Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жүрек пен ниет тазалығы

Bilimger Media
1 мин оқу 59 оқылым

Жалпы, өмірде ненің ақ, ненің қара екенін анық білсек те, кімнің ақ, кімнің қара екенін біз шешпейміз. Бəріміз де адамбыз ғой.  “Басқа пəле тілден" , " Он пəленің тоғызы тілден" деген мəтелдерді жиі естиміз де,айтамыз да, бірақ оған мəн бермей, ойымызға оралғанды айтып та,жазып та жүре береміз. Артынан барып “қап" деп сан соғып қаламыз.

Біреуді біреу асты-үстіне түсіп мақтап жатса, бəріміз де соған еріп, мақтай саламыз, немесе керісінше біреуді біреу жер-жебіріне жетіп жамандап жатса, біз де соған еріп даттай саламыз. Олай істеу оп-оңай ғой. Жамандықты жасырып, жақсылықты асырудың орнына, біреудің мінін тергенге, тырнақ астынан кір іздеуге, түймедейді түйедей етуге бір табан жақын тұрамыз. Оны тағы адамбыз ғой, өмір ғой деп жуып шаямыз.  Сонда адамшылдық қайда қалды?             "Біреуге күйе жағу үшін де,өзің де күйе болуың керек" деген  сөз бар.

Тағдыр тарықтыра да, жолықтыра да, толықтыра да алады. Ал осының бәрінің орындалуы тек тағдырға емес, адамдағы ниет пен пейілге байланысты. Өйткені пейілің тар емес кең болып, ниетің толыққан таза болса, неге жақсыларға жолықпасқа?!                                                                     Айтпағым, жақсыны жақсы деп жантаю немесе жаман деп алыстап жатырқау емес, жүрекке мән беру. Яғни адамдағы ең маңызды, көп нәрсеге себепші нәрсе әрине ол - жүрек. Жүрек таза болса пейіл де, ниет те, адамның өзі де көп нәрседен таза болатыны xақ. Тек кейде пендешілікке жауып, құштарлық пен іштарлық сезімдерінің ығынан шыға алмай қалатынымыз болмаса, қалғаны түгел. Ең бастысы жүрегімізді мөр баспасын!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 147 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым