Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жұмбақ айта білеміз. Ж дыбысы мен әрпі

Карагулова Жайнагүл Жайлыбайқызы
2 мин оқу 838 оқылым

Карагулова  Жайнагүл Жайлыбайқызы

ҰОҚ нің мақсаттары 0.1.1.1.Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу және сөзсіз жеке айту.

0.1.1.2.Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар)ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.2.2.Тыңдалған материал негізінде қарапайым  сұрақтарға жауап қайтару.

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап береді.

Ж дыбысы-дауыссыз дыбыс, ж дыбысының айтылуын  дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі  ж дыбысының орнын ажыратады.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады.

Ж дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ж дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолына ж әрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Ж дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс Ресурстар
ҰОҚ нің басы

0-2мин.

Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз

Жайнай түсті гүліміз

Қайырлы күн, қайырлы күн!

Қайырлы күн достарым!

Қайырлы күн қонақтар!

-Балалар көңіл күйлерің қалай?

-Ендеше жақсы көңіл күймен оқу қызметімізді бастайық.

 
ҰОҚның ортасы

3-27мин.

-Бүгін біздер жаңа дыбыспен танысамыз. Ол үшін мен сіздерге жұмбақ жасырамын.

1. Санымыз қанша білмейміз,

Түнімен көз ілмейміз.          (Жұлдыз)

2. Дамыл таппай бір мезет,

Жортумен жүр сұр .... .    (Көжек)

3. Жасыл боп жыпырлап өнеді,

Сары боп үзіліп түседі.          (Жапырақ)

-Балалар осы жұмбақтардың  шешуінің бастапқы дыбысы қандай дыбыстан басталған?

Дұрыс Ж дыбысы. Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ж дыбысы мен әрпі»

-Қане барлығымыз айтып көрейікші ж- ж –ж. Ж дыбысы қалай айтылып тұр?  (қысқа, кедергімен)

-Ж дыбысы ұяң дауыссыз дыбыс, оны қандай үйге кіргіземіз? (көк)

-Балалар бізде сиқырлы әліппе бар. Кәне, Сиқырлы әліппені тыңдайықшы

- Осы бейнетаспадан қандай сөздер естеріңде қалды? Тағы қандай сөздер қосасыңдар? «Ашық микрофон» әдісі

Топтық жұмыс

І топ: Атауында Ж дыбысы бар  суреттерді Ж әріпіне сәйкестендіру.

ІІ топ: Сөздерді суретпен сәйкестендіру

ІІІ топ: Буыннан сөз құрау

ІҮ топ: Бес  жолды өлең құрастыру.

 «От шашу»  әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.

Сергіту сәті.

Ж дыбысының таңбасы неге ұқсайды?  (Көбелекке ) 

Көбелекке кәдімгі

Қарасаңыз анықтап,

Жаны бар Ж ұшып жүр,

Жапырақша қалықтап.

Әліппе дәптермен жұмыс,  Ж әріпін баспа түрін  жазады. Алдымен ауада жазып көрсетіледі.

Бір,екі, үш

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

«Балық қаңқасы» әдісі  арқылы  балалар

1 буынды, 2 буынды сөздерді ажыратады.

«Жұлдызшамен» бағалау

Бейнетаспа

Бейнетаспа

микрофон

Суреттер

Әліппе дәптер

Плакат

ҰОҚның қорытындысы.

Рефлексия

     28-30мин.

Бекіту сұрақтары:

-Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

- Ж дыбысы қандай дыбыс?

- Оны кандай түсті текшемен белгілейміз?

- Бүгінгі сабағымыз ұнадыма сендерге?

Егер сабақ ұнаса саусағыңды сыртылдат,

Егер сабақ ұнаса аяғыңды тарсылдат.

Егер сабақ ұнаса шапалақта балақай,

Егер сабақ ұнаса айтайықшы тамаша!

Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.

Жасыл түс -бәрін түсіндім, достарыма түсіндіре аламын

Сары түс - түсіндім, бірақ айтып бере алмаймын

Қызыл түс - ештеңе түсінбедім

 

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Карагулова Жайнагүл Жайлыбайқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым