Мазмұнға өту

Мен сүйіп таңдаған журналистика

Асем 2 мин оқу 67 оқылым

Тлеубердина Асем

Мамандық таңдау-әр адам өмірінде уақыт пен жауапкершілікті талап ететін маңызды қадамдардың бірі. Сол секілді мен де өмірімдегі маңызды қадамдардың бірін өзім сүйген журналистика саласын таңдаумен бастауды жөн көрдім. Журналистика-өз бойында бірнеше саланы біріктіре қамтитын, қызығы мен қиындығы қатар жүретін ғаламат мамандық түрі. Шыны керек, күллі халықты өзіне қаратып, тек өзіне сендіре отырып баурайтын бұл мамандық кез келген адамды өзіне еліктіре алады. Сол секілді бала кезден мені өзіне баурап алған журналистиканы өзімнің болашақ мамандығым ретінде таңдауым бекер емес.

Расыменде балалық шақтан бұл мамандықты сүйетін мен, журналистиканы қастерлі мамандық деп танимын. Менің журналистика мамандығына қызыға қарап, оны сенімді түрде таңдауыма бірнеше себептер түрткі болды.Атап айтсақ, соның бірі бұл саладағы мамандардың алғырлығы мен жан-жақты болуға құлшынысы. Бүгінгі күннің өзінде бұл сала қоғамның нақ келбетіне айналып отыр.Журналистика халыққа ақпарат беру арқылы қоғамның санасын қалыптастырып, ойын өзгертуге ықпалын тигізетін ақпарат құралы. Тілшілердің бүгінде қалам тербемеген саласы қалған жоқ. Бұл саланы таңдаушылар қашанда даму мен ізденіс үстінде болғандықтан, олардың өмірі қашанда түрлі жаңалықтарға толы. Мені де еліктіре әкеткені осы болды. Жүрегі тулап,әрдайым жаңашылдықты қалап тұратын мен үшін, бұл саланың сөзсіз тура келетіндігіне еш күмәнім болмады.Іздемпаздық,еңбекқорлық,жан-жақтылық пен түрлі саладан хабардар болу менің қолымнан келетініне кәміл сенімді болдым.Осылайша болашақта журналистика саласымен өмірімді байланыстыруға бел будым. Осы мамандықты таңдай отырып, халыққа  сапалы ақпарат жеткізіп, қоғам мен БАҚ арасындағы алтын көпір болу алдағы бес-он жылда менің негізгі қызметіме айналатынына сөзсіз сенімдімін.Бұл салада тек мықтылар шыдап,ептілер шыңдала түседі.Осыған орай өз өмірімде шыңдала отырып, алғыр тілші болуды мақсат еттім.

Журналистика саласын таңдаушы адам ретінде, мен бұл мамандықтың болашақта да бүгінгідей маңызы зор болатынына сенімдімін.Халыққа ақпарат беруші бұрынғының газет-журналы да,қазіргі таңдағы бұқаралық ақпараттар жүйесі де осы журналистикаға тәуелді.Ақпарат көздерін анықтап, зерделеп, оны халыққа жеткізу тікелей журналисттер құзырында.Сол себепті де мен өзімнің болашақ мамандығымды оты өшпей, керісінше мәңгі лаулайтын сала ретінде танимын.Ал дәл осы өшпейтін оттың лаулай жанатын ұшқынына айналу менің басты арманым.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Асем

Автордың басқа материалдары

Балабақша

«Сыбайлас жемқорлық-қоғам мәселесі»

Болманова Асем Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде теріс әсер етеді, сонымен қатар мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуына қауіп төндіреді, мемлекетіміздің экономикалық және ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор…

Асем 20 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Мобилизация:соғысқа бармай қайтқандар

Мобилизацияланған сарбаздың бірі 27 қыркүйекте көз жұмғаны белгілі болды. Звездный ауылының тұрғыны Борис Шаваев Кабардин-Балқарда, әскери базада сапқа тұру кезінде жүрек талмасынан көз жұмған. Қыркүйектің 28-і күні…

Асем 25 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Жоғары білімнің өзектілігі

Кеше ғана мектеп бітірушілер бірыңғай ұлттық тестілеуден өтті. Жоғары балл жинап қуанғандары да, әттеген-айлап өкініште қалғандары да бар. Балаларының тілеуін тілеп сыртта сағаттап тапжылмай күткен ата-аналардың…

Асем 28 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин