,   өз  орнын    табуы , әлемдік   және   ұлттық    мәдениетпен  қарулануы —  функционалдық сауаттылығының деңгейін  көрсетеді. Мектептегі    білім  сапасының    басты   көрсеткіштерінің  бірі    —  бұл   мектеп  түлектерінің     ҰБТ- дегі   көрсеткен  білім   деңгейі.ҰБТ қорытындысы бойынша   жоғары білім сапасын  көрсету мақсатында   қазіргі  таңда ауданымыздағы  әрбір  мектепке  меже    белгіленіп ,  болжам қойылуда.  Мектептің әрбір мұғалімі осы мақсатта тынымсыз еңбек етуде.

Тұлға қалыптастырудағы, білім сапасын арттырудағы игі бастамалар мұғалім ізденісімен жалғасын табуда.  Мұғалім ізденісінің нәтижесі – оқушының сапалы білімінің көрсеткіші.  Ендеше тәрбиелеп отырған қазақ қоғамының келешегі – бүгінгі шәкірттеріміз білімнің шыңынан көрініп, ауыл мектебінің мәртебесін арттырары анық.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *