Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жоғарғы оқу орындарының ертеңі

Айтқали Ернар
1 мин оқу 39 оқылым

Қазақстанда бар 132 жоғары оқу орнының 65-і жекеменшік. Халық арасында университеттерді қысқарту жұмысы алдымен жекеменшік ЖОО-лардан басталатыны туралы болжам бар. Негізі, бұл тұжырымның жаны бар. Мектеп оқушылары арасында жақсы көрсеткіш көрсеткен түлектер жеке оқу орынын таңдайды ма жоқ әлде мемлекеттік пе? Жауабы айдан анық. Демек, жеке университеттер арасында қорқыныштың болуында негіз бар.

Жекеменшік ЖОО-лар арасында рейтинг бойынша алда келе жатқан М.С.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ ректоры Талғат Мақсұтұлы - «18 миллион халыққа 130-дан аса ЖОО тым көп, сондықтан қалайда қысқарту керек деген пікір айтады. Жалпы жоғары оқу орындарын қыскарту мәселесінде қай бағытты ұстанған дұрыс? Мәселен жекеменшік бола тұра, мемлекеттік университеттерден жоғары білім сапасын көрсетіп жүрген жоғары оқу орындары да бар.  Дәлел ретінде келтіре кетейік, «Қазақстанның үздік гуманитарлық-экономикалық ЖОО ұлттық рейтингі – 2019» аталымында жоғары көрсеткіштерді иеленген «Болашақ» Қарағанды академиясы, «Тұран-Астана» университеті - жекеменшік жоғарғы оқу орындары. Сонда сапасына емес, статусына қарай қысқарту орынды ма? Қарапайым мысал ретінде Сүлеймен Демирел атындағы университетінің көрсеткіші - Қазақ ұлттық университетінің көрсеткішімен теңдес деуге келеді.

Осы мәселе жайлы министр Асхат Аймағамбетов: «Қазір Президенттің Жолдаудағы тапсырмасына сәйкес арнайы тексерістер жүргізіліп жатыр. Бір нәрсе анық: біздің алдымызда осыншама ЖОО-ны жабу туралы қатып қалған меже жоқ. Басты талап – сапалы білім. Сол үдеден шыққаны қалады, қалғаны қысқарады» - Деген мәлімдеме жасады.

Жалпылай алғанда жоғарғы оқу орындарының қысқартылуы - сапасына байланысты болуы шарт. Әйтсе жақсы білім беруші оқу орындарын бекерге жауып тасталуы мүмкін. Анығында, нағыз әлсізді анықтау күрделі тексерісті және лайықты зерттеуді талап етеді. Қысқарту қалай жүргізілсе де, әділдікпен жүргізілгені дұрыс.

Орындаған: Айтқали Е.

Тексерген: Әлміш Ж. Т.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айтқали Ернар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым