Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жіктеу есімдіктері

Есимова Айжан
5 мин оқу 489 оқылым
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Сөз таптары

Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ

Сынып: 4 «д»

Мұғалімнің аты-жөні: Шайзада Манаргүл

Пән: қазақ тілі

Қатысқандар: 22

Қатыспағандар: 2                                               

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдіктері
Осы сабақта қол жеткізілетін  оқу мақсаттары: Жіктеу есімдіктерінің ерекшелігін ұғындыру, есімдік зат есім, сан есім, сын есімнің орнына  қолданылатыны туралы алған білімдерін практикамен ұштастыра білуге машықтандыру.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:
Жіктеу есімдіктерін атап, мысалдар келтіреді.  Сөздерді үш жақта жіктей алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Жазбаша және ауызекі сөйлеу тілінде жіктеу есімдіктерді орынды қолдана біледі. Есімдіктердің қай жақта тұрғаынын айтады.  Жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрастыра алады
Кейбір оқушылар:
Есімдіктердің қай сөз табының орынына жұмсалып тұрғанын дәлелдеп береді.
Бағалау критерийі
Ø  Жіктеу есімдіктері жайлы түсініктері қалыптасады.

Ø  Жіктеу есімдігінің қай жақта тұрғанын біледі.

Ø  Есімдіктердің қай сөз табының орнына қолданылатынын анықтап дәлелдей алады.

Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:

Есімдік сөздерді жіктеп айтады.   Диалогқа түсу арқылы сөздік қоры дамиды.

Құндылықтарға баулу Әдептілік, еңбек сүйгіштік, ынтымақтастық.
Пәнаралық байланыс Дүниетану, әдебиеттік оқу.
АКТ қолдану дағдылары Бейнеролик
Бастапқы білім Есімдік жайлы алғашқы ұғымдары қалыптасқан
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар және бағалау
Сабақтың басы. І Психологиялық ахуал

Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгілік достармыз

Біз мәңгілік біргеміз

Елбасымыздың «Еліміздің келешегі білімді ұрпақ» деген сөздерін ұран етіп ала отырып «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар» дегендей, бүгінгі сабағымыз есімдік деп аталатын бөлімшенің көмегімен  жіктеу есімдігі туралы білімімізді толықтырамыз.

Топқа бөлу

Сынып оқушыларын зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөздері арқылы топқа бөлу.

Бұл сөздерде ортақ ұқсастық не? (сөз таптар)

ІІ Қызығушылық-ты ояту. Үй тапсырмасын сұрау «Бос орындық» әдісі Тақта алдына 5 орындық қойылады. 4 орындықта сұрақтар жазылған қима қағаздар. Бір орындық бос тұрады. 5 оқушы шығып орындықтарға өз еріктерімен таңдап отырады. Әркім отырған орындықтағы сұрақтарға жауап береді. Бос орындыққа отырған оқушы жалпы тақырып бойынша өз ойын айтады.

1.     Сөз таптарын ата.

2.     ЕСІМДІК дегеніміз не? Сұрақтары.

3.     Есімдіктерге мысал келтір.

4.     Есімдік сөздерге сөйлем  құра.

Дескриптор:

1. Сөз таптарын атап береді.

2. Есімдік ережесін, сұрақтарын айта алады.

3. Есімдік сөздерге мысал келтіреді.

4. Есімдік сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.

5. Есімдікке байланысты қосар ойын айтады.

Қалыптастырушы бағалау: Шапалақтау арқылы бағаланады.

Сөз таптары жазылған қима қағаздар.

Орындыққа қойылатын қима сұрақтар.

Сабақтың ортасы.

Сергіту сәті

Сабақтың соңы

Бағалау

Үйге тапсырма

ІІІ “Миға шабуыл “ әдісі арқылы бейнеролик көрссету.

Сіз деген – сыпайылық,

Сен деген  -  анайылық.

Біз деген – көмек,

Сіз деген — әдеп, — дегендей, әдептілік пен сыпайылық туралы бейнебаянды тамашалайық. Көрініс: Пікір алысу.

-         Сен ата – анаңа сіз деп сөйлейсің бе, әлде сен деп сөйлейсің бе?

-  Ата – анаңа, үлкен кісіге қалай сөйлеу керек?

-  Ал достарыңа «сен» деп сөйлейсіңдер. Ол әдепсіздік болып есептеле ме?

- ортақ бір істі шешу үшін күш біріктірсек онда бұл іс кімге ортақ дейміз?

- Бізге

Есімдік сөздерді атату. Жақтық ұғымын айту.

Дескриптор:

1.Есімдіктерді таба алады.

2. Есімдіктердің жақтық ұғымын айта алады.

Қалыптастырушы бағалау: белсене қатысқан оқушыларға смайликтер беру.

ІV Мағынаны тану «Ой қозғау»

Тапсырма №1  ауызша жұмыс.

Оқулықпен жұмыс. 8 жаттығу

Ø Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ø Есімдіктерді тап, оларға сұрақ қой.

Дескриптор:

1.     Өлеңді мәнерлеп, қатесіз оқиды.

2.     Есімдіктерді тауып, сұрақ қояды.

3.     Жіктеу есімдіктерінің ерекшелігін, ережесін айтады.

Ереже: Мен,біз,сен,сіз,ол сөздері  жіктеу есімдіктері деп аталады.Жіктеу есімдіктері жіктеледі,септеледі.

Қалыптастырушы бағалау: белсене қатысқан оқушыларға смайликтер беру.

Тапсырма №2 дәптермен жұмыс.

Дәптерге күннің атын жазу. Көркем жазу,

9 – жаттығу:  Көп нүктенің орнына тиісті жіктеу есімдіктерінің бірін қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.

Есімдіктердің  қай жақта тұрғанын айт.

Дескриптор:

1.     Әдемі әрі қатесіз жазады.

2.     Есімдіктердің қай жақта тұрғанын айта алады.

Қалыптастырушы бағалау: белсене қатысқан оқушыларға смайликтер беру.

№3 тапсырма. Топтық жұмыс «Топпен талқыла»

1 топ- сөйлемдегі қарамен жазылған сөздерді жіктеу есімдіктерімен алмастыр. Не үшін жұмсалып тұрғанын дәлелде.

2 топ- жіктеу есімдіктерін қатыстырып 6 сөйлем құра.

3 топ- сөздерді топтастыр. Неліктен солай топтастырғандарыңды дәлелдеңдер.

4 топ- мәтіннен жіктеу есімдіктерін тап. Жіктеу есімдігінің орынына қандай сөздерді алмастыруға болады?

Дескриптор:

1. сөздерді жіктеу есімдіктерімен алмастыра алады.. Не үшін жұмсалып тұрғанын дәлелдейді.

2. жіктеу есімдіктерін қатыстырып сөйлем құрайды.

3.  сөздерді топтастырады. Неліктен солай топтастырғандарын дәлелдейді.

4. мәтіннен жіктеу есімдіктерін табады. Жіктеу есімдігің орынын басқа сөз табымен алмастыра алады.

Қалыптастырушы бағалау: Топтар бір – бірлерінің жұмыстарын тыңдап, «Бағдаршам » әдісімен бағалайды.

«Үрленген қуыршақ»

ІVОй толғаныс

№4 тапсырма. «Кім тапқыр?» ойыны.

Әр топ жіктеу есімдігі бар кем дегенде үш мақал-мәтел ойлап айту.

Дескриптор:

1-    Жіктеу есімдігі кездесетін мақал-мәтелдер тауып айтады.

2-    Мақалдың мағынасын ашып түсіндіре алады.

Қалыптастырушы бағалау: Өзін –өзі бағалау «Басбармақ» арқылы

№5 Тапсырма 15 жаттығу. «Ойлан, жұптас, талқыла».

Жұмбақты оқы. Шешуін тап.

Ø Есімдіктерді тап. Олардың қайсысы жіктеу есімдігі?

Ø Жіктеу есімдігінің орнына қай сөзді қойып айтуға болады.

Дескриптер:

1. Есімдіктерді таба алады. жіктеу есімдігін ажырата біледі.

2.Жіктеу есімдігінің орнына үйлесетін сөзді қойып айта алады.

Қалыптастырушы бағалау: Өзін –өзі бағалау «Басбармақ» арқылы

Сұрақ- жауап  әдісі

Не үйрендік? Не білдік?

Жіктеу есімдігі деген не?

Дескриптор:

1.     Сабақта алған білімдерін айтады.

2.     Жіктеу есімдігінің ережесін айт алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Үш шапалақ»

Смайликтер саны мен сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағаланады.

176-178 б.Ережелерді қайталау.

16– жаттығу.

 
Кері байланыс «Баспалдақ»  арқылы сабаққа рефлексия жасалады.

Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады.

 
Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті  оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Жіктеу есімдіктерінің орынын басқа сөзбен алмастырып, дәлел келтіре алады.  

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

АКТ қолдану барысында сергіту сәті кезінде қауіпсіздіктің сақталуы күтіледі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Есимова Айжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мақтанышым – Астанам Ермек Өтетілеуұлы.

3-сыныпқа арналған сабақ жоспарында оқушылар Ермек Өтетілеуұлының «Мақтанышым – Астанам» өлеңін оқып, талдайды және шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Есимова Айжан 6 мин 676 оқылым
Бастауыш сынып

Заттар қандай болады?

3-сыныптағы жаратылыстану сабағында оқушылар заттарды шығу тегі мен агрегаттық күйі бойынша жіктеп, денелердің қандай заттардан жасалатынын түсінеді.

Есимова Айжан 5 мин 656 оқылым
Жалпы рубрика

Жазбаша көбейту және бөлу

3-сынып математика сабағына арналған жоспар. Оқушылар екі және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолданады.

Есимова Айжан 5 мин 475 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 62 оқылым