Астана қаласының экологиялық жағдайы

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады.

         Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.

         Қаланың орнықты дамуы оның экономикалық әлеуетінен, жер, адам және басқа ресурстарының болуынан ғана емес, сондай ақ қалалық экожүйесінің жағдайына да тәуелді. Осылайша, Гидрометеорология орталығының деректеріне сәйкес Астана қаласының экологиясы 2011 жылмен салыстырғанда бірқатар жақсарды. Егер 2011 жылы ауаның ластану индексі  АЛИ=4.7 болса, онда 2012 жылы АЛИ=4.28 құрады.
Салыстыратын болсақ: Алматыда АЛИ=21.1.

Республика бойынша АЛИ =5.6 құрайды.
Қала ауасын ластаушылардың негізгі үш көзі -бұл стационарлы түрлері (ЖЭО, қазандықтар) , автокөлік және ұйымдастырылмаған ластау көздері (құрылыс алаңдары, өндіріс алаңдары, цемент нүктелері, асфальттік бетон зауыттар және т.б), әрқайсысының үлесі диаграммада ұсынылған.

          Өткен жылдар деректеріне сәйкес Астанақаласындағы стационарлы көздерден шыққан ластаушы заттар көлемі төмендеу тенденциясына ие. 2019 жылы бұл тенденция сақталады және қала экожүйесінің ауа құрамына ластаушы заттар эмиссиясы 42 мың тоннаға дейін азаяды деп күтілуде. Қозғалмалы көздерден болатын эмиссиялар керісінше өседі: 2013 жылы олар 60.6 мың тоннадан асты, ал 2012 және 2011 жылдары сәйкесінше 44.1 мың және 46.2 мың тоннаны құрады. Ұқсас ахуал Қазақстанның барлық ірі қалаларында байқалады, онда автокөліктің ауа бассейіні ластауға салымы соңғы жылдары 60%және одан астам, ал Алматыда жалпы шығыстардың 80%құрайды.
         Астанада қозғалмалы көздердің үлесі 55% асты, бұл автомобильдер санының тұрақты өсуімен байланысты, сондай ақ шығысы экологиялық нормалардың жол берілетін мөлшерінен асатын машиналардың ескі үлгілерінің бар болуы мен пайдаланылуына байланысты. 2010 жылы 120 мыңнан астам, 2011жылы-160 мыңнан астам машина, 2018 жылы 300 мыңнан астам тіркелген автокөлік болды.

         Қоршаған ортаны ластайтындар – қазандықтар мен ЖЭО-ы, өндіріс және құрылыс алаңдары, автокөліктер болып табылады. Қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы «Гринпис» атты кең ауқымды бағдарламаны дәстүрге айналдырды. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, қаланың экологиялық жүйесі біршама деңгейде жақсарды. Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар деңгейі стационарлық көздерге қарағанда 2003 жылы 51,5 мың, ал 2004 жылы 44,2 мың және 2005 жылы 43,9 мың тоннаны құраған. Соның өзінде қалдықтардың 90 пайызы «Астана-Энергия» АҚ-ның ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-нің еншісіне тиеді екен. Бұл нысандарға қазіргі кезде жоғары деңгейлі тазартқышы бар күл аулағыштар орнатылған. Сондықтан атмосфералық қалдықтардағы күл үйінділерінің қосындысы 8 есеге қысқарды. Күкіртті бөлінулер 3 есеге азайды. Тазалау жүйелерінің жаңартылған түрлері мен мен қазандықтарды бастан-аяқ жөндеуден өткізу – қай қала үшін де салмақты әрі қымбат тұратын операциялармен. Бас қаламыздың экожүйесінде бүгінгі күні ең әлсіз звено деп автокөліктер жағдайын айтуға болатын шығар. Астана жолдарымен күнделікті 100 мыңнан аса ауыр және жеңіл көліктер жүреді. Бұлардың барлығы жиналып улы қалдықтардың айтарлықтай, атап айтқанда, жалпы көлемнің 40%-ын құрайды. Мамандар автокөлік иелеріне ілеспе газды пайдалануды, ал қалалық автопаркті электр көліктермен толтыруды әрі жанармай сапасына қатаң бақылау қоюды ұсынып отыр.

         Біздің жер қойнауларымыз пайдалы қазбалармен байытылған болса, үстіңгі жағы зиянды қалдықтарға толып барады. Егер көрінбейтін ауа «қалдықтарымен» жоғарғы технологиялар көмегі арқылы күресетін болсақ, тұрмыс және өндіріс қалдықтарынан тек қана көму арқылы құтылуға болады. ​Астана қаласының шығыс жағында қала бойынша қалдық-қоқыстар көметін бір ғана орын бар. Бұл полигонның аумағы 65,4 гектар. Арнайы дайындалған карьерде 1972 жылдан бері қалдықтарды көму жұмыстары жүргізіліп келеді. Мамандардың айтуынша, оны шамамен 2010 жылға дейін пайдалануға болады. Бүгінге дейін полигонға 14 млн. м3 қалдықтар көмілген. Жыл сайын мұнда 450-500 мың м3 қалдық-қоқыстар келіп түседі екен. Ал, жаңа полигонның құрылысына байланысты жоба дайын тұр. Елордамыз үшін жылу мен жарықтың қайнар көзі болып табылатын ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 «Астана-Энергия» АҚ-ның құрамына кіреді. ЖЭО-1 1961 жылдан бері жұмыс істесе, ЖЭО-2 1979 жылдан іске қосылған. Әрбір осындай нысан электр қуатына, бу және ыстық суға органикалық отын қуатын өндіру үшін энергетикалық кешен ұсынады. Органикалық отынды жағу – химиялық тотығу процесі. Оның әсерінен түрлі заттар тотығы мен жанбайтын қалдықтар пайда болады. ЖЭО-на тікелей әсер ететін нысан – атмосфера болып табылады. Гидросфера мен литосфераға, дәлірек айтсақ, су мен жерге әсер етудің өзіндік зардаптары бар. Түтінді газбен сыртқа бөлініп жатқан зиянды заттар астаналық өзен, үйлер мен көшелерге, алаңдар мен саябақтарға шөгеді.

         Сондай-ақ, ЖЭО-ның аймағында жай қана көміп тастаған өндірістік қалдықтардың пайда әкеле қоймасы анық. Әсіресе, қатты отынды жағудан пайда болған күл-қож қалдықтары (КҚҚ). ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 алаңы қаланың солтүстік-шығысындағы, кәсіпорындық аймақта орналасқан. Елордада қала экологиясын жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде. Бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында атап өткен болатын. Қазіргі уақытта Астанада барлық ауданда құрамында сынап бар шамдарды, термометрлер мен батареяларды жинауға арналған 600-ден аса контейнер орнатылды.

«Тұрғындар шамдарды сонда тастайды, біздің компания контейнерлерден жинап, зауытқа әкеліп, зарарсыздандырады», дейді «НТП Kazecotech» ЖШС бас директоры Владимир Андреев. 1 қарашадағы жағдай бойынша 500-ден аса шам лампалары жиналған. Осылайша, 3 млн 908 мың текше метр ауаның улы бумен ластануына жол берілмеді. Сонымен қатар контейнерлерге қызмет көрсету кезінде компания вандализм және басқа да бірқатар мәселеге тап болады.

          «Көбіне көліктер, бұзақылар контейнерлерге зиян келтіреді, бөлшектерді, есіктерді, сөрелерді, қораптарды және басқаларын ұрлайды. Мұның бәрі адамдар арасында түсінбеушілік туғызады», деп түсіндірді В.Андреев. Компанияға қоңырау түскен жағдайда кемшіліктерді жою екі сағат ішінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар компания қызметкерлері меншікке жауапкершілікпен қарауды талап етеді, өйткені бұл азаматтардың өмір сүру сапасына әсер етеді.

Сонымен қатар осы жылдың маусым айында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы Астана қаласының әкімдігі атынан Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы қолдауымен «StopMusor» әлеуметтік жобасын бастаған болатын. Жоба халықтың сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеуге бағытталған.Қала күннен-күнге өсіп, энергетиктер мен экологтар өздерінің жаңа талаптарын қоюда. Сонымен қатар, елорданың жасыл келбетін автомобиль транспортының көбеюі де бұзады. Сондықтан да, «Астана-Энергия» АҚ-ның қызметкерлері ЖЭО-ның зиянды әсер етуін жоюға бар күштерін жұмылдыруда: жаңа бағдарламалар жасалып, тың технологиялар енгізіліп, әсері жоғары табиғатты қорғайтын іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ол үшін өздері де, мемлекет те қаражат бөліп отыр.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *