Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Журналистика - идеологиялық ілім.

Жаркынай Баккумек
1 мин оқу 26 оқылым

Өзіміз білетіндей, журналистика ілімі төртінші биліктің қатарына қосылады. Ол дегеніміз, бұқара халық пен билік арасындағы көпір деген ұғымды білдіреді. Журналистика - қоғам айнасы, ел тұрмысының, хәл-ауқатының көрінісі.

Идеологиялық ілім және халықлен байланысты қоса отырып, шығармашылық тұрғыдан қызмет ететін сала. Журналист қызметі жылдан-жылға өрістеуде. Бүгінгі таңда идеологиялық маңызды күшке ие.

Журналист әлемдік мәдениетті, маңызды қоғамдық қозғалысты игереді. Бұл да шығармашылық пен саясаттың ерекшелігі. Қазіргі өркениеттің маңызды түркісі.  Журналист қызметі дамуының тарихи тәжірибесі әр елде әр түрлі.

Журналист мамандығы - адам қызметінің жоғарғы өрісі. Журналистердің басқалар сияқты кәсіпке байланысты тілдері мен көркем сөздерінің жиынтығы бар, олар сөздің тиімділігімен ерекшеленеді, айтатындарын нақты стилдер жүйесінде халыққа жариялап отырады. Сондықтан мамандықтың ішінде журналистер - ерекше публицистикалық, стилді, көпшілікке бағытталған, сөз өлшемі мен мәнерді қатар тұткан, ақпаратты халыққа көзбен көргендей жеткізіп, авторлық және қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді шынайы түрде қозғай алатын мамандар.

Журналистика абыройлы, халықтық қызмет. Әуелі халықтың жағдайын ойлайтын, ылғи бұқараны жақтап, оның игілігіне қызмет ететін сала. Ел-жұртты белсенділікке шақырып, басты мәселелерді көтеруге, оның шешімін табуға ықпалын тигізеді. Өзекті мәселелерді көтеріп, оны билік басындағы құзырлы органдарға жеткізе отырып, әділ шешімін табуға көмектеседі. Халық жанында жүріп, оның игілігі үшін әрекет ететін болғандықтан, журналистика қоғамдық-саяси маңызы бар сала. Осыған сәйкес, журналистика халықтық сипатқа ие болады, халықты жақтайды, қорғайды, заңдық тұрғыдан, әлеуметтік тұрғадан қолдау көрсетеді.

Қорыта айтқанда, журналист болу үшін үлкен жүрек пен өткірлік керек. Көзге көрінген мәселелерді тап баса айта алып, билік басындағыларға қаймықпай  жеткізе алуға қабілетті болуы қажет.  Әрдайым халық жағында болып, игілігі үшін әрекет етуі керек. Таңдаған кәсібі халықтық екенін, халықтың жанашыры екенін бір сәт естен шығармауы тиіс.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жаркынай Баккумек

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

"Ақшадан қорқу": Кедейлік психологиясы деген не?

Материалда кедейлік психологиясының белгілері, оның адамға ықпалы және ойлау дағдыларын өзгертіп, одан арылуға көмектесетін қадамдар сипатталады.

Жаркынай Баккумек 3 мин 37 оқылым
Жалпы рубрика

"Латын графикасына көшудің себептері"

Мәтінде латын графикасына көшудің себептері, 1926 жылғы Баку жиынында көтерілген жазу мәселелері және түркі ғалымдарының пікірлері баяндалады.

Жаркынай Баккумек 4 мин 81 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым