Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жүрекке жылу сыйлаған аялы алақан

Жанатова Айнаш Слямбековна
1 мин оқу 49 оқылым

Жүрекке жылу сыйлаған аялы алақан

«Өмірдің бір қызығы – бала деген»

Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Қай халық болмасын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. «Отан отбасынан басталады» - демекші, осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып біріге aтсалысса, aлар асуыдың биік болары сөзсіз. Aлайда, әртүрлі себептермен ата-аналарынан айрылған  балаларды тәрбиелеу үшін  жауапкершілігі жоғары жүк қамқоршыларға жүктелген.  «Қамқорлық» дегеніміз адам бойындағы  мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Қинaлған жандарға  аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, көмектесу,  жанашырлық көрсету, жылы жүректілікті  білдіреді.

Елімізде тәуел­сіздік жылдарынан бас­тап балал­арды қорғау шаралары кешен­ді түрде қарастырыла баста­ды. Бүгінде Қазақстан Республикасы бала құқық­тарын сақтау бойынша заңна­малық тетіктерді жолға қой­ған ел. Бала құқықтарын қор­ғау саласында мемлекеттік орган­дар, халықаралық ұйымдар мен үкі­мет­тік емес секторлар біріге жұмыстар атқаруда . Бұл әсіресе ба­ла­ларды зорлық-зомбылық­тан қорғау, әлеуметтік әлсіз отба­сы­лардағы балаларға материал­дық көмек, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала­ларға қолдау көрсету сияқты іс-ша­раларда айқын көрінуде.

Aлақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, бақыт сыйлау бәріміздің борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір- бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық! Балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықылас пен аялы алақандарын созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандары үшін қамқоршыларға алғысымызды білдіреміз. Бала – бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болсын! Бес түлейтін бал­дыр­ған – ертең ел туын желбіретер ер! Ел ертеңіне қамқор болайық!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жанатова Айнаш Слямбековна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 43 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 158 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым