Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Kamila Mulik
2 мин оқу 31 оқылым

Журналистика – билік пен халықтың арасындағы дәнекер, қос тарапты бір-бірімен байланыстырушы алтын көпір және төртінші билік ретінде танимыз. Қиындығы мен қызығы мол журналистика мамандығы әрқашан қауқарсыз халықтың панасы мен шындық жаршысы болған. Кейінгі Кеңес үкіметі кезінде журналистің бар қызметі үкіметтің сайлаған, зерттеуге, талқылауға рұқсат етілген мәселелердің төңірегінен асыпайтын. Ал қазіргі күнде егеменді елдің журналиситерінің қызметі қаншалықты еркін?

Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биыл 32 жыл. Егемендігімізді алғалы бері журналистердің де сөз бен ой бостандығы қалыптаса бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары өз құқықтары мен заң тұрғыснан Қазақстан журналистерінің этикасы кодексімен сайланып, бүгінде өз қызметін қылуда. Оның мақсат-мұраттарына, заң ережелеріне қарай журналистердің моральдық-этикалық ерекшеліктері жайлы естісек те, ден қойып қарамаймыз. Қоғамымызда этикалық заңдылықтардың нормалары сақтала бермейді. Бұл журналистер қауымы үшін өзекті мәселе. Журналист заңдарының сақталмауы мен олардың құқықтарының қорғалмауы бізде жете зерттелмеген, талданбаған. Тіпті, бұл мәселе жөнінде атап айтатын жүрек жұтқан журналистер саусақ санарлық. Журналистік қызметтің еркіндігі мен нормалары әлі де шашыраңқы. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарындағы қаптаған заңсыздықтардың орын алуы соның салдары.

Қазақстан Республикасының БАҚ кодексінің бірінші тармағында «Журналист өзінің қызметінде сөз бен ақпарат бостандығы, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық, этносаралық келісімді сақтау, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік пен қоғамдық адамгершілік ахуал мүддесі үшін қызмет жасайды» деп бекіткен. Алайда оның қалай жұмыс істеуі – заң түрғысынан емес, әр елдің, әр басылымның, қала берді әр журналистің моральдық ұстанымына байланысты болуы кең етек алуда. Жалған ақпарат таратпау, аудиторияны алдамау, тек қана сенімді дерек көздерінен ақпарат алу, көз жетпеген ақпарды сенсация қуып жарияламау, біреуге жала жаппау, әркімнің жеке басына қол сұқпау журналиске тыйым салынған дүниелер. Бірақ заң тек қағаз жүзінде іске асып жатқаны бәрімізге мәлім. Соның бір мысалы ретінде биылғы жылы орын алған Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылыс оқиғасы.  Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кейбірі «жалған ақпарат тарату» дерегі бойынша жауапқа тартылды. Ал керісінше ақпарат ізденісімен келген Алматыдағы Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылған "Хабар 24" телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергеннің әкімдікпен сұхбатқа алдын ала келісіп тұрып ғимаратқа кіре алмағаны, кейін оны күзетшінің көтеріп алып, шығарып жібергені елді елең еткізіп, журналистердің құқығының қорғалмайтындығының айқын көрінісі болды.

Журналистика саласының мамандары қазірде саяси өкілдіктің баспа құралы болып кетті.  Кейде бұл жағдай Кеңестік кезеңдегі журналистерді еске салады, себебі авторитарлы режимдерде солай болуы әдеттегі жағдай болған. Осы жайлы отандық журналист Қасым Аманжол былай деп пікір қалдырған:

«...Тағы бір мәселе, журналистика – қоғамның айнасы. Егер қоғам ашық болса, саяси жүйе ауыспалы, бәсекешіл болса, журналистиканың да бәйгесі көз алдыңызда өтеді. Ал саяси жүйе бұқпантайлаған, көлеңкелі, жең ұшынан жалғасқан клептократиялық болса, журналистикаңыз да соған сай, қарғылы төбетке айналады. Яғни «сұраған сен ақымақ па, сұратқан хан ақымақ па?» деп қаңбақтың Жиреншеге айтатынындай, журналист қызметінің еркін болмауы – сол елдегі саяси жүйеге тікелей байланысты... » деп саясаттың журналист қызметінің еркіндігіне әсерін ашық жазды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Kamila Mulik

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Балалар аутизмі: Қазақстандағы жағдайы қандай?

Қазақстанда аутизмі бар балаларды білім беру ұйымдарына қабылдаудағы қиындықтар, ерте араласудың маңызы және инклюзивті білім беруді дамыту жоспарлары туралы.

Kamila Mulik 5 мин 46 оқылым
Жалпы рубрика

Ағылшын тілі туралы подкаст

Подкастта мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне ерте жастан баулудың маңызы және ойын, өлең, диалог арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары айтылады.

Kamila Mulik 2 мин 27 оқылым
Жалпы рубрика

Америкалық фильмдер мен мультфильмдер арқылы ағылшын тілін заманауи, стандартты емес әдістермен үйрену

Мақалада америкалық фильмдер мен мультфильмдерді пайдаланып ағылшын тілін үйрену, бейнематериалдарды тіл деңгейіне сай таңдау және ауызекі сөйлеуді дамыту жолдары баяндалады.

Kamila Mulik 2 мин 67 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 148 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым