Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жоғары білімнің өзектілігі

Асем
1 мин оқу 28 оқылым

Кеше ғана мектеп бітірушілер бірыңғай ұлттық тестілеуден өтті. Жоғары балл жинап қуанғандары да, әттеген-айлап өкініште қалғандары да бар. Балаларының тілеуін тілеп сыртта сағаттап тапжылмай күткен ата-аналардың толқынысын сөзбен айтып жеткізуге болмас. Осының бәрі не үшін? Жоғары балл жинап, мемлекеттік грантпен оқуға түсу үшін.

Жоғарғы білімді жұмыссыздар

Жоғары білім алып, жұмыссыз жүрген жастар қатары жыл санап өспесе, кемитін түрі байқалмайды. Неге десеңіз, жоғары білім беретін оқу орындары біздің елімізде басқа елдермен салыстырғанда біршама көп екен. Көптеген пысықайлар ақша табудың сенімді жолы деп жоғары және арнаулы орта оқу орындарын ашып алған. Бір ғана Көкшетауда екі университет пен Астана қаласының бірнеше жоғары оқу орындарының филиалдары бар. Осы оқу орындарын жыл сайын мыңдаған жас мамандар бітіріп шығады. Олардың көп болса, 30-40 пайызы ғана өз мамандықтарына сай жұмыс тапса, қалғандары жұмыссыздар санын көбейтеді.

Мемлекет басшысы өзінің өткен жылғы жолдауында қазіргі қолданыстағы мамандықтардың жартысы енді бес-он жылдан кейін қажетсіз болып қалады дегенді айтқан еді. Қазіргі қарқынды даму бүгін қолданыста жүрген жалақысы мол мамандықтардың көбінің керексіз болып қалуын туғызатынын түсіну үшін данышпан болудың еш қажеті жоқ.

Осы орайда, ертең қажетсіз болып қалатын немесе оқу бітірген соң жұмыссыздар қатарына қосатын жоғары білім алудың қажеттілігі бар ма? –деген сауал туындайды. Қазір әлемдегі ең бай адам болып саналатын Гейтс, Баффет сияқты алпауыттардың жоғары білімдері жоқ екен. Олар жоғары білімсіз-ақ сонша дәулетке ие болып, мыңдаған адам жұмыс істейтін компанияларды басқарып отыр.
Панабаева Асем

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Асем

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мен сүйіп таңдаған журналистика

Автор бала кезден қызыққан журналистика саласын не себепті таңдағанын, болашақ тілшіге қажет қасиеттерді және халыққа сапалы ақпарат жеткізу мақсатын баяндайды.

Асем 2 мин 68 оқылым
Балабақша

«Сыбайлас жемқорлық-қоғам мәселесі»

Мәтінде сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен экономикаға зияны, заңды сақтау және әр адамның жемқорлыққа қарсы күрестегі жауапкершілігі баяндалады.

Асем 2 мин 21 оқылым
Жалпы рубрика

Мобилизация:соғысқа бармай қайтқандар

Ресейдің бірнеше өңірінде мобилизацияланған азаматтардың қаза болғаны туралы мәліметтер мен ресми түсініктемелер жинақталған.

Асем 1 мин 26 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым