Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Журналисттің сөз сөйлеуіне арналған жазбаша және ауызша нормалар.

Баратова Диана
2 мин оқу 53 оқылым

«Сөз мәдениеті» қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын журналисттердің қатаң сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектиздерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталай беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру «Сөз мәдениетіне» жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану «Сөз мәдениетіне» нұқсан келтіреді. «Сөз мәдениеті» сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. «Сөз мәдениеті» теориясының дамуында лексиграфика, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпикалық, орфографикалық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Теледидар, газет, радиодан кейін өмірге келсе де, қазіргі кезде солардың әрқайсысымен бір қатарда тұрған және сол бұқаралық ақпарат құралдарына тән ерекшеліктердің бәрін өз бойына жинақтаған синтезделген өнер түрі болып табылады. Әрине, бұл әр күннің не бір жылдың нәтижесі емес, оған теледидар тарихындағы әрбір талант өз үлесін қосты. Қазақ тіл білімінде телехабарлар тілін зерттеуге бетбұрыс еліміз тәуелсіздік алған жылдардан басталады. Телехабарлар тілі туралы ғылыми мақалалар, ара-тұра айтылған ой пікірлер болмаса, қомақты да жүйелі ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ деуге болады. БАҚ ішіндегі теледидар хабарларының тілі жөніндегі мақалалардың басым көпшілігі 90 жылдардың екінші жартысынан бері көбейіп келеді. Мұның бірінші себебі – халық өміріне электронды ақпарат құралдарының енуі. Екіншіден, еліміздің егеменді мемлекет болуымен байланысты ұлттық тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуы себеп болды . Бүгінгі таңдағы БАҚ тіл мәдениеті дамуының айқын бір құбылысы – тілдің үнемі даму, жаңару, толығу үстінде болуы, ол қоғамда болып жатқан жағдайлар мен тарихи оқиғаларға байланысты. Тіл орашолақтығы баспасөзден гөрі телехабарларда жиі байқалады. Түрлі коммерциялық, тәуелсіз телеарналарда мемлекетіміздің 50-де 50 тіл бағдарламасын әйтеуір орындасақ болды деген желеумен комментатор, диктор, тіпті тележурналист мамандарын ешқандай байқау, сынақсыз қабылдайды. Ал ондай мамандар әдеби тілдік норманы, сөйлеу мәдениетінің табиғатын білмек түгілі, ауызекі, тұрмыстық сөйлеудің өзін (акцентпен) бұзып айтады. Жалпы, тележурналистер тіліндегі кемшіліктер тоқталып кетсек: — орыс тілді мәтіндерден тікелей аударудың нәтижесінде болатын қателіктер; — тележурналистердің тілінің шұрайсыздығы; — сөйлемдерді айтқанда, интонацияның дұрыс қойылмауы; — сөз тіркестерінің дұрыс қолданылмауы; — оқу мақамын дұрыс меңгермеуі; — мәтінді нақышына келтіре білмеуі; — екпіннің дұрыс қойылмауы т.б. Осындай олқылықтар біздің бұқаралық ақпарат көздерінің қай- қайсысында кездесіп жататындығы рас. Сөйлеу арқылы журналист тыңдарманды сендіріп қана қоймай, әсем қоңыр дауысымен еліктіре, тарта да білуі керек. Дұрыс айтылмаған бір ауыз сөз радионың немесе телевизияның беделіне нұсқан келтіріп, өз аудиториясын бір сәтте жоғалтып алу қаупі әрдайым басым.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Баратова Диана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым