Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Журналистикадағы телехабарламалардың тақырыптарының прагматикасы

Автор

Айбол
2 мин оқу 56 оқылым

Қазақ тілінде бұқаралық ақпарат құралдары мәтіндері әуелден зерттелініп келе жатыр. Соның ішінде мерзімді басылымдар, радио мен телехабарламалар тілі ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастырылып, әртүрлі ғылым саласының зерттеу нысанына айналды. Қазақ тіл білімінде теледидар тілінің стилі, тіл тазалығы, олардың тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктері, ұлт тәрбиелеудегі қоғамдық рөлі жөніндегі мәселелерді М.С.Серғалиевтің зерттеу мақаласында көре аламыз.Г.Машинбаева телехабарламалар тілін функционалдық, прагматикалық тұрғыдан қарастырып, арнайы зерттеді.

Теледидар – ХХІ ғасырдағы адамзат өмірін рухани әрі материалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін құндылық. Әрбір қоғам мүшесі өзіне қажетті ақпаратты қысқа мерзімде бұқаралық ақпараттық құралдардан алып отырады, екіншіден, елдің тілін, ділін, оның қоғамда жүргізіп отырған саясатын, идеологиясын, таратуда теледидардың маңызы зор.

Бұқаралық ақпарат құралдарының басты мақсаты – халық пен үкіметті байланыстыру, үндеу; тыңдаушыны жаңалықтармен қамтамасыз ету, ақпарат тасымалдау; халыққа өтімді эстетикалық-этикалық тәрбие беру. Осы қызмет түрлері теледидар, радио, газет-журналдарға, тіпті, кейінгі жылдары пайда болған әлеуметтік желілерге де тән. Теледидар газет, радиодан кейін өмірге келсе де, қазіргі кезде ол солардың әрқайсысымен бір қатарда тұрған және БАҚ-та кездесетін ерекшеліктердің бәрін өз бойына жинақтаған синтезделген өнер түрі [5].Қазіргі ғылым тарихында телехабарламалар тілі философия, психология, стилистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивті лингвистика салаларында жан-жақты талданып, әртүрлі аспектіде зерттелініп келеді.

Телехабарлар тілінің зерттелуін қарамас бұрын, «теледидар» сөзінің шығу тарихына тоқталуды жөн көрдік. «Телевизия» сөзі 1900 жылғы 18 тамызда ІV Халықаралық Париж көрмесі аясындағы электротехникалық конгресте жария болды. Оны ойлап тапқан әрі ғылымға енгізген орыс инженері Константин Дмитреевич Перский «Қашықтықтан көру жайында» атты өзінің француз тіліндегі баяндамасын «телевизион» деген сөзбен бастаған. Бірқатар шетелдік тарихшыларды бұл жағдай, яғни «телевизия» сөзінің авторы жалғыз Перский екенін еріксіз мойындатуға мәжбүр етті. Содан бастап жаңа термин күні бүгінге дейін жер бетінің біраз тілдерінде қолданылып келеді

қарастырудың қазіргі таңда маңызы зор. Өйткені теледидардың басты қызметі – халыққа ақпарат беру. Яғни сөйлеуші мен тыңдаушының арасында қандай да бір ақпарат алмасады. Сөйлеуші тарапынан баяндау, хабарлау, жауап алу, сипаттау, т.б. Ал көрермен тарапынан бағалау, пікір білдіру, таңқалу, мұңаю, шаттану, мақтану секілді прагматикалық факторлар тілде көрініс береді. Сондықтан да телехабарлар тілі прагматикалық тұрғыдан зертетуді әлі де қажет етеді. Біз осы зерттеу жұмысымызда телехабарлар тіліне таным-түйсігіміз жеткенше жан-жақты талдау жүргіздік, нәтижесі сөз мәдениетінің одан әрі дамуына оң әсерін тигізеді деген сенімдеміз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айбол

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Құлаққаптың жасөспірімдерге пайдасы мен зияны

Қазіргі таңда ұялы телефон кез келген адамда бар және құлаққаппен әуен тыңдау барлығының күнделікті өмірінің бөлігіне айнала бастады. Мектеп оқушысынан бастап, жасы үлкен адамдарға дейін. Құлаққаппен әуен тыңдаған…

Айбол 73 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы

Материалда қазақтың музыкасы мен өнері, салт-дәстүрлерінің мәні және олардың жастар өміріндегі орны сөз болады.

Айбол 33 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин