Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жұмбақтар сайысы

Автор

Айбергенова Гауһар Айбергенқызы
4 мин оқу 549 оқылым

Тақырып: Жұмбақтар сайысы
Мақсаты: 1.Оқушылардың ойлау шапшандықтарын дамыту
2.Сайысқа деген қызығушылықтарын арттыру
3.Ұжымшылдыққа, қамқор болуға тәрбиелеу.
Жұмбақ - ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған.
Жұмбақ – қарым – қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер. Олай болса осы сайысымыз арқылы өз өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
- Балалар, өздерің түсінгендей бүгінгі сабақ сайыс сабақ түріне өтеді. Сайысқа қатысуға екі топ келіп отыр. Олар өздерін таныстыра жатар. Енді осы екі топқа әділ бағаларын беретін әділқазы алқаларымен танысайық:
Тәрбие жөніндегі орынбасар Жаңабаева Айсұлу
Кітапханашы Сүлейманова Дина
Көрнекілігі: Интеративті тақта.
. Сайыстың өту барысы.
«Жұмбақтар сыр шертеді» атты сайысымыз мынадай бөлімнен тұрады.
І кезең. Таныстыру
2 кезең. Сөзжұмбақ шешу.
3 кезең. Кім жылдам?(Әр топқа жаңылпаштар айтылады соны жылдам қайталап айту)
4 кезең. Үй тапсырмасы (Үйден дайындап келген жұмбақтарын жасырады.)
5 кезең. Сурет жұмбақ (қай суретте өзгеріс барын айту)
6 кезең. Әріптер жұмбағы.
7 кезең. Сандар жұмбағы.
8 кезең. «Ойна да ойла ( суреттегі бейнені қимыл - әрекет, ым - ишарамен топ басшысына түсіндіру.)
Сайысқа қатысушылар «Алғырлар», «Тапқырлар» тобы болып екіге бөлінеді.
Енді топ мүшелерімен танысуға көшейік. (әр топ - топ аты, ұраны және сәлемдесуімен таныстырады.)
Алғырлар
Ұраны: Жарыс десе жанамыз, Білекті бірді жығады,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. Білімді мыңды жығады.
Тапқырлар
«Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.»
Сәлемдесу:
Қиындықтан қашпаймыз. Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз Көрсетеміз бізде қандай күш барын,
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз, Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз. Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
2. Бөлім: Сөзжұмбақ шешу.(Алғырлар тобына)
Ж
Ұ
М
Б
А
Қ
1. Төрт түліктің бірі.(жылқы)
2. Не көрсең көзін аш?(бұлақ)
3. Тышқанның жауы.(мысық)
4. Араның қорегі.(бал)
5. Періште не көрсе жолдан таяды?(алтын)
6. Тамақ ішетін құрал.(қасық)
2. Сөзжұмбақ (Білгірлер тобына)
Ж
Ұ
М
Б
А
Қ
1. Тауық жүнінен жасалатын зат (жастық)
2. Әже айналдыратын таяқ (ұршық)
3. Жеті қазынаның бірі (мылтық)
4. Қанаты бар ұшпайтын судағы құс (балық)
5. Көктемнің бірінші айы. (наурыз)
6. Мысық Мақтақызды несін төкті? (қатық)
3 «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай оқушы жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол оқушы жеңіске жетеді.
Асан бақша жақтан.
Ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан.
Басқарақ асқабақ әкелді.
Қондық жаңа қонысқа,
Қалың екен жоңышқа.
Қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!
Жабайы маралдар бар,
Араларында жаралы маралдар бар.
Шалшық, балшық,
Балшық, шалшық,
Балшықтан ал шық
4 Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы бөлімінде екі топ бір - біріне үйден дайындаған жұмбақтарын жасырады.
5 Өмірде жоқ, Өңірде бар.
Ауырда жоқ, Жеңілде бар (ң әрпі)
Дыбысы жоқ өзінше, Тынысы жоқ өзінше,
Қатаңдатып жіберер, Өзге әріпті көзіңше (Ъ белгісі)
Қос аяққа ұқсаған.
Тізесінен тұсаған (А)
6. Бөлім. Сурет жұмбақ
Қатар тұрған қос қазық ,
Қол ұстасқан достасып (Н)
Топ сақина секілді
Оң бүиірі кетілді (С)
Жалғыз таяқ болып тұр
Төбесінде доп тұр (І)
Әріп десең бүйірі тоқ,
Сан десең салмағы жоқ(О)
ә.Сан жұмбақ
Ала шапан киініп
Қарбыз жатыр үйіліп
Қарбыздарды шетінен
Санап шықтым екіден
Бесеу болды жұп саны
Нешеу болды түп саны (10)
Алдында үш балапан
Артында үш балапан
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын ,балақан (8)
Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане ,кім тез шешеді(5)
Талдан ұшты топ торғай
Емес бірақ көп торғай
Алдында оның бастаушы
Артында төртеу қостаушы
Ойың жуйрік болса егер
Торғай нешеу ,есепкер (5)
Жаңа ғана шалғында
Алты бұзау жүр еді
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі
Нешеуі енді жайылып
Жүргенін айт ,айырып? (5)
Тал басында
Тізіліп
Он жапырақ тұр еді
Жел соқты да
Үзіліп
Ұшып кетті біреуі
Ізінше оның
Жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі (4)
Табақта бес алма
Қолымда 2 алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?
Бір алма атама
Бір алма апама
Нешеуін алады,
Нешеуі қалады? (5)
4.Сөзжұмбақ шешу
5.Санамақ.
7.Кел ,санайық,санайық,санайық та табайық
Ойын бастаушы;Жаңа ойынды көрейік ,ойын аты санамақ
Санап талдап берейік,әрбір атты даралап.
Ал,санайық,санайық,ретіменен әдепкі
Құралдарды табайық,құрылысқа қажетті.
Балалар;
Балта,балға,бұрғы,егеу,күрек,сүргі,қашау,зембіл,ара,қайрақ,қалақ,қайла.
-Тоқта қайта сана
Жә,жә,жетті ,қанша болды бәрі?
Балалар;12 болды саны.
Ойын бастаушы;
Ойын шартын жаңалап,тағы ойнайық санамақ
Енді аң мен құстарды ,түгендейік саралап.
-Бүркіт,елік,үкі,қарға,құлан,түлкі,барыс,бұғы,тартар,шымшық,бұлбұл,арқар
Балалар;12 болды барлығы.
-Ал санайық,санайық мақсат мынау ондағы
Ағаштарды табайық,көпшілікке белгілі.
-Қарағай,қайың,шырша,үйеңкі,емен,арша,самырсын,терек,алма ағаш,долана,жиде,қарағаш,шие.
Балалар;13 болды бәрі.
Ал,санайық,санайық, интернаттағы қыздарды
Дильназ,Жұлдыз,Айдана,Әйгерім, Инабат,Жайна,Ағырке,Мөлдір,Бану,
Таңшолпан,Сымбат,Мерей,Жанат,Әдемі,Гүлдана.
Балалар;15 болды барлығы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айбергенова Гауһар Айбергенқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Тәрбие сағаты

Жеңіс күні

Жеңіс туы желбіре» тәрбие сағатының мақсаты мен барысы ұсынылған. Материал оқушыларды Отанды сүюге және қазақстандық жауынгерлердің ерлігін құрметтеуге тәрбиелейді.

Айбергенова Гауһар Айбергенқызы 536 оқылым 7 мин
Ашық сабақтар

Жақсыданүйрен, жаманнан жирен.

Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке баулитын тәрбие сағаты. Өлеңдер, мақал-мәтелдер мен көрініс арқылы жақсы мен жаманды ажыратуға үйретеді.

Айбергенова Гауһар Айбергенқызы 423 оқылым 3 мин
Тәрбие сағаты

СПИД-XXI ғасыр дерті

Тәрбие сағатында АИТВ мен ЖИТС туралы түсінік, АҚТҚ-ның жұғу және жұқпау жолдары, ауру белгілері мен қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек баяндалады.

Айбергенова Гауһар Айбергенқызы 465 оқылым 6 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин