Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Журналистиканың болашағы бар ма?

Асемай Макуова
2 мин оқу 67 оқылым

Соңғы жылдары Қазақстан кәсіби журналистерге мұқтаж екені байқалады. Елімізде журналист мәртебесінің төмендегенінен жыл сайын өз ісінің шеберлері басқа салаға кетуге мәжбүр. Халық арасында "төртінші билік" аталатын бұл салада тіпті журналистиканың мәнін түсінбейтін жандардың жүруі қынжылтады.

Алдымен мамандардың жетіспеушілігіне тоқталып өтейік. Бұл мәселенің бірден-бір себебі - жалақының аздығы мен жұмыстың көптігі. Ақпарат жинау, өңдеу, шынайылығын тексеру, халыққа жеткізу - журналист міндеті. Алайда 2019 жылғы көрсеткіш бойынша Қазақстан журналистінің орташа жалақысы 80-100 мың аралығы. Халық пен үкімет арасында алтын көпір аталатын жандар еңбегі жоғары бағалануы тиіс деп ойлаймын.

Менің ойымша, мамандар жетіспеушілігінің тағы бір себебі - сапасыз білім. "Тәрбие тал бесіктен" - демекші, журналист маманын дайындайтын бесік - жоғары оқу орны. Дегенмен, сөздің шындығы, көптеген оқу орындарында сабақ беретін кей үлкен кісілер заманауи журналистикадан бейхабар. Журналистикаға күннен-күнге жаңа техника мен ақпарат таратудың жаңа әдіс-тәсілдері еніп жатыр, сондықтан жасы келген оқытушылар өз заманында алған білімін студенттерге беріп, соның нәтижесінде, студент заманауи журналистиканың не екенін түсінбей кетеді. Әрине, көпті көрген аға оқытушылардың тәжірибесі ауадай маңызды, бірақ практика жүзінде қызмет етіп жүрген маманнан білім алған бөлек.

Тағы бір қарастыратын мәселе - "журналист" атын жамылған өнер адамдары мен блогерлер. Бір өкініштісі - атағы мен лауазымын пайдаланып, шынымен журналист болуға лайықты мамандардың орнын "тартып алуы". Журналистің басқа сала мамандарынан айырмашылығын білесіз бе? Нағыз журналист бейтарап болады. Бұл - оның ерекшелігі. Блогер өз ойын білдірсе, әнші бір жақты қолдар, ал журналист ақты ақ, қараны қара деп, фактпен сөйлейді.

Қазіргі бір түсініксіз жағдай - журналистика факультетін бітіргендердің бәрі журналист болып кете алмайды. Неге математиканы оқыған адамның мектепте математика пәнінің мұғалімі болуға мүмкіндігі бар? Неге журналистика бәрін құшақ жая қарсы алмайды?

Қазақ журналистика тарихындағы ауыз толтырып айтуға лайықты оқиға - 2021 жылы ҚР Парламент Сенатының отырысында "журналист мәртебесі туралы заң қабылдау қажет" деген депутат Нұртөре Жүсіптің ұсынысы. "Төртінші билік" ұғымы тек халық арасында емес, заң жүзінде бекітіледі деген үміт барлық БАҚ өкілдерінің жүрегіне ұялады.

Қорытындылай келе, қазақ журналистикасы әлі де даму үстінде екенін аңғаруға болады. Журналист мәртебесін көкке көтеретін де, құздан құлататын да халық. Көпшілік журналист қызметінің маңызын түсінсе деймін. Өкінішке қарай, журналист мәртебесі "жаңалық окитын адам" мен "сұхбат алатын адам" арасында тұрып қалды. Бұл мәселелерді шешу үшін БАҚ қызметкерлерін заңнамалық деңгейде қорғау, қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ету жане білікті кадрлар дайындау қажет.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Асемай Макуова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Несие тарихы: «қара тізімнен» шығуға бола ма?

Материалда несие төлемі кешіккен жағдайда туындайтын мәселелер, банктер ұсына алатын төлем жолдары және қарызды өтеу тәртібі қарастырылады.

Асемай Макуова 3 мин 28 оқылым
Жалпы рубрика

Білім бақытқа апара ма?

Мәтінде білімнің адам өміріндегі орны, материалдық және рухани танымның арақатынасы, ақпаратты ой елегінен өткізу мен бақыт туралы ой қозғалады.

Асемай Макуова 1 мин 32 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым