Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жұмысшы газеті

Дарын
2 мин оқу 71 оқылым

"Жұмысшы" - қазақ жұмысшыларына арналған тұңғыш мерзімді басылым.

1928 жылдың мамырынан 1929 жылдың мамырына дейін Қызылорда қаласында, осы жылдың қыркүйегінен 1930 жылдың тамызына дейін Алматыда жарық көрген. Таралымы 11 мың дана болған. Газетте шет елдердегі жұмысшылар қозғалысы, Кеңес Одағында және Қазақстанда болып жатқан жаңалықтар, өндіріс жайы, жұмысшылар тұрмысы жан-жақты жазылған. Басылым оқырман хаттарын жариялап, әр түрлі сауалдарына жауап жазып, қазақ жұмысшыларының ой-санасын оятып, мәдени-білім дәрежесін көтеруді мақсат еткен. "Жұмысшы" газетінде Ә.Байділдин, Ә.Айсарин, О.Беков, Б.Майлин, Е.Малдыбаев, Қ.Әбдіқадыров, М.Боранбайұлы, Ә.Тәжібаев, С.Мұқанов, Қ.Тайшықов, А.Тоқмағамбетов, Ж.Сыздықов, І.Құрамысов, Ж.Тілепбергенов, Е.Калымбетұлы, тағы басқа қаламгерлердің әр түрлі жанрдағы шығармалары жарық көрген.

«Жұмысшы» газеті. 1928 жылы 1 мамырда Қызылорда өлкелік партия комитеті мен кәсіподақ советінің атынан «Жұмысшы» газеті шыға бастады. «Жұмысшы» газеті көлемі үлкен форматты, төрт бет болып «Еңбекші қазақ» газетінің жанынан шығарылды.

«Жұмысшы» газеті еңбекшілердің қамын ойлап,оларға шын жөн сілтеуші, кеңесші болуды мақсат етті. Адамдардың ұжымдық еңбекке бірігуіне, партия қатарына өтуіне көп көңіл бөлді. Жергілікті жерлерде кәсіподақ еңбек шарттарының орындалуын қадағалап, кеңес орындарының жұмысына көмектесті.

Газет қазақ жұмысшыларының санасын оятып, білім көтеру мақсатымен «Сұрақ-жауаптар» бөлімін ашты. Онда жұмысшылардың білгісі келген жайларына жауап-түсінік беріп отырды. Кәсіпшілер одағы деген не, оған мүше болу жайы қалай екенін үнемі насихаттап отырды.

«Жұмысшы» газеті өзінің бірінші бетінде шетелдердегі жұмысшылар қозғалысын, екінші бетінде жергілікті жерлердегі жұмысшылардың ісін, жай-күйін баяндады. Үшінші беттегі «Хабар-ошар» бөлімінде Кеңес елінде болып жатқан жаңалықтарды үзбей жазып отырды. Ал «Денсаулық жайы» деген бөлімінде газет түрлі аурулар, одан сақтану, оны емдеу жолдары жөнінде консультациялар ұйымдастырылды. Газеттің бір үлкен бөлімі «Жастар тұрмысынан» деп аталды.

Темірбек Қожекеевтің «Жұмысшы шаруа газеттері» атты еңбегінде «Жұмысшы» газеті қазақ, орыс жұмысшыларының арасында достық қатынас орнату үшін белсене күрес жүргізгені айтылған.

Қ.Аллабергеннің «Тарих және баспасөз» атты кітабында «Жұмысшы» газеті Қызылордада 1930 жылға дейін шығып тұрғаны жазылған. Бұл уақыт­тың ішінде ол бұрын өнеркәсібі болмаған Қазақстанда жаңа өнеркәсіп салаларының көптеп ашылуына, онда қазақ жұмысшыларының санының көбеюіне байланысты, олардың мәдени-білім дәре­же­сінің өсуіне ат салысты. Республикамызда маман жұмысшы кадрларының даярлауға қолқабыс етті.

Бексұлтан ДАРЫН

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.aqmeshit_aptalygy

2.wikipedia

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Дарын

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 149 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым