Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келгеніне 130 жыл

Қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің классигі, Қазақтың бірлігі, Алаштың азаттығы мен халқымыздың болашағы үшін  бар ғұмырын күреспен өткізген зиялыларымыздың бірі, қазақтың ұлы тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих-география мамандығының 1курс магистранттары Қарпықова Тоғжан, Мұқышова Айзат, Шайдозим Нұрмұхаметтің және тарих факультетінің оқытушысы  Байдавлетова Мадина Досбергенованың жетекшілігімен,  Эконом факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді. 1 сағат уақыт ішінде Мағжанның өмір жолын, шығармашылығын, ерлігін барынша  еске алып үлгердік. Студенттер эксперименттік видео түсіріп, өткен кеткен халықты тоқтатып Мағжан туралы сұрақ қойып, өлеңдерін сұрады. Халықтың 90 пайызы Мағжанды біледі, ұмытпады  деп айта аламыз, әсіресе рухты көтерер Мен жастарға сенемін өлеңі қазақ халқының әрдайым жүрегінде.

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келген.1905-1910 жылдары Қызылжар қаласындағы медреседе оқиды. Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Өзі де әдебиетпен шұғылданады. 1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды. Поэзиядағы алғашқы қадамдарынан кейін Мағжан жарқын әрі ерекше таланттың сырын ашады. 1912 жылы жарық көрген «Шолпан» атты поэзия жинағының арқасында Мағжанның есімі кең таныла бастайды.

Іс-шара барысында Мағжанның өлеңдері оқылды. Әрине бүкіл бір ұлтты бір арнаға ұйытатын әйгілі «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінен  басталды.  Өлеңдегі өміршең қуат пен сөнбес жалын жас ұрпаққа рухани күш беріп, қазіргі таңда өмірлік ұранға айналды деуге болады.Сонымен қоса «Тарғын», «Сарғалдым», «Сағындым» өлеңдері оқылды. Домбырамен небір әдемі халық әндері, күйлері орындалды.Мағжан туралы айтылған естеліктерді тамашалап, Мағжан туралы түсірілген фильмдерден үзінді көрсетілді .Ақынның кейбір өлеңдеріне әуен жазылып айтылып жүр. Іс-шара соңында «Сен сұлу» әнін хормен айтты. Студенттер арасында сұрақтар қойылып, өз пікірлерін айтты. Мағжанның айтып кеткен «Мен жастарға сенемін» дегенін бүгінгі жастар ақтай алды ма?деген сұрақтар қойылып қызу талқыланды. Арынов Жұмахан ағай қорытынды сөз сөйлеп, студенттерге алғысын білдіруімен тәрбиие сағаты аяқталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қарпықова Т.Қ.  тарих факультетінің 1 курс магистранты

Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Мекебаев Т.К.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *