Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 2 235 оқылым

Дюсупова Нурбике

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:Жақсылыққа ұмтылу, адамгершілік пен имандылық, ізгілік, сенім, мейірімділік.

Мақсаты:

Жақсы тілек, сенімінің айнала қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру.

Ішкі сенімдерін дамыту; Ізгілікке тәрбиелеу

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халықта, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан,күнделікті адамдармен қарым-қатынасынан бойына сіңіреді. «Адамгершілігің төмен болса әділетті бола алмайсың»-деген екен Вовенарг

  1. «Жұлдызым менің жоғары»

Тақырып бойынша пікір алмасу сұрақтары:

- Қалай ойлайсыз үлкендер неліктен жұлдызым жоғары болсын деп неге айтқан?

- Өз жұлдызыңыз қандай деп ойлайсыз?

- Адам жұлдызы жоғары болу үшін не істеу керек?

- Әр адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Біздің ұлттық мінезіміз қандай?

  1. Шығармашылық жұмыс

«Жұлдызым менің жоғары» тақырыбына эссе жазу

  1. Видео: «Жақсылық өзіңе қайтып келеді» (көрсетілімді көрсетіп балалардың пікірін тыңдау)
  1. Сергіту сәті: караокемен ән айту
  1. Постер құрау

Кешірімді болу: кек сақтамау, кез келген жағдайда да ұстамды болу

Сөйлесе білу:  Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзді дұрыс, орынды қолдану керек, сөйлегенде дауыс ырғағына да мән беру керек

Әділ болу: ізеттілік, айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту

Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді.

Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Оқуға немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Имандылық: Иманды адам дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

  1. Тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Авторы
Дюсупова Нурбике

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 62 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 238 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 151 оқылым