Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Журналистикадағы этика

Автор

Бақыт Нұрай
2 мин оқу 33 оқылым

Бақыт Нұрай

Журналистика - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі, биліктің 4­‑ші иесі. Ол қоғам пікірінің қалыптасуы барысында маңызды рөл атқарады. Алайда, бұл маңыздылықтың артында үлкен жауапкершіліктің жатқандығын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан, журналистикадағы этика шындық үшін шырылдап, ақиқат үшін айқасқан әрбір маманның қаруына айналмақ.

Журналистикадағы этиканың негізгі принциптерінің бірі – біржақтылық. Журналист оқырмандарына оқиғаны баяндай отырып, оның еш тұсын жасырып яки жалған айтып қалмауын ескеруі керек. Көптің талқысына түсер міселені бір жақты ғана ұсынатын және оған қолдау табуды мақсат ететін маман жардан құлап, сөз шындығы зардап шегеді. Журналистикадағы этика: жан­‑жақтылықты талап етеді.

Ақпаратты бұрмалау – журналистикада кездесетін тағы бір мәселе. Оқырмандардың назарын аудару яки қаралым санын арттыру мақсатында фактілерді бұрмалап, оқиғаларды асыра сілтеп көрсету. Журналист маман бұл әрекетімен оқырман сезімін бұзып қана қоймай, журналистиканың тәуелсіз, әрі әділетті ақпарат көзі ретіндегі абыройына нұқсан келтіреді. Сол үшін мақала жарияламас алдын оның шынайылығы мен нақтылығына аса зер салған жөн.

Дереккөздердің құпиялылығы мен құқығын қорғау журналистикадағы этиканың маңызды аспектісі болып табылады. Журналисттер өз ақпарат көздерін қорғап білуі тиіс, себебі ақпарат кесірінен ертеңің қандай баян аларын ешкім білмейді. Дереккөздердің құпиялылығы қоғам қаперіндегі сөз бостандығы мен ой шындығына ықпал етеді, сондықтан маман иесі бұл бостандық үшін күресуге даяр болуы керек.

Жаңа технологиялардың дамуымен журналистикадағы этика одан да өзекті бола түсуде. Әлеметтік медиа, блогтар мен мақала жариялауға арналған платформаларда ақпарат көзін тарату, жекешіл оймен бөлісу неғұрлым оңайлады. Бүгінде кез-келген адам фактілер мен этика нормасын сақтамай “журналист” атана алады. Осыған байланысты жаңа ғасыр журналисті әділеттілігі, фактілермен жұмыс істей алулығы, этиканың сақтауымен ерекшелене алғаны жөн.

Жаңа заманымыздың қарсаңында интерактивті журналистика өзінің биік белестеріне қол жеткізіп жатыр. Жасанды интеллект журналисттерге күрделі оқиғаларды көрнекі және түсінікті тұрғыда түсіндіруге мүмкіндік жасайды. Бірақ оқиғалардың бұрмаланбауы мақсатында осы сынды жүйелерге аса ұқытылықпен қарау ұсынылады.

Және, журналистика адам құқықтары мен сөз бостандығын қорғауда елеулі рөл атқарады. Өз пікірін ашық елекке сала алмайтын, пікір бостандығын қалыптастыра алмайтын адамзаттың панасына, екінші дауысына айналады. Нағыз журналист өміріне төнуі мүмкін қауіпке қарамастан шындық шырылына дайын болуы қажет.

Осы факторларды ескере отырып журналистикадағы этика мамандықтың ажырамас серігі, қоғамның сенімі деп ауыз толтырып айта аламыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бақыт Нұрай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Журналистика – арманымның айқын көрінісі

Автор журналист болуды бала күнгі арманымен байланыстырып, маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі, ақиқатқа адалдығы және репортаж бен сұхбатқа қызығушылығы туралы ой қозғайды.

Бақыт Нұрай 32 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин