Эмоция (Тұлға дамуындағы эмоциялар және эмоциялық интеллектің маңыздылығы)

      Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – арман университеті!

 Бала кезімізде біз кім болғымыз келетіні туралы жиі сұрайтын. Мен заңгер болғым келді, бірақ 11-сыныпта нақты мамандықты таңдау уақыты келгенде, мен заңгер болуды армандағанымды түсіндім. Міне, мен «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқимын. Мен осы жоғары оқу орнын және осы мамандықты  таңдадым, себебі мен дәл осы жерде лайықты білім аламын деп сенемін!

   Университет аумағында тамаша кітапхана бар, соның арқасында біз жетекші ғылыми басылымдардың деректер қорына, сондай-ақ жаңа оқулықтарға еркін түрде қол жеткіземіз.

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – басқа қалалар мен елдердің студенттері үйіне барып, туыстарымен және достарымен жақсы әсермен бөлісе алатын жаңа жылдық демалыс сыйлайтын бірнеше университеттің бірі. ҚазҰУ-дың жетістіктері туралы ұзақ айтуға болады. Біздің университет керемет мотиватор болып табылады, өйткені ол өз армандарың үшін әрекет етуге және күресуге итермелейді. Басында үйден кету маған қиын болады деп ойладым, бірақ біздің университетте өте жылы және қонақжай атмосфера бар. 

      Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo —толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты.Эмоцияоналдық интеллект дегеніміз – адамның өз эмоциясын қабылдап, кәдеге жарата білуі. Кез келген тапсырманы тиімді шешу үшін эмоциясын игеру қабілеті. Эмоция – энергияның көрінісі. Сондықтан барынша эмоциялық ойлауды дамыту керек.

Ғылымға «эмоциялық интеллект» терминін американдық екі психолог Питер Сэловей мен Джон Мэйер 1990 жылдары енгізген болатын. Олар алғашқы болып эмоциялық интеллектінің бірінші үлгісін ұсынды. Аталған авторлар эмоциялық интеллект деп «өзінің және өзгенің сезімдері мен эмоцияларын байқай білу, оларды ажырату және осы ақпаратты ойлау мен іс- әрекетте қолдану» деп түсіндірді.

   П. Сэловей мен Дж. Мэйердің үлгісі негізінде Д. Гоулманның аса танымал үлгісі жасап шығарылды. Оның 1995 жылы шыққан «Эмоциялық интеллект» атты еңбегі кітап сатылымында бірінші орындарға шығып, аталған мәселенің

ғылыми және көпшілікке арналған әдебиеттерде осы күнге дейін қызу талқылануына түрткі берді. Эмоцияларды тану – эмоцияларды дұрыс қабылдап, анықтауға, сипаттауға мүмкіндік беретіндіктен, анағұрлым тиімді коммуникация, яғни қарым-қатынас орнатуға зор ықпалын тигізеді.Эмоцияны меңгеру – өзін-өзі бақылаумен байланысты.

Эмоцияларды түсіну – оларды көрсете, білдіре алу мүмкіндіктерімен байланысты. Эмоция тілін меңгеру – сол мәдениетте қалыптасқан эмоция көріністерін меңгеруді, сондай-ақ адамның өмір сүретін және жұмыс істейтін ортасындағы адамдар эмоцияларының жеке көріністерін түсінуді талап етеді.

    Эмоциялық интеллект – күнделікті өмірімізге, мысалы күнделікті жүріс- тұрысымызға, өзге адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға қажет. Егер адамда эмоциялық интеллект деңгейі жоғары болса, онда ол өзінің және өзге

адамдардың эмоциялық күйін тани біледі, адамдарды өзіне жақын тартып, баурап алады.

     Эмоциялық интеллект жұмыс орнында әлеуметтік қиындықтарға бағдарлануға, басқаларды басқаруға және оларды түрткілендіруге, жетістіктерге жетуге көмектеседі. Сондықтан эмоциялық интеллектіні кәсіби мүмкіндік ретінде қарастыруға болады. Физикалық денсаулыққа. Егер стресс жағдайын басқара алмаса, ол қиын мәселелердің туындауына әкеледі. Стрессті қадағалап, басқара алмаудан қан қысымы көтеріліп, иммундық жүйе әлсірейді, жүрек ұстамасының тәуекелдігі артады, қартаю үрдісі тездейді. Психикалық денсаулыққа. Басқарылмайтын стресс психикалық

денсаулыққа да әсер етпей қоймайды, адам мазасыздық, депрессияға ұрымтал болып келеді. Егер адам өз эмоцияларын басқара алмаса, ұнжырғасы түсіп, көңіл-күйі де болмайды. Оның үстіне басқалармен берік қатынастар орната алмаудан адам жалғыздық күйін кешеді. Қарым-қатынасқа. Егер адам өз эмоцияларын түсініп, оларды бақылай білсе, өзгелерге де түсіністікпен қарап, жеке өмірінде де, қызметте де үйлесімді қарым-қатынас орната алады. Белгілі профессор КонстантиносПетридес – эмоциялық интеллектіні зерттеп жүрген ғалым.

Тленчиева Н.С

                                                                Педагогика ғылымдарының кандидаты.

                                                                                                    Стаcюк А.А

                                         Психология мамандығының 1 курс магистранты

                                 Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы                                           Жеңіс Қ.М. 1-курс студенті

                                                                     Құқық қорғау қызметі мамандығы,

                                                            Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *