Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ

Абдреев Рүстем Қалыбекұлы
2 мин оқу 711 оқылым

Абдреев Рүстем Қалыбекұлы

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген адамзаттың қас жауы» деген Әбу Насыр Әл Фараби қай уақытта болсын баланың тәрбиесі өте маңызды екенін айтқан.

Қоғам үшін ең басты нарсе – тәуелсіздік, ал адам үшін оның бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір сүруі. Оның кепілі – заң. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау –зорлық - зомбылыққа карсы күрес жүргізу.

Бала тәрбиесінде тәрбиелікке жетудің жолы – еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылдыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын баланың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болады.

Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға – тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық-зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік.

Қазіргі таңда алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Бұл қоғам, отбасы, жеке тұлға бәріне ортақ мәселе. Бұл мәселенің орын алуы әрине отбасынан басталады. Отбасындағы сауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.

Бала – біздің болашағымыз. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастырып осы өмірде өз орнын таптыру әрбір ата-ананың басты міндеті. Бұл міндет – әрбір отбасында сақталып, өз орнымен жүруі заңдылық. Зорлық-зомбылықты бала өз отбасында көруі – әртүрлі қоғамның келеңсіздіктеріне әкеп соқтырады.

Қазіргі өмірдің қиын жағдайларына тап болған отбасындағы балалардың зардап шегуі көптеп белең алуда. Ата-ананың отбасындағы ажырасуы, жұмыссыздық, нашар әлеуметтік жағдай, ұрыс-жанжал ол баланың қатыгез

де, мейірімсіз болуына әкеп соқтырады. Ата-ана мен балаларға зорлық - зомбылық оның адам жаны мен тәніне әкелетін зардабы өте көп.

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасында ата-ана тәрбиесінің әсері мол. Әрбір келеңсіздіктің, әрбір жоқшылықтың шығар жолы бар. Егер ата-ана отбасында уақытша келеңсіздікті сабырмен жеңе білсе, ақылмен шеше білсе, онда бала зорлық-зомбылықсыз, бақытты өмір сүреді.

Бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел! Баланың барлығы бірдей, әрі тең. Өмірге бала әкелдіңіз бе? Балаңызды саналы, сапалы етіп өсіріңіз. Жақсы тәрбие беріңіз. Құрметті Ата –ана! Қатыгез бала – өз ұрпағыңыздың қас жауы! Ата-аналардың жүрегі мейірімге, сүйіспеншілікке толы болса – балалардың көңілі тоқ, көйлегі көк, әдепті, инабатты, еңбекқор болары әбден сөзсіз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Абдреев Рүстем Қалыбекұлы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 16 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 103 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 43 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 74 оқылым